• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2017

Майбұршақтан пайда мол

730 рет
көрсетілді

Түгін тартсаң майы бірге шыға­тын Жетісу жерінде берекесін тасыта өнетін өнімнің бірі – май­бұр­шақ. Құнарлы топырақта өзін­дік құрамын толық сақтай өсі­рі­летін майлы дақылға рынок сұранысы жылдан-жылға арту­да. Сондықтан Алматы облысы, Көксу ауданы, Теректі ауылында Индус­трияландыру картасы шең­берінде майбұршақ сығу зауытының негізі қаланып, 2012 жылы «Уыз Май Industry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылған еді. Рас, алғашқы жылдары жете көңіл бөлінбегендіктен өндіріс ор­ны тасбақа аяңмен жұмысын жүр­гізе берген. Бірақ уақыт тала­бы­­на сай өңірдегі шаруа қожа­лық­­тары майлы дақыл себетін а­л­қап­тарын үлкейткен сайын өнім бере­келілігі артты. Зауыт алға­шын­да 2 млрд теңгеге жуық қара­жат­қа Қытай елінде жасалған май сы­ғатын қондырғыны әкеліп іске қос­қан еді. Қалай десек те, тех­ни­ка­ның аты техника емес пе. Құдай сәтін салып жүріп берді. Нәти­же­сінде былтырғы жылы 4675,7 млн теңгеге 4469 тонна то­­лық майлы майбұршақ, 3272 тон­­на майбұршақ майы, 20333 тон­­на майбұршақ шроты осы өн­д­іріс ор­нынан шығарылды. Негіз­гі тұ­тыну­­­шылары Алматы қала­сын­дағы «Апель Агро», Өскемен құс фаб­рикасы, Шығыс Қазақстан о­б­лы­сын­дағы ұн тартатын құрама­жем комбинаты, Петропавл қала­сын­дағы бройлер фабрикасы болып табы­лады. Аталған ұжымдармен заң­нама талабына сай келісімшарт жасалған. «Жыл сайын 36 мың тонна майбұршақ өнімін өңдеп, сату­дамыз. Майбұршақ майының бір тоннасын – 300 000 теңгеге, ал шрот­­тың әр тоннасын 200 000 тең­геге бағалаған. Жалпы, зауы­­ты­­мыз­­дың қуаттылығы бір жыл­да 60 мың тонна өнім өңдеу­ге жетеді. Бірақ шикізат жетіс­пей­ді», деді «Уыз Май Industry» жауапкершілігі шектеулі серік­тес­тігі директорының орынбасары Қанағат Босқанов. Қалдықсыз өнім түрі болып сана­латын майбұршақтан бар­лығы 18 пайыз май сығылып алы­нады. Одан қалғаны құс, ірі және ұсақ малдарға арналған жем өнімі – майбұршақ шроты деп аталады. Майбұршақ шроты­ның 100 грамында 40 пайыз ақуыз, 15 пайыз майлылық сақта­ла­тын­дық­тан, арнайы дайындалатын құс азы­­ғының 30-35 пайызын май­бұр­шақ шроты құрап, қалғанына өзге дәнді дақылдар қосылады. Мұн­­­дай жеммен қоректенетін брой­­лер балапандары 35 күнде өсіп, же­ті­ліп, пайдалануға дайын болады. «Уыз Май Industry» ЖШС-нің жалпы инвестициялар көлемі 2010 жылы 315 млн теңге болса, екін­ші кезеңде бұл сома 502,3 млн тең­геге көтерілді. Жылдан-жылға салы­на­тын қаражат көлемі өскен са­йын қуаттылығы да артып, 2010 жыл­ғы 16 мың тоннадан былтыр 36 мың тоннаға жетіп отыр. Өндіріс ор­нын­да тұрақты жұмыс орнымен қам­тыл­ған 120 адамның орташа ай­лық жалақылары 75 мың теңге деп нақ­тыланған. Ал кәсіпорын дамуы­ның үшінші кезеңінде өсім­дік майын дезодорациялау және рафи­над­­тау желісін іске қосу, төртін­­ші кезеңінде маргарин және спред шығаратын желіні іске қосу, бесін­ші кезеңде томат сықпа­сын шы­ға­ра­тын зауытты іске қосу белгіленген. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы