• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

Еуразияға ашылған мыңжылдық қақпа

398 рет
көрсетілді

Мен көрген Алматы өте әдемі қала, әсіресе, жазда. Іле Алатауының етегінде орналасқан шаһардың кез келген жерінде тұрып, басың­ды көтерсең, шыжыған шіл­де­де де ұшар басын мұз бас­қан тауларды көресің. Ала­тау шатқалдарынан асау­ла­на аққан мұздай су Ал­маты ауа­сын салқындата сар­қы­райды. Мұнан да бөлек, 130 ұлттан құралған шаһар­дың тату тұрғындары сияқ­ты, қаланы көмкерген жайқалған ағаштар оның ажарын аша түседі. Айтқандай, дәл осы жол­дарды мен аяқталған жылда Корея­да корей, ағылшын, жапон, қытай тілдерінде күн са­йын жарық көретін «Аджу Бизн­ес Дейли» халықаралық іс­кер­лік газетінде жаздым да. Осы мақалам 2016 жы­лы 24 қарашада корей тілін­де жарық көрді. Енді ма­қалам­ның мазмұнын бұзбай, Қазақ­стан­дағы ең таралымы үлкен газетке елші ретінде достық ниетпен ұсынып отырмын. Мұндай сұлу сипатты, ше­жі­­р­елі Алматы тәуелсіз Қа­зақ­­­­стан мен жаңа тарих­т­ың куә­лігі іспеттес. Қазақ­стан бұ­ған дейін де екі рет аста­на­сын ауыстырған. Қазақ АССР-інің тұңғыш астанасы Қызыл­орда болса, 1927 жылы бұл статус Алматы қаласына көшіпті. Қазақстан 1991 жы­лы тәуел­сіздікке қол жет­­­кіз­­г­еннен кейін, аймақ­тар­ды бір­келкі дамыту мақ­сатын­да елордасын қазіргі Астана қала­сына ауыстырған. Алай­да, Алматы әкімшіліктік қала дәрежесінен айырыл­ғаны­мен, бұл мемлекеттің мә­де­ни және қаржылық-эко­но­ми­калық орталығы сана­лады. Оңтүстік мегаполистің 1 мил­­­­­­лион 700 мың тұрғыны бар, Қа­зақ­станның ІЖӨ-нің 22 пайы­зын береді. Рес­пуб­лика бойынша сауда-сат­тық көлемінің 41 пайы­зын құрайды. Алматыда қаржы­лық институттардың 90 па­йы­зы орналасқан. АҚШ, Ре­сей Федерациясының, ҚХР, Гер­мания елдерінің Бас кон­сул­дықтары да осында. Аса бе­делді БҰҰ, ЕҚДБ, ЮНЕСКО, БҰҰДБ, ХВҚ, ЕҚЫҰ, АӨСШК сияқты ха­лық­­­ара­лық ұйымдар­дың кең­­­се­­­лері де Алматыда орналасқан. Мен қала көшелерімен жиі қыдырамын. Соңғы уақытта мұндағы электрон­дық табло­лар­дан, авто­бус­тардан, тіпті кіші­гірім дүкен әйнек­тері­нен де Алматының жаңа логотипін жиі көзім шалады. Онда 1000 саны мен Алатаудың келбеті, қызыл алма, Күн шапағаты сияқты атрибуттар бейнеленгенін көріп жүрмін. Кейіннен білгенім: бұл лого­тип ең үздік нышан ретінде «Ал­м­аты­ның 1000 жыл­ды­ғы» бай­қауында үздік атан­ған екен. Осы байқаудан бастау алған бұл шаһардың 1000 жылдығы ЮНЕСКО көле­мінде кеңінен атап өтіл­ді. Қала әкімшілігі осы халық­аралық ұйыммен бірігіп, тамаша мерейтойлық шара­лар ұйымдастырды. Бұл – мере­кенің тарихи мәні өте жоғары. Қазақстан өз тәуелсіз­ді­гі­не қол жеткізгеннен ке­йін тарихын қалпына келті­ріп, әдебиеті мен мәде­ние­­тін зерт­теп, мемле­кет тұтас­ты­ғы­на сәйкес­тен­діруге көп күш-қуат, қара­жат пен қажыр жұмсады. Нәти­жесінде 2014 жылы «Алматы Халықаралық мәдени форумында» бірінші қарар қабылданып, яғни Алматының жасы тура­лы ЮНЕСКО атына Үн­деу жазылды. Келесі жылы-ақ ЮНЕСКО аясында 2016 жылы атап өтілетін мерей­той­лық даталарға Алматының 1000 жылдығы қосылды. Әрине, қалалардың дәл жасы қашанда даулы мәсе­­ле. Бірақ Алматының жай­лы климаты мен гео­гра­фия­лық орналасуына қа­рап, мұнда әлімсақтан, ежелгі замандардан-ақ адам­дар өмір сүргенін түйсі­не­сің. Және мұны біздің дәуі­рімізге дейінгі VII ғасыр­лар­да осы жерде өмір сүр­ген скифтердің тарихи зерт­теу­лері де дәйектейді. Оған қоса, 1969 жылы бір топ қазақ ғалымы Есік қорғанынан Алтын адамды тапқан. Бұл ал­тын киімді адам сол за­ман­дардағы мәдениеттің жар­қын айғағы. Сол сияқты Ұлы Жібек жолы бойында, яғ­ни Кіндік Азияда, Еуразия ор­та­лығында дамыған ежелгі мәдениеттің болғаны даусыз. Ғалымдардың мәлім­деуін­ше, Х ғасырдың өзін­де мұнда майда өндіріс, әкімшіліктік басқарма, сауда-саттық пен мәдениет, қала­ның қызметтік құры­лы­мы болған. Демек, бұл Х ға­сыр­дан бастап ХІ ғасырдың соңына дейін Қазақстанның оңтүстік-шығысында және Түркістан аумағында дәуір кешкен Қараханид әулеті кезінде Алматы шаһары болды деген сөз. Алайда, мұны айғақтайтын тарихи құжат­тық деректер аз болған­дықтан, тура 2016 жылы Алма­тыға 1000 жыл болады деп айту қиын. Сондықтан қа­зір ғалымдар қаланың жа­сын әлі де зерттеуде. Демек, қаланың жасы мың жыл­дан да тереңде болуы бек мүмкін. Ал қазіргі заманауи Ал­маты 2012 жылдан бері дәс­түрлі түрде «Халықара­лық инновациялық форум» өткізіп келеді. Мақсат – қала­ның дамуына Орталық Азияның назарын аударып, Алматыны әлемдік орталықтардың біріне айналдыру. Өзім де V инно­вациялық форумға қатыс­тым. Мендегі осы қала­ға деген құр­мет оның дамуы­на, әлемдік деңгейдегі қалаға айналуына, бизнес пен өмір сүруге жайлы болуға үлесімді қоссам деген құлшынысымды оятты. Алматы Еуразияның оазисі ретінде биыл өтетін Уни­­версиада мен Астанадағы ЭКСПО-дан кейін әлем назарын өзіне аударады. Жаңа Жібек жолы бойында Еуропа мен Азияға ашылған алып қақпа ретінде өз орнын ай­шық­тай түсетініне сенемін. ЧЖОН СЫНГ МИН, Корея Республи­касы­­ның Алматы­дағы Бас кон­сул­ды­ғының бас консулы АЛМАТЫ