• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2011

Наталья ДЮГАЙ: «Трендтер өзгеруі мүмкін, бірақ басқару шеберлігі тұрақтылықты сақтауда»

573 рет
көрсетілді

Валюта нарығындағы соңғы кездегі ахуал жұртшылықты күнде­лік­ті ауа райы немесе баға динамикасы туралы мәселеден кем тол­ғандырмайды. Қолма-қол шетел валютасына сұранысты қандай факторлар айқындайды, қандай әлемдік валюталар нарықта белсенді қолданыста, олардың таза сатылуы қандай. Бұл мәселелер – Ұлттық Банктің құзыретіне жатады. Біз оларды бүгін ҚР ҰБ Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің директоры Наталья ДЮГАЙМЕН талқылаймыз. Әр маусым өз алдына – Наталья Николаевна, халықтың доллар сатып алу­ды артық көретіні баршаға мәлім. Долларға сұраныс маусымға байла­ныс­ты ауытқып тұра ма және оның на­рық­тағы үлесі қандай? – Доллар, сөз жоқ, сатылатын басқа ва­лю­талардың ішінде басымдыққа ие. Өткен жылы қолма-қол шетел валютасын таза сатудың ай сайынғы өсімі 30-150 млн. долларды құрады, мұндағы доллардың үлесі – 80%. Республикада қолма-қол валютаға сұраныс­тың әр кезде де сақталып келгендігін атап айту қажет. Мұны 1997-2010 жылдар аралығындағы кезеңде қолма-қол шетел валютасына сұра­ныс­тың маусымдық сипатын көрсеткен таза сату көлеміне жасалған талдау растайды. Бұл ретте, әр жылдың бірінші тоқсанынан бастап айыр­бас­тау пункттерінің жыл аяғында ең жоғары көр­сеткішке қол жеткізе отырып, шетел валю­тала­рын таза сатуы тоқсан сайын өсіп отырады. 2007 және 2009 жылдар ерекшеленеді. Бұл ең алды­мен жыл аяғына қарай тауарлар импор­тының өсуіне, шетелге сапарлар санының ұлға­юына, сондай-ақ жеке тұлғалардың бір бөлігін жинақ мақсатында шетел валютасын сатып алуға жіберілетін қосым­ша кіріс алуымен тікелей байланысты. – 2007 және 2009 жылдарда бұл үрдіске не әсер етті? – Бұл кезеңдер валютаға сұраныстың өсуіне себепші болған 2007 жылғы тамыздағы, 2009 жыл­ғы қаңтардағы және шілдедегі экономикада болған әлі ұмытыла қоймаған оқиғалардың салда­рынан маусымдылықтың жалпы динами­касына «сыймайды». Республиканың валюта нарығының бүкіл даму тарихындағы тоқсандық таза сұра­ныс­тың шыңы негізінен тамыздағы дүрбелеңді сұ­ра­нысқа байланысты 2007 ж. 3-тоқсанда байқалды. Халықтың осы айдағы таза сатып алуы респуб­ли­каға әкелінген шетел валютасын декларациялауға байланысты уақытша проблемалар себебінен 1,8 млрд. долларға жуық құрады (1-сурет). 2009 ж. 1 және 3-тоқсандарының басында ха­лықтың осы тоқсандарда алдыңғы кезең­дегіге қарағанда неғұрлым жоғары таза сатып алуларына себепші болған айқын девальва­ция­лық күтулер орын алды. Айырбастау пункттерінің жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сатуы/сатып алуы бойынша деректерді талдау 1997-2010 жж. қолма-қол шетел валютасын таза сатудың ди­на­микасы дүрбелеңді сұранысқа себепші болған ең жоғары көрсеткішті кезеңдерді қоспағанда, жыл сайынғы тұрақты экспоненциалды өсу үрдісіне ие болғандығын көрсетті.   Трендтер және ең жоғары көрсеткіштер – Жаңа девальвацияны күту бір жа­ғынан, ал екінші жағынан мұнайдың және қазақстандық экспорттың басқа тауарлары бағасының қайта өсуіне байланысты валю­талық түсімдер көлемінің өсуі кезінде өткен екі жылдағы сату динамикасы қандай бол­ды? – 2010 жылы қолма-қол валютаны таза сату динамикасы айырбастау пункттерінің жыл сайын­ғы жалпы сату картинасына сәйкес келеді және тұтастай алғанда алдыңғы кезеңдерден айыр­ма­шы­лығы жоқ. Осы жылдың 3-тоқсан­дағыны қос­па­ғанда, алдыңғы тоқсанмен салыс­тырғанда кө­ле­мі бойынша 2007 жылғыдан кейінгі екінші секіріс байқалды. Бұл өсу қазанда да жалғасты, бұл рет­те қыркүйекпен салыс­тыр­ғанда таза сату 100 млн. долларға өсті және 1 239 млн. долларды құрады. 2009 жылғы қазанда қыркүйектегімен са­лыс­тырғанда таза сату 68 млн. долларға азайды. Бұл доллардың 2009 ж. қарашада өз шыңына жеткен әлемдік нарықтардағы әлсіреуімен түсіндіріледі. Осы кезеңде мұнайдың әлемдік бағасы өсті, бұл валюта ағынына себепші болды, соның салда­рынан теңгенің нығаюына да алғышарттар жа­салды. Резервтік валюта ретінде доллардың по­зи­циясының жойылуына қатысты жарыссөздер күшейді және осындай жағдайларда қазан – қараша айлары үшін дәстүрлі болып табылатын транзакциялық сұраныстың орны 2009 жылы бұған дейін, дүрбелеңді сатып алу кезеңінде жинақталған жинақ ақша есебінен жабылғанын жоққа шығаруға болмайды. Нәтижесінде 2009 жылғы қарашада айырбастау пункттерінің қолма-қол шетел валютасын жиынтық таза сату көлемі небәрі 470 млн. долларды құрады, бұл ретте 2005-2008 жылдары осы айларда таза сату көлемі кемінде екі есе жоғары болды. Яғни 940 млн.доллардан төмен емес. Бірақ 2009 жылғы желтоқсанда қолма-қол шетел валютасын таза сату 1 млрд.долларға жуық өсті. 2009 жылғы 4-тоқсанда нарыққа қатысушы­лардың іс-әрекеті негізінен транзакциялық сұ­ранысқа қарағанда, валюталар бағамына қатыс­ты күтулермен айқындалу фактісін биржадағы және банкаралық сегменттегі банктердің АҚШ долларымен операциялары туралы ақпарат рас­тайды. 2009 ж. қарашада банктер алдыңғы айларда Ұлттық Банктен тұрақты сатып алған дол­ларға жоламады: банктердің осы кезеңде бир­­жадағы таза сатуы 2,8 млрд.долларға жетті. Сон­дай-ақ резидент емес банктердің банктер ара­сындағы таза сатуы 2009 жыл үшін қара­шада ең жоғары көрсеткішке – 622 млн. АҚШ долла­рына жетіп, айтарлықтай өсті. Алайда, 2010 жылғы екінші жартыжылдықтағы деректер, 2009 жыл­дағыға қарағанда банктердің нарықтың не­ғұр­лым хабардар және кәсіби қатысушылары ретінде валюталар девальва­ция­сына/ревальва­ция­сы­на қатысты қандай да бол­сын тұрақты күту­лер­дің болуы туралы болжауларына негіз болмайды. Осылайша, 2009 жылғы 4-тоқсан және сол жыл бойына, 2010 жылдың трендтерін талдау үшін ба­ғамдық күтулер соншалықты айқын бо­лып табыл­майтын аса сәйкес келмейтін са­лыс­тыр­малы база болып табылуы ықтимал. Соны­мен қатар қолма-қол шетел валютасына сұра­ныс­тың өсуіне себепші болатын жекелеген жаңа факторлар туындады. Осыған байланыс­ты, 2009 жылғы осындай тоқ­сандардағы және айлардағы көлем­дер­мен салыс­тырғанда 2010 жылы сұра­ныс пен ұсыныстың арақатынасын айқындайтын фактор­лар­ға ден қой­ған неғұр­лым орынды болып табылады. Ықпал ету факторлары – Сұранысқа ықпал етудің қандай фак­тор­лары туралы сөз болып отыр? – Халық тарапынан өткен жылы қолма-қол валютаға деген сұранысқа ықпал етудің бірнеше негізгі факторларын атап өткім келеді. Біріншіден, мен халықтың кірісі деңгейінің өсуін айт­қым келеді. Екінші объективтік фактор – Кеден одағының жұмыс істеуінің басталуы және оған байланысты кедендік заңнаманың авто­мо­биль­дер­дің импорты және «сұр» импорт үшін жеңіл­дік режімін жоюға қатысты өзгерістер. Сондай-ақ халықтың елден тыс сапарларға шығуы саны өсуінің ықпалы елеулі болды. Тағы бір жағдай –жылжымайтын мүлік нары­ғын­дағы қозғалыстың жандануы. ТМД-ның кейбір елдерінде 2010 жыл­ғы қыркүйек-желтоқсанда қолма-қол доллар­ды са­ту­дың өсуін, сондай-ақ 2010 жылғы қарашаға жақын негізгі валютаның көпшілігіне қарағанда доллардың нығаюын естен шығармау қажет. – Халық кірісі деңгейінің өсуі тұтастай алғанда валюталық нарыққа қалай әсер ететіндігін цифрмен көрсетуге бола ма? – 1997 жылдан бастап халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай кірісі 12 есе өсті. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай кірісі 2010 жылғы қарашада 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыс­тырғанда 13%-ға ұлғайып, 38 689 теңге болды, нақты ақшалай кірістер (яғни инфля­цияны ескере отырып) 4,6%-ға өсті. Талдау 2005-2008 жылдары ақшалай кіріс­тердің өсуі кредиттер мен заемдар, оның ішінде ипотекалық кредиттер және автокредиттер тү­рін­дегі валютаны сатып алуға арналған қо­сым­ша ресурстарға байланысты қолма-қол шетел валютасын нетто-сатудың анағұрлым жылдам өсуімен өзара байланысты. Аймақтық бөлуде кірістердің елеулі деңгейі Астана және Алматы қалаларына, ал ең төмен кірістер Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Ресеймен шектес аймақтар және басқа ай­мақ­тар орта республикалық деңгейде тұр. 2003 жыл­­дан бастап барлық аймақтар бойынша айыр­бастау пункттерінің долларды нетто-сатуы бойынша деректермен расталған кірістердің ұлғаюы бай­қалды. Аймақ бойынша 2010 жыл­ғы желтоқ­санда анағұрлым таза сатулар Алматыда (554 млн. доллар), ОҚО (105 млн. доллар), Астанада (104 млн. доллар) байқалды. Алматы және Астанада транзакциялық сұра­ныспен қатар, біздің ойымызша алыпсатарлық сұраныс бар. Ресеймен шекаралас аумақтың үлесі валю­таны сатудың жалпы сомасында – 23%. Шекаралас аумақтарда ақшалай кірістер жоғары емес, бірақ қолма-қол шетел валютасына деген жоғары сұраныс транзакциялық мұқтаждықпен түсіндіріледі. ОҚО-да халық кірісінің төмен деңгейіне қарамастан, жоғары нетто-сатулар бұл аймақтың халқының жоғары санымен, со­нымен қатар көрші Қырғызстан мен Өзбек­стан­нан резидент еместер тарапынан сұраныстың болуымен түсіндірілетіндігін атап өткен жөн. Халық кірісі деңгейінің өсуі сатып алу қабі­леттілігіне, тұтыну көлемінің өсуіне, жинақ ақша­ға әсер етеді. Импортталатын тауарларды жеткі­зушілердің тарапынан үнемі сұраныстың болуы сондай-ақ шетел валютасының, басым түрде АҚШ долларының қатар айналыста бо­луымен қолдау табады. Таза сату мен халық кірісінің динамикасын салыстыру 2005 жылдан бастап халық ара­сын­да бос қаражаттың белгілі бір бөлігін шоғыр­лан­ды­руға қабілетті «жіктің» пайда болған­дығына негіз болып отыр. Бұл тек қолма-қол шетел валютасын сапалы жинақтауда ғана емес, сондай-ақ валюта бағамдарының ауыт­қу­ларынан пайда алу мақса­тын­да болғандығы көрініп отыр, бұл құбылыс 2009 жылдың белгілі бір кезеңдерінде анық көрінді.   Кеден одағының жұмыс істеуі – Кеден одағының қызметі қолма-қол шетел валютасын таза сату көлеміне қалайша әсер етті? – 2010 жылы жазда автомобиль нарығы біршама жанданумен сипатталды, бұл Кеден ода­ғына кірмейтін үшінші елдермен сауда жасауда бірыңғай кедендік тарифтерге көшумен байла­нысты автомобильдердің импортына кедендік баждардың өсуін күтумен байланысты болды. Алайда, жеке пайдалануға арналған авто­ма­шиналарды Кеден одағының басқа елдеріндегі ставкалардан төмен ставка бойынша импорттау мүмкіндігін жасау мақсатында Үкімет Қазақ­станға әкелінетін автомашиналарға 2011 жылғы 1 шілдеге дейін баждарды уақытша төмендету туралы шешім қабылдады. «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобильдерді өткізу мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 682 қаулысына сәйкес 2010 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР-да жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдерді әкелуіне импорттық кедендік баждарды және қозғалтқыш жұмыс көлемінің бір текше сантиметрі үшін 0,35-дан 0,6 еуроға дейін ҚҚС төлеген кезде пайдалану мерзімі үш жылдан он жылға дейінгі автомобильдерді әке­луді көздейтін жеңілдік тарифтер қолданылады. Шетелден автомобильді сатып алуды жүзеге асыратын тұлғалардың ақпараты бойынша же­ңіл­дік режімімен әкелінетін автомобиль аванс жо­лымен төленеді. Осыдан кейін ол 2 айдан 4 айға дейінгі кезең ішінде жеткізіледі. Жеңілдік режімінің 2003 жылдан бұрын шығарылған автомобильдерге таратылатындығын және мұн­дай ав­томобильдердің орташа құны 15 мың АҚШ дол­ларын құрайтындығын ескере оты­рып, 2010 жыл­дың 2-жартысында автомобильді әкелуге бай­ла­нысты қолма қол шетел валю­тасын тек қо­сымша таза сату 2011 жылы әке­лінетін автомобиль­ге алдын ала ақы төлеу туралы сөз қоз­ға­ма­ғанда, 1,5 млрд. доллар жуық болуы (ҚР Кедендік бақылау комитетінің ақпараты бойынша 2009 жылдың 2-жарты­сын­да кәсіпкер жеке тұл­ғалар жалпы сомасы 250 млн. долларға 43105 ав­томобиль әкелді және декларациялады) мүмкін. Автомобильдердің бұдан былай қымбаттау­ын күту сондай-ақ бұрын әкелінген және са­тыл­маған автомобильдерді сатудың өсуіне, сон­дай-ақ азаматтардың қолда бар ескі автомобильдерін анағұрлым жоғары бағаға қайта са­туына әсер етеді. Осылайша, бұл фактор 2010 жылы республикада қолма-қол шетел валютасы нарығына елеулі ықпал етті.   Жылжымайтын мүлік жандануда – Әсер ету факторлары ішінде сіз жыл­жымайтын мүлік нарығындағы жандануды атап өтіңіз. Осыны түсіндірсеңіз? – Шын мәнінде, біз 2010 жылдың жазынан бастап қолма-қол шетел валютасына сұра­ныс­тың өсуі жылжымайтын мүлік нарығындағы жанданумен байланысты болуы мүмкін деп санаймыз. Мәселен, Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 жылғы қаңтар-қыр­күй­екте тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерін тіркеу саны 101151 мәмілені құрады. 2009 жылдың 9 айымен салыстырғанда мәмілелердің саны 17%-ға өсті. Астанада 2010 жылдың 9 айы үшін мәмі­лелердің саны 52%-ға өсті, Алматы бойынша 2009 жылдың 9 айы деңгейінде қалды. Әділет министрлігінің деректері бойынша қыркүйекте сатып алу-сату мәмілелерінің саны республика бойынша 14170 мәмілені құрады. 2009 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда – өсудің төрттен біріне жуық, ал 2010 жылғы тамызбен салыс­тырғанда – өсу 11%-ды құрайды.   Долларға қазақстандық азаматтар да басымдық береді – ТМД-ның кейбір елдеріндегі қолма-қол доллар сатудың өсуі біздің жағдайымызға қа­лай қолданылады? – Халықтың, мен айтып отырған, бос ақша­сын қолма-қол шетел валютасындағы жинақ ақша ретінде және сол сияқты бағамдық айыр­мада кіріс алу мақсатында шоғырландыратын «жі­гі» басқа елдердегі қаржы-экономикалық ахуалды қадаға­лап отырады, онда болып жат­қан өзгерістерді шешімдер қабылдау үшін өзінше «белгісі» деп са­найды. Осы білімдеріне сүйене отырып, олар не­г­ізгі трендтерге түзе­ту­лер енгізуге мүмкіндігі бар. ТМД бойынша көршілердегі ахуалды қарас­ты­райық. Украина. Украина Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2010 жылы банк жүйесінен тыс қолма-қол доллар мен еуроның өсуі 7,3 миллиард дол­ларды құрады. Гривна бағамының тұ­рақ­тануына қарамастан, банктерден валюта­лар­дың әкетілуі өткен жылдың соңғы төрт айында 6,1 млрд. долларға күшейді. Бұл ретте халық­тың валюта сатып алу көлемі желтоқсанда оны сатып алудан асып түсті және өткен жылы рекордтық сома – 1,7 млрд. долларды құрады. Украина сарапшылары экономиканы доллар­лан­дырудың теріс үрдісі жақын арада күшеюі мүмкін деп санайды. Белоруссия. Энергия тасымалдауыштар ба­ға­ла­рының үнемі өсуі, Беларусь-Ресей қаты­нас­тарының күрделі сипатта болуы салдарынан Беларусь халқы ұлттық валютаның тұрақты­лы­ғы үшін жиі қауіптене бастады. Мәселен, 2006 ж., 2008 ж. және 2010 ж. күзінде де осындай көрініс болды. Халық валютаны екі жыл бұрын – девальвация қарсаңында болған кездегідей белсенді сатып алуда және рубльдегі салым­дарын валюталық салымдарға аударуда. Ресейде, Әзірбайжанда да 2010 жылғы 3-тоқ­санда – 4-тоқсанның басында қолма-қол шетел валютасын таза сатып алудың ұлғаюы тіркелді. Валюта нарығында барлығы да құбылмалы – Еуропадағы, атап айтқанда Грекия­да­ғы, Португалиядағы, Ирландиядағы ахуал­дар­дың Қазақстандағы валюталық көңіл-күйге және үрдістерге ықпалы қандай? – Еуропа борыштық дағдарысы инвестор­лар­ды доллар сатып алуға итермеледі. Еуроның 2010 жылғы қазан-қарашада шамалы нығаюын қоспағанда, 2010 жылғы сәуірден бастап және осы жылдың аяғына дейін еуро позициясын жоғалта бастады. Бұл ретте, АҚШ доллары қа­рашада көптеген негізгі валюталарға қарағанда өсті, себебі инвесторлар Еуроаймақтағы және Ко­рей түбегіндегі проблемалардың қайта көте­рі­луіне жауап қатты. Осылайша, сілкініс ке­зе­ңін­де бұрынғыша валюта-қорғаныш ретінде бол­ған доллар Еуропа маңайындағы қауіптену тарапынан, сондай-ақ Корей түбегіндегі шие­ле­ністің ұлғаю тәуекелі тарапынан қолдау алды. – Бүгінгі күні тағы қандай валюталық «қорқыныштар» өзекті болып отыр? – Батыс сарапшылары шетелдік инвестор­лар­дың доллардағы активтерге инвестиция­лар­ды шектейтін АҚШ бюджетінің дефицитіне қатысты өте алаңдап отырғанын атап өтеді. Gold­man Sachs талдаушыларының пікірінше, Еу­­ропадағы борыштық дағдарыс Ирландия, Гре­кия және Португалиядан тысқары тара­майды. Бұл экономикалық өсудің күшеюіне себепші болады және еуроны қолдайды. Тұтастай алғанда валюта нарығы біресе доллардың, біресе еуроның нығаюына қарай ауытқи отырып, аса құбылмалылығымен (өзгермелілігімен) сипатталады. Сондықтан валюта нарығының қалай дамитынын бағалау күрделі болып отыр. Сонымен қатар, халық тарапынан қолма-қол долларға сұраныстың транзакциялық сұраныс­пен және девальвациялық күтулермен қатар инфля­ция­лық күтулерге де байланысты болуы мүмкін екені жалпыға белгілі. Егер бағалар жылдам қар­қынмен өсетін болса, онда адамдар тіпті, ғалам­дық экономикалық себептер мен үдерістерді тү­сін­бесе де, теңгеден құтылуға тырысады. Қаржы­лық сауаттылық деңгейі әлі де төмен деңгейде болып отырғандықтан, ха­лық­тың көп бөлігінде өзге қаржы құралдарына сенімсіздік қалыптасты. Халық өз ақшасын қай­да саларын білмейді, себебі капиталды салу­дың балама көздері жоқ және ақша сақтау, өз капиталын басқару жүйелері туралы үнемі хабардар бола бермейді. Сондықтан жинақ ақша шетел валютасына аударылады және ішінара «шұлықта» және «көрпе астында» сақталады. Бұл ретте халықтың осы бөлігінің пікірінше, доллардың баламасы әзірше жоқ. Еуроға қатысты айтатын болсақ, онда ба­ғамның күрт құбылуына байланысты, қазіргі уақытта оны сатып алудың тиімді немесе тиімсіз екенін білу мүмкіндігі аз. Сондықтан халық Еуропа валютасын ұзақ мерзімді үй «депозиттері» үшін алады, ал долларды көлемі объек­тивті түрде жоғары болып отырған қысқа мерзімді жинақ ақша үшін де пайдаланады.   Қоржын туралы алдын ала ойлан – Сіз нарықтағы ағымдағы ахуалды қа­лай бағалайсыз? – Өткен жылы валюта нарығының дамуына әсер еткен себептерді талдау нәтижелері бой­ын­ша және алдыңғы кезеңдермен салыстыр­ған­да, 2010 жылы қалыптасқан ахуалдың тек осы кезеңде ғана орын алған факторлармен сипат­та­латынын атап өту керек. Жеке мақсаттары үшін жеңіл автомобильдер әкелудің жеңілдікті режі­мінің әсер етуі сияқты осы факторлардың уақытша сипатта екенін және олардың қолма-қол шетел валютасымен сату қарқынына одан әрі әсер етуі шамалы болатынын атап өту керек. Макроэкономикалық факторлар 2011 жылы тең­генің нығаюына арналған алғышарттардың жа­салатынын растайды. Бірқатар түбегейлі фак­тор­лар, оның ішінде мұнай бағаларының өсуі, рес­пуб­ликаның ауқымды халықаралық резервтері, номи­налдық ақшалай кірістері өсуінің жыл сайынғы қарқыны қолма-қол шетел валю­тасы нарығына әсер етеді. Шетел валютасына сұраныстың шама­лы өсу қарқыны болған кезде сақталатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты, жинақ ақшаның құ­ры­лымы (қоржыны) туралы ойлау қажет. Доллар­ды сатып алу және оларды ұзақ уақытқа жи­нақ­тау аса дұрыс емес, себебі қазір долларға басқа валюталардың бәсекелес болу ықтималдылығы бар. Мысалы, Қытай юані ақша жинақтау валютасы болуы әбден мүмкін. Қазіргі уақытта юаньнің нығаюы байқалып отыр және оның резервтік валюталар санатына өтуі мүмкін. Қытай юанінің тұрақтылығы Азияның Қытай юанін АҚШ долларымен қатар еркін айырбасталатын валюта ретінде қолдану ықтималдылығын тал­қылауды бастаған елдерінде осы валютаға сенімділік туғызды. Өткен үш жылдан астам уа­қыт­тағы юань ревальвациясы Америка долла­рына қатысты 20% асты. Нәтижесінде юаньді интер­националдандыру барысы ҚХР-дың мемлекеттік стратегиясының бір бөлігі болып табылады және біртіндеп іске асыруға және юаньді сыртқы сауда саласында және сыртқы сауда опера­ция­ла­рында есеп айырысу валютасы ретінде қолдану аумағын кеңейтуге жатады. Нарықты басқару шеберлігі тек трендтерді көру ғана емес, сонымен қатар оларды ескере отырып, тұрақтылықты сақтауда. – Мазмұнды әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Алла ДЕМЕНТЬЕВА. • «ҚРҰБ Төлем балансы және валюталық рет­теу департаментінің мамандары жүргізген зерттеудің толық нұсқасы «Салық және қар­жы» журналында жарияланатын болады.