• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2011

Екінші тыныс

593 рет
көрсетілді

Жақында Тараз металлургия зауытында ферроқорыт­палар өн­дірісін  жаңғырту жә­не кеңей­ту жобасы тәмам­далды. Сөйтіп, құлашы кеңіп, өрісі ұзарған зауыт  жұмысын одан ары жан­дандыра түсті. Өндірісті модернизациялау қо­сымша құны жоғары жаңа өнімдерді шығару мақсатымен шикізатты жан-жақты өңдеп, экспортқа бағытталған өнді­рісті дамытуға мүмкіндік береді. Бү­гінгі таңда ресейлік және еуро­палық кәсіпорын­дардың тара­пы­нан зауыттың өнімдерін са­тып алуға нақты тапсырыстар бар. Сондай-ақ, кәсіпорын жы­лы­на 100 мың тонна ферросиликомарганец өндіре алады. Өн­дірістік бағ­дарлама бойынша жылына 65 мың тонна ферросиликомарганец шығару жоспар­ланып отыр. Зауытты ары қарай дамыту үшін айына 21 мың тонна марганец концентратын жеткізіп тұру қажет, яғни, өндіріс орнының жаңаруы бірқатар марганец ке­ніштерінің өркен­деуіне де өз сеп­тігін тигізбек. Сонымен қатар, жаңа өнді­рістің іске қосы­луы Қараған­ды, Павлодар және Тараз қалаларының бірқатар кәсіп­орындарын тапсырыс­тар­мен қамтамасыз етеді. Тараз металлургия зауыты­ның модернизациясына 11,6 мил­лиард теңге жұмсалды. Бұл жобаға қолдау көрсеткен – «Қазақстан даму банкі» АҚ. Соның арқасында зауытқа Ресей, Украина шығарған және отандық жаңа құрылғылар ор­на­тылып, ферроқорытпалар­ды өн­деу­дің жаңа техноло­гиялары енгізілді. Зауыттың қанат жайып, дамуының арқа­сында, жұмыс­шы­ла­рының са­ны 1320 адамға дейін артты,  алдағы уақытта зауыт еңбек­керлерінің саны 1570-ке жетеді деп болжануда. Сондай-ақ, болашақта табыстың бір бөлігі білікті мамандарды дайын­дауға жұмсаламақшы екен. Қоршаған орта мен ауаны зиянды қоспалармен ластамау үшін зауытта құны 200 миллион теңге болатын газ тазала­ғыш құрылғы салу жоспар­ланған. Бұл жоба зиянды қос­палардағы қатты қалдықтар­дың, яғни ор­ганикалық емес шаң, марганец оксидтері, алюминий оксидтерін 97 пайыз тазартады. Аталған құ­рылғы ауаға кететін неоргани­калық шаң қалдықтарын жылы­на 257,52, марганец оксидін жы­лына 15, 84, алюминий оксидін жылына 14, 48 тоннаға кемітуге мүмкіндік береді. Тараз қаласы аумағындағы ауыр эколо­гиялық ахуалды ескерсек, атал­ған жоба экологияның нашар­лығынан пайда болатын аурулар санын азайта түспек. Тараз металлургия зауыты­ның жұмысшылары кезекті фер­роқоспалар пешінің іске қосыл­ғанына өте қуанышты. Өйткені, Қазақстанның үдеме­лі индус­триялық-инновациялық даму бағ­дарламасына енгізілген бұл жоба осы мекемеге 11,5 миллиард теңге инвестиция тарту арқылы 300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.