• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2011

Ендігі мақсат – экспорт

587 рет
көрсетілді

Отандық тауарлардың сыртқы рыноктағы бәсекелестігін арттыру жолындағы іс-ізденістер биыл Қарағанды аймағында құлашын кеңге жайғалы отыр. Жақында қабылданған «Экс­порт-2020» экспортты дамыту және жылдамдату бағдарламасы оған қолайлы мүмкіндіктер туғызады деп күтілуде. Ол Үкі­меттің 2010 жылдың 29 қарашасындағы 1625 қаулысымен бекітілген жергілікті өнімдерді экспорттаушылардың шығы­ны­ның орнын толтыру жолы арқылы шығару бойынша мемлекеттік қолдау жасау жағдайлары мен ережелеріне сәйкес іске асырылады. Оның негізгі мақсаты экс­портқа бейімделген және эко­номиканың шикізаттық емес жүйесіндегі жұмыс істеуші экс­­порттаушы кәсіп­орын­дар­дың қатарын ұлғайту және қа­зақ­стан­дық өнімдер экспорты гео­гра­фиясын ке­ңейту үшін кешенді қол­дау­ды қамтамасыз ету болып та­бы­лады. Көр­се­­ті­летін мұн­дай кө­мек ша­ғын және орта кә­сіп­керлік буын­да­ғы отандық компанияларға, жұ­мыс істеуші және өңдеу жүйе­сіндегі мүм­кін­дігі бар экс­порттау­шы­ларға арналған. Бұған байланысты салмақ жүгін Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агент­тігі мен «Қазэкс­порт­Гарант» экс­порт­тық несиелеу қамсыз­дан­дыру кор­по­рациясы» АҚ көтереді. Бағдарламаны дай­ын­даған облыс­тық кәсіпкерлік және өнер­кәсіп басқармасынан білгеніміздей, экс­порттаушы­лар шығыны түрле­рі­нің орнын толтыруға шет елдерде өнім­дерді және тауарлық белгілерді тіркеу, оны сертификаттау, отандық тауарларды жарнамалау, көрмелерге қатысу, ма­ман­дарды оқыту немесе шетелдік сарапшыны қазақстан­дық өндіріске тарту жатады екен. Және бір түсіндірілген­дей экспорттау­шы­ның негізделген және құжатталған шы­­ғындардың 50 пайызы көле­мінде шығындардың бір не бірнеше түрі­нің орны толтыра алуына мүм­кін­дігі бар. Соны­мен бірге, отандық кә­сіп­орын­дарды сервистік қолдау ая­сын­да экспорттық рыноктар бой­ын­ша маркетингтік және са­рап­тама­лық көмек, импорт­тау­шы елдердің рыноктық ахуа­лы туралы саудалық ақпаратпен қамтамасыз ету, қазақ­стандық өндірісшілердің тауарла­рын та­ныстыру бойынша тұсау­ке­серлік шаралар ұйымдастыру және өткізу, отандық өнім­дер­ді тұтыну­шы­ларды іздестіру жүргізіледі. Сыртқы эко­номи­ка­лық келісімдегі арасында міндеттерді орындау бой­ынша коммерциялық және саяси тәуе­келді қамсыздандыру осы ба­ғыт­тағы шаралардың бірі. Жалпы алғанда, жаңа бизнес-бастама­лар­ды қолдауда экс­порт­қа бірінші шы­ғу­шыларға, экспорт географиясын кеңей­ту­шілерге, шағын және орта бизнес нысандары болып та­бы­ла­тын экспорттаушы кәсіп­орын­дарға басымдық берілетіндігін атап өтпеске бол­май­ды. Еліміздегі белгілі банктердің жеңілдікпен несие беруге ынталылығы да істі алға бастыруы тиіс. Бізде бүгінде төл өнім­дері­міз­дің сыртқы рынокта да өтім­дірек бола алатын түрлері баршылық. Аталған бағдарла­ма­ның соған мүмкіндік ке­ңейт­пектігі көңілге қонады. Өн­дірісі қалыптасқан, күш-қа­білеті ны­ғайған бірқатар кәсіпорындарға зор ұмтылыс туғызатындығы даусыз. Экспортты дамыту эко­номикамызды өркенде­ту­дің өрелі жолы екені анық. Сол үшін бағытталған жаңа қадам іскер топтар арасында жылы қабыл­дан­ды. Қазақстандық өнім­ді алысқа та­ны­ту ізденістеріне соны серпін беретіндігі үміт үлкейтуде, – дейді кәсіп­керлердің Орталық Қазақстан қауымдастығының төрағасы Талғат Доскенов. Әзірге ішкі рынокта сырт­қы өнімдердің үлесі салмақ­ты­рақтығы белгілі. Сайып келгенде, экспорт­тық әлеуетті көте­руге өндірісті өңірдің ба­тыл бет түзеуі жайдан-жай емес. Шаруашылықтың қай са­ласында болмасын бәсекеле­се ала­тын тауарлар табылады. Мәселен, қараған­ды­лық дәрі­гер ғалымдар­дың мақ­та­нышы «Арглабин» пре­параты біраз елге танымал. Алайда, экс­порт­қа шы­ғарылу көлемі көңіл көн­шіт­пейді. Отандық дәрілік өнім­дердің 85 пайызын қайта өндірілген препараттар қамты­са, ал бірегей препараттар рыногы 15 пайыздан аспай­ды. Сондықтан сырттан жеткізілетін түрлері әлі басым. Ел Үкі­метінің фармацевтика өнер­кәсібін дамыту­дың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарла­масында осы мерзім аралы­ғын­да мемлекет қажет­тігін қа­нағат­тандыруда отандық дәрі-дәрмектер үлесін 50 пайыздық деңгейге жеткізу белгіленген. Бұл ретте Қара­ған­дыдағы «Фи­тохимия» халықаралық ғы­лыми-өндірістік холдингі» АҚ жанынан құрылған өнді­рістік кешенге үлкен міндет жүктеліп отыр. Соның ішінде экспорттық үлес те ұмытыл­майды. Өндірісті осыған лай­ық қайта жа­рақтандыру, ин­дус­триялық-иннова­циялық жоба­ларды іске асыруға бірінші кезекте мән беру бүгінгі күндегі жұмыстың басты ба­ғытына айналып келеді. Қара­ғанды құю зауыты өндірістік бірлестігі сияқты экспортқа өнім шы­ғару жөнінде іскерлік байланысты орнатып, терең­детушілер бұдан былай қарай арта түсетіндігі айқын. Бұған дейін бұл төңіректе тә­жі­рибе аздығы, қаржылық мүмкіндік жетімсіздігі қол ұзарт­пай келген еді. Енді сәтін салса, бұлар жолдан ысырыла­тын сыңайлы. Экспортты қол­даудың арнайы бағдарламасы соған арқау болмақ. Иә, ендігі мақсат – экспорт. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды.