• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2011

Қорғаныс министрлері кеңесті

311 рет
көрсетілді

Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйы­мы­на (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер Қорғаныс министр­лері кеңесінің (ҚМК) кезекті отырысы болып өтті. Оған еліміздің Қорғаныс министрі Әділбек Жақ­сыбеков бастаған Қазақстан қорғаныс ведомство­сының делегациясы қатысты. Қорғаныс министрлері кеңесінің жұмысына Армения Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Рес­публикасы мен Өзбекстан Республикасы қор­ға­ныс министрліктерінің делегациялары жиналды. Күн тәртібіне қойылған сегіз мәселенің қа­та­рында бітімгерлікті үйлестіруді күшейту, әскерлер­дің жедел дайындығы мен әскери-техникалық ын­тымақтастықты нығайту мәселелері болды. Сонымен бірге, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйы­мына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің 2010 жылы желтоқсандағы кезекті оты­рысында қабылдаған ҰҚШҰ қызметінің басты ба­ғыттарын жүзеге асыру туралы шешімін орындау мәселелері қаралды. Қорғаныс ведомстволарының басшылары сондай-ақ ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштері бас штабтары бастықтарының өз­ара іс-қимылдары мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Бірлескен штабының қызметін жетілдіруді ұйымдастыру мәселесін талқылады. ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысында ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесі басқару органдарының жедел және жауынгерлік дайындығы шараларын 2011 жылы бірлесіп жетілдіру мәселесі де тақыға салынды. – Отырыс барысында қабылданған шешімдер көп­жақты әскери ынтымақтастықты жетілдіруге жә­не әскери саладағы өзара әріптестікті дамытуға ба­ғыт­талған, – деп атап өтті Қорғаныс министрі Әд­іл­бек Жақсыбеков. – ҰҚШҰ қызметінің басты ба­ғыт­тарының бірі – қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қи­мыл, халықаралық тұрақтылықты сақтау мен қолдау, жаңа қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы әрекет жасау. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы іскерлік пен сын­дар­лы өзара сыйластық және ашық пікір алмасу жағ­дайында өтті. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.