• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

Патриоттыққа тәрбиелеу үдерістерінде де парасат керек

532 рет
көрсетілді

Биыл Қарулы Күштер құрамындағы тәрбие құрылымдарының офицерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Осыдан 24 жыл бұрын Елбасының арнайы Жарлығымен Қорғаныс министрлігінің, Республикалық ұлан, Шекара және Ішкі әскерлердің аппараттары және әскери бөлімдер мен мекемелерден бастап роталар мен оларға теңестірілгендерге дейін барлық буындарда командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты енгізілген болатын. Бұл институт тәрбиеші офицерлер үшін маңызды қызметтік іс болып табылады. Осыған орай, 1993 жылғы 22 маусымда Президент Н.Назарбаевтың қаулысымен «Тәрбие және әлеуметтік-құқық­тық жұмыстар органдары туралы ереже» де бекітілген еді. Негізінен, тәрбие жұмыстары органдарын құру тарихы Қарулы Күштердің қалыптасу және даму кезеңімен тығыз байланыс­ты болғандықтан, тәрбие және идеологиялық жұмыстарды жетіл­діру қажеттігі туындады. Ол жеке құрамның алдына қойылған жауынгерлік және оқу-жауынгерлік міндеттерін орындауға моральдық және психологиялық әзірлігін баға­лауға жаңа, жоғары өлшем­дермен ұштасады. Осы өзекті мәселені шешудегі негіз­гі рөлді жеке құрамның мораль­дық-жауынгерлік рухын қалып­тастыруға көмектесетін тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдары атқарды. Тарих жоғары жауынгерлік рухы бар адам барлық қойылған міндеттерді шеше алатынын рас­тайды. Жауынгерлік рух жеке құрамның отансүйгіштігі мен әскери тәртіптен, өз елі­мізге бірлесіп қызмет еткеннен және еліміздің ұлттық қауіп­­сіздігін қамтамасыз етуге деген шешімділігінен туын­дайды. Жау­ынгерлік рух коман­дирлердің және тәрбие құрылым­дары офи­­цер­лерінің жеке үлгі­сінің ықпалымен нығаяды. Әскери борышқа адал болу, патриотизм сияқты қасиет­тер қазіргі заманғы қазақ­стандық армияның бейне­сін айқындайды. Осыған байланысты аты аңызға айналған ұлт батыры Бауыржан Момышұлы былай деген болатын («Соғыс психологиясы» кітабында): «…қазіргі заманғы техника материалдық база және соғыс құралдары болып табылады. Ең бастысы, бұл – тірі және саналы адам. Адамның моральдық-адамгершілік қа­сиеттері рухани күш деген сөзде­рімен айқындалады. Руха­ни күштің негізгі көзі: ақыл, сезім, ерік болып табыла­ды. Адам қасиет­терінің осы элемент­тері­мен мақсатты және бағыт­талған жұмыс жасау тәрбиелеу құралы болып табылады». Құрылған сәтінен бастап тәрбие құрылымдарының офи­церлері командирлермен ж­әне штабтармен бірлесе отырып, өздерінің мақсатты қызметімен әскери ұжымдарды біріктіруге, жеке құрамның ар-намысы мен абыройын қорғауға, әске­ри қызметтің беделі мен имид­жін нығайтуға бағытталған міндеттерді іске асыру сала­сын­да ауқымды жұмыс жаса­ды. Жауынгерлік жарысты ұйымдастыру, ақпа­раттық-тәрбие, әскери-әлеуметтік, мәде­ни-демалыс, психологиялық жұмыстарды жүргізу және жеке құрамды сыңаржақ идеялардан сақтау шеңберінде көп іс тындырылды. Құқық тәртібі мен әскери тәртіпті нығайту үдерісіне де олар мол үлес қосты. Олардың осы бағыттағы теңдессіз еңбек­терінің бірі – армияда 90-жылдары орын алған қылмыстар мен оқиғалардың легі тоқтатылды. Әрине, Қарулы Күштердің қалыптасуы мен дамуының ең қиын кезеңдерінде ауыр сынға шыдаған біздің құрметті ардагерлеріміз ерекше мақтауға лайық, олар еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлкен үлес қосты. Әсіресе, тәрбие жұмыс­тарын жандандыра түсті. Дәл солардың белсенді қатысуымен Қарулы Күштердің нормативтік құқықтық базасы қалыптасты. Қарулы Күштердің дамуын нығайтуға байланыс­ты жеке құрамның алдына қойыл­ған жауынгерлік және оқу-жауынгерлік міндеттерін орындауға моральдық және психологиялық әзірлігін баға­лауға жаңа, жоғары өлшемдерді талап ететін идеологиялық жұ­мысты жетілдірудің қажеттігі туындады. Сондықтан да, қазіргі уақытта Қарулы Күштерде тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастырудың тұтас қалыптасқан жүйесі құрылған. Олардың мәртебесі көтерілген, Қарулы Күштердің барлық түрлерінде, өңірлік қолбасшылықтарда, әскер текте­рінде тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармалары, бөлім­дері қызмет етеді, оларды бас қолбасшылардың және қолбасшылардың тиісті орынбасарлары басқарады. Тәрбие жұмыстары орган­дарының өзекті міндеттерінің бірі – әскери қызметшілердің отбасыларында саламатты моральдық-өнегелік жағ­дай қалыптастыру, бұл жеке құрамның міндеттерін ойда­ғыдай жүзеге асыруға көме­гін тигізеді. Сондықтан, әске­ри басқару органдарында, әскери бөлімдерде әскери қызмет­шілердің отбасыларымен жұмыс­ты ұйымдастыру бойын­ша лауазымдар енгізілуде. Соны­мен қатар, Қарулы Күштерде психологиялық және әлеуметтік жұмыстарды жақсарту, әскери қызметтің қауіпсіз талаптарын құру үшін батальондар мен бригадалардың психологтары лауазымдары енгізілген. Идеологиялық жұмыстарды жүргізуде сыңаржақ идеялардың әскер ортасына енуіне жол бермеу бойынша шаралар бел­сенді ұйымдастырылуы үшін идеологиялық жұмыстар мен арнайы насихат жөніндегі офицерлер міндеттерін ойдағыдай орындауда. Сондай-ақ, жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін қа­­­лып­та ұстау, әскери және құ­қық тәртібін нығайту, әскери ұжым­дарды біріктіру мен Отан­ды қорғау бойынша әскери мін­детті орындауға бағытталған құн­дылықтардың жүйесін жеке құрамда қалыптастыру мақ­сатында ұдайы іс-шаралар кешені жүргізіледі (мемлекеттік-құқықтық дайындық, конференциялар, лекциялар, әңгі­мелесулер, пікірталастар, дөң­ге­лек үстелдер, тренингтер, сауал­да­малар, тестілеулер, озат­тар­ға құр­мет көрсету, кездесулер және т.б.). Командирлермен жүргізіле­тін жұмыстар нәтижесінде, әскери және құқық тәртібін нығайту мен құқық бұзу­шылықтардың алдын алу бо­йын­ша тәрбие және идео­логиялық жұмыстар органдарымен қылмыстардың санын төмендетуге қол жеткізілген. Соңғы жылдары қылмыстардың саны 4 есе азайды. 2016 жылды әскери бөлімдер мен меке­мелердің 80 пайызы құқық бұзу­­­шылықтарсыз және жеке құ­рам­д­а кісі өлімін болдырмай аяқ­тады. Әскери қызметшілерді және өсіп келе жатқан жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының рухында әскери-патриоттық тәрбиелеу басым бағыттардың бірі болып саналады. Бұл мақсат үшін мектептерде жасөспірімдік патриоттық ұйымдастыру желісі кеңейтілді, сөйтіп, 63 мыңнан астам жасөспірім мен қыздар қамтылды. Әскери-патриоттық клуб­тардың әрбір төртінші тәр­бие­ленушісі өз өмірін армия­мен байланыстырады. Жыл сайын дәстүрлі негізде әскери-патриоттық клубтардың тәрбие­­лену­шілерінің, респуб­ликалық (облыстық) мек­теп-интернаттардың тәрбиелену­шілерінің, жоғары оқу орындар әскери кафедралары сту­дент­терінің қатысуымен «Ай­бын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өт­кізіледі. «Жас Ұлан» әске­ри әндер фестивалінің форматы аймақтардың мектеп оқу­шыларын қатыстыру арқы­лы кеңейтілді. Республика Ком­позиторлар одағымен бірле­сіп, «Сарбаз әндері» бірінші респуб­ликалық әскери-патриоттық әндер байқауы өткізілді. Жергілікті әкімдіктермен бірле­сіп, оқу орындарында ерлік сабақтарын өткізіп тұру да әдет­ке айналған. Мұхамеджан ТАЛАСОВ, генерал-майор, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі департамент бастығы