• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2011

Жарыс алаңында – журналистер

291 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан Журналистер одағы қалалық филиа­лы­ның ұйымдастыруымен шағын футболдан БАҚ өкілдері ара­сында белгілі қаламгер Рамазан Ахметовті еске түсіруге арнал­ған турнир өтті. Жыл сайын астаналық журналистер арасында дәстүрге ай­нал­ған турнирге «Егемен Қазақ­стан», «Казахстанская правда», «Ас­тана ақ­шамы», «Нұр Астана» газеттері, «Хабар», «Астана» теле­арналары, «Нұр Медиа» холдингі, Қазақ ра­диосы мен осы кезге дейін Алма­тыда шы­ғып тұрған «Sport kz» газетінің командасы қатысты. Командалар олимпиялық жү­йе бойынша өзара кездесіп, жең­ген­де­рі жартылай финалға жолдама ал­ды. Сөйтіп, өзара күш сы­нас­қан ұжымдар ішінен плей-оффқа шы­ғып, одан сүрінбей өт­кен «Sport kz» пен «Астана» теле­арна­сының командалары финалда бас жүлдені сарапқа салды. Турнирдегі алғаш­қы ойынында «Ка­захстан­кая правда», одан кейін «Астана ақ­шамы» мен «Нұр Ас­тана» ко­ман­даларын ұт­қан бел­гілі спорт жазушысы Несіп Жү­ніс­байұлы басқаратын «Sport kz» газетінің ұжымы бас жүл­дені жеңіп алды. Үшінші орын­ды «Хабар» теле­арнасы иеленді. – Біздің осы турнирдегі жеңіс­ке жеткеніміз команданың ұйым­шыл­дығының, алаңда түсінісе біл­­ген­ді­гі­нің және жеңіске деген жігер­лілігі­нің арқасы деп білемін, – деді ко­ман­даның капитаны, «Sport kz» газеті бас редакто­ры­ның орынбасары Төлеубек Қа­дыр­молла. – Ал басқа командалар ішінен бізге «Егемен Қа­зақстан» мен «Хабар» команда­ларының ойын өрнегі ұнады. Расы керек, олардың да біз сияқты фи­налға жетуге мүмкіндігі бар еді. Бі­рақ, ойынның аты – ойын. Алда тағы жарыстар болады. Қарымта қай­та­руға мүмкіндік туады. Ал Журналистер одағы қала­лық филиалының басшысы Мағ­жан Садыханұлының айтуын­ша, бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнир алдағы кезде де жал­ғасатын болады. Өйткені, оның мақсаты – журналистер ара­сында жеңімпазды анықтау емес, ең бас­тысы, БАҚ өкіл­дері­нің досты­ғын нығайту, футбол сияқты миллион­да­ған жанкүйер­лердің сүйікті ойы­нын әріптес­тері­нің арасында насихаттау. Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.