• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Прокурорлар алаяқтарға алданбау жолдарын атады

349 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы өзінің ресми сайтында алаяқтардың құрбанына айналмаудың амалдарын ұсынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Жалпы, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолы қайсы? 1. Үйдің есігін бейтаныс адамдарға ашпау, тіпті олар арнайы қызмет, полиция, емxана, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері деп таныстырса да, алдымен міндетті түрде телефон арқылы олардың дәл сол органдардан келгенін мұқият анықтап алыңыз; 2. Егер сіздерді көшеде бейтаныс адамдар сөзге тартуға тырысса, асқан сақтық танытыңыз. Олардың ұсыныстарына келіспеңіздер, өз үйлеріңізге ол кісіні еш  шақырмаңыздар; 3. Тіл, көз тиюден арылтып, болашақты болжаймын деп келген адамдармен араласпауға тырысыңыз, бұл - сенгіш адамдардың қаражатын иемденіп кетудің жақсы амалы; 4. Сіздің туысыңыз немесе танысыңыз әлдебір қиындыққа тап болды және оны алып шығу үшін ірі сома керек деген ақпаратқа еш сенбеңіз; 5. Сыйлық ойнатылатын ойындарға, жүз дертке шипа дәрі-дәрмектерді, құрылғылар мен арзан заттарды сатып алуға көнбеңіз; 6. Айыппұл төлеу және коммуналдық төлем жасар алдында түбіртекті мұқият тексеріңіз; 7. Банк карточкасын бұғаттау туралы ақпаратты тексерген абзал, ол үшін тек банк бөлімшесіне қоңырау шалу жеткілікті; 8. Егер сізді алдайтынын сезсеңіз, полицияға xабарласудан ұялмаңыз,  - сізге міндетті түрде көмектеседі. Қазақстанда алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес осы қылмыс үшін олар жауапқа тартылады. Алаяқтық үшін берілетін ең жоғары жаза - бас бостандығынан 10 жылға дейін айыру. Алаяқтықтың негізгі принципі - өзі құрбан етіп отырған адамды алдау, сол арқылы өзіне ақша, мүлік, басқадай нәрселердің құқын ерікті түрде бергізу болып табылады.