• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Мемлекетті демократияландыру жолындағы маңызды қадам

269 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының «Қазақ­­стан Республикасының Конс­­ти­туция­сына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заңы­ның жобасын кеңінен әрі терең талқылау мерзімі аяқта­лып келеді. Осыған орай, елор­даға Еуропа Кеңесінің Құқық ар­қы­лы демократия үшін Еуро­па­лық комиссиясының (Вене­ция­лық комиссия) сарапшылары ат басын тіреген еді. Олар Қа­зақ­­стан Республикасы Пре­зи­денті­нің бүкілхалықтық тал­қы­лауға шығарған «Қазақ­стан Республикасының Конс­ти­туция­сы­на өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» заңының жоба­сын мемлекеттік органдар және ұйымдармен талқылауға қа­тысты. Осы беделді еуропалық құ­ры­лым делегациясының құ­ра­мына Еуропа Кеңесі Вене­циялық комиссиясының өңірлік ынтымақтастық бөлімінің бас­шысы С.Кузнецов, Грузия­ның бұрынғы әділет министрі және Конституциялық сотының төрағасы Г.Папуашвили және конституциялық құқықтың басқа да мамандары енген екен. Жалпыға мәлім, Венециялық комиссия Еуропа Кеңесінің құ­қық­тық сараптау органы болып табылады. Құқық саласын­да идея­­лармен алмасудың халық­ара­лық деңгейде танылған құ­қық­тық форумы бола оты­рып, ол конс­титуциялық құры­лыс мәсе­ле­лері бойынша мемле­кет­терге сарап­тамалық-әдіснамалық көмек көр­сетеді. Қазақстан 1998 жылдан бастап Венециялық комиссияда байқаушы мәртебесіне ие, ал 2012 жылы оның толық мүшесі атанды. Осыған орай, Астанада атал­ған шетелдік әріптестер мем­ле­­кет­тік биліктің тармақтары ара­сын­да өкілеттіктерді қайта бөлу мә­се­лелері жөніндегі жұмыс тобымен кездесті. Кездесу барысында тал­қы­лауға түскен заң жобасының басты мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Жұмыс тобының мүшелері жаңа енгізулер бойынша толыққанды түсініктеме беріп, сарапшылардың сұрақтарына жауап қайтарды. Осы мәселелер бойынша Конс­титуциялық Кеңес Төр­ағасы И.Роговпен, Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмимен, Бас Прокурор Ж.Асановпен және Әділет министрі М.Бекетаевпен кездесті. Онда жекелеген құқық­тық институттарды қайта жаң­ғыр­ту барысын қарау мен нақ­ты­лау, соның ішінде: консти­ту­­­ци­я­лық бақылау, сот құры­лы­мы және сот ісін жүргізу, прок­у­рор­лық қадағалау, Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Президентінің заңдарда бекітілген өкілеттіктерін қайта бөлу және т.б. мәселелер туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, шетелдік сарапшы­лар Қазақ гуманитарлық заң уни­верситетінде (ҚазГЗУ) болып, оның профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Венециялық комиссия сарапшылары консти­туциялық реформаның басты өлшемдерін оң бағалады. Олардың айтуынша, Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған еліміздің конституциялық құры­лы­мындағы өзгерістер еуро­па­лық конституциялық мұраның бас­ты қағидаларына сай келеді жә­не мемлекетті басқару жүйесін де­мо­кратияландыру жолындағы ма­ңызды қадам болып табылады. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»