• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 75

380 рет
көрсетілді

2011 жылғы 4 ақпан           № 75          Астана, Үкімет Үйі Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Павлодар облысының шегінде орналасқан жалпы ұзындығы 5,5 км М-38 «РФ шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай (ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей қалалары арқылы» автомобиль жолының учаскесі республикалық меншіктен Павлодар облысының коммуналдық меншігіне берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесінде: М-38 «РФ шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай (ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей қалалары арқылы» деген жолдағы «1099» деген сандар «1100,6» деген сандармен ауыстырылсын; «Жиыны» деген жолдағы «23494,6» деген сандар «23496,2» деген сандармен ауыстырылсын. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    К.МӘСІМОВ.