• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

Прокуратура қызметіне жаңа технологиялар енгізіледі

449 рет
көрсетілді

Бас прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен Бас прокуратура алқасының отырысы өтті. Өткен жылғы жұмыстардың қорытындысы екшеліп, алдағы жылдың жоспарын нақтылаған кеңесте тұрғындардың құқықтық сенімін ақтау жөнінде және басқа да жұмыстың тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажеттілігі сөз болды.   Бас прокурордың айтқа­нын­дай, биыл прокуратура ор­ган­дары үш негізгі міндетке – маман мәсе­ле­сіне, жаңа техно­ло­гияларға және қылмыстық процеске баса көңіл бөлетін болады. Өткен жыл­­дың маусым айында «Про­ку­ра­ту­раға – үздік мамандар» жо­ба­­­сының тұсауы кесілген болатын.­ Содан бері жоба бойынша 2000 кандидаттың ішінен, ең үз­дік 128 маман жұмысқа ірік­тел­ді.  «Бұлар – біздің алғашқы қар­­лығаштарымыз. Біздің ашық­т­ы­­ғымызға сенген олардың көз­д­е­­рінде оты бар жастар және кө­­­ңілімізден шықты. Әрине, ең ал­­­дымен олардың өмірге деген көз­қарасын, әлеуметтік бел­сен­ді­­лігін, білімге деген құш­тар­лы­ғын, отансүйгіштік, басқа да қа­сиеттерін бағаладық. Енді жа­ңа HR технологияларды енгізу қа­­жет. Олардың жұмысқа деген қы­зы­ғу­шылығын арттырып, жігер беріп, жа­қ­сы маман боларына сеніммен қа­раймыз», деді Бас прокурор өз сөзінде. Сонымен қатар, отырыста қо­ғам­ның ең қиын әрі өзекті мә­се­лесінің бірі – қылмыстық ахуал­ды жетілдіру жайы айтылды. Бас прокурор қылмыстық процесс мемлекеттік органдардың мен­мендігіне емес, қарапайым ха­лықтың мүддесіне сай рет­те­луі керектігін баса айтты. Бұл мә­селе бойынша Бас про­ку­ра­тураның бастамасымен құ­рыл­ған «Қосшыдағы дискуссия» атты форум барысында арнайы ша­қырылған ғалымдар мен осы са­ла мамандары жұмыс істеуде. Құ­зырлы органдағы қылмыстық про­­цес­ті жеңілдету және жедел­дету үшін электронды фор­матқа ауысу­ды қамтамасыз ету көзделуде. «Қылмыскерді ұстадық. Кі­нә­сін мойындады. Куәгерлер бар. Со­ған қарамастан ол 15 күн тер­ге­ле­ді, одан соң 3 күн прокурор істі зерттейді, сотқа тағы 20 күн қажет. Осының бә­ріне 40 күн уақыт кетеді екен. Ал осы аралықта жәбірленуші, кү­дікті, куәгер бәрі де қаншама есік тоздырады. Қайта-қайта тер­геу, дәлізде сағаттап күту – осы­ның бәрі адамдардың жүйкесін жұ­қартады», – деді Бас прокурор Ж.Асанов. Оның айтуынша, өндірісті элек­­тронды форматқа көшіру – прокуратураның ашықтығын білдіріп, құжаттарды беру мен алу мерзімін қысқартады, пош­та­лық шығындар мен қағаз тасуды азайтады. Ал аталған іске қатысы бар мамандар болса, қылмыстық істердің электронды түрде жүр­гі­зілуі мен тергелуін он­лайн ре­жім­де бақылай алады. Сондай-ақ, Ж.Асанов про­ку­ра­тура органдарындағы жұмыс тә­сіл­дерінің өзгеруі, жаңа заманға сай менедж­мент жүйесін енгізу ар­қылы халықтың көңілін күпті етіп жүрген мәселелерді шешуді де атап өтті. Осы мақсатқа жету үшін прокурорлар қажетсіз жұ­мыстардан құтылып жатыр. Со­ны­мен қатар, басымдығы бар жо­балар портфелі құрылады деп жос­парлануда. Олар қоғамдағы өзекті мәселелердің оң ше­шілуіне септігін тигізбек. «Неден бас тарттық, неден құ­тылуымыз керек» деп сөз бас­таған Бас прокурордың бі­рін­ші орынбасары Иоган Меркель про­куратураның барлық саласын­да артық құжат айналымдары мен статистикалық есептен құ­тыл­ғандарын жеткізді. Алқа оты­рысында әр сала бойын­ша маңызды жобалардың бары­сы туралы Бас прокурордың орын­басарлары Андрей Кравченко мен Марат Ахметжанов та сөз сөй­­леді. Ал Бас прокурордың орын­­басары Ерлік Кененбаев болса, қылмыстық жағдайдағы аза­маттардың конституциялық құ­қықтарының қорғалуы жайында баяндап берді. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»