• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2011

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі № 09-5/1

330 рет
көрсетілді

2011 жылғы 16 маусым     № 09-5/1     Астана қаласы «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Ж О Л Д А У Ы «Қазақстан Республикасындағы конс­ти­туциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің бұл жолдауы еліміз үшін айтулы маңызға ие Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тәуелсіздігінің Жиырма жыл­дығы жылында ұсынылып отыр. 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бергі өт­кен уақыт ішінде Қазақстан Респуб­лика­сында мемлекет және қоғам өмірінің бар­лық салаларында дерлік реформалар жүр­гізілді. Мемлекеттілікті, қолданыстағы құқықты, тұлғаның, қоғамның және мем­лекеттің дамуын қамтамасыз ететін тиімді әрі ашық билік механизмін нығай­ту­ға, халықтың тұрмыс деңгейін арт­тыруға ерекше назар аударылуда. Заманауи, өз болашағына сенімді қоғам құру жолындағы тарихи меже ретінде Қазақ ССР-інің 1990 жылғы 25 қазандағы Мем­лекеттік егемендігі туралы деклара­ция­ның және «Қазақстан Респуб­лика­сының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы № 1007-ХІІ Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конститу­ция­лық заңының өзін­дік орны бар. Бұл құжаттардың әрбірі жаңа мемлекеттілікті құруда, біртұтас биліктің тар­мақ­тарға бөлінуінде, халық билігін жүзе­ге асы­ру­да; адам құқықтары мен бостан­дық­тары жо­ғары тұруын қамтамасыз етуде, жауапты сот төрелігінде, бейбітсүйгіш сырт­қы саясатта оң сипаттағы қайталанбас рөл атқарды. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Рес­публикасының Конституциясында еліміздегі конституциялық заңдылықты ны­ғайтуға жә­не демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің құ­рылып болған құрамдас бөліктерін ба­йы­та түсуге қажетті барлық кепілдіктер бар. Ол аса құнды конс­титуциялық қатаң талапты – адамды, оның өмірін, құқық­тары мен бостандықтарын тол­тырудағы; мемлекеттің халықаралық қаты­нас­тардағы егемендік құқығын іске асыру­мен бай­ланысты міндеттерді шешудегі басты да нақты құралға айналды. Президенттік басқару нысаны мем­лекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары әзірленуін бір орталыққа шоғырландыруға, біртұтас мемлекеттік билік тармақтарының қызметі үйлесуін қамтамасыз етуге, олардың арасында теке-тіресті болдырмауға және соның нәти­жесінде жүйелі түрдегі оң өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Республика Президенті институты мемлекеттік тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде қуатты бағыт-бағдар сілтеуші әрі үйлестіруші орталыққа айналды. Бүкіл халық сайлаған Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Конституцияның, адам­ның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепіліне айналды. Республика Парламенті «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір конституциялық заң­дарына Қазақстан Республикасы Тұң­ғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жыл­ғы 14 маусымдағы № 289-IV Қазақстан Ре­с­публикасының Конституциялық заңын қа­былдап, ол жерде Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың ерекше мәртебесі объек­­тивті түрде заңнамалық жолмен бекітілді. 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 2 нор­ма­тив­тік қаулыда Конституциялық Ке­ңес жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргесін қа­лау­шы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөлі мен миссиясын ерекше атап өтті. Конституцияға сәйкес Мемлекет бас­шы­сы айқындайтын еліміздің даму стра­тегиясына орайлас Республиканың қос па­латалы Парламенті, Үкіметі, өзге де орта­лық және жергілікті өкілді және атқарушы органдар, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі бас­қару органдары табысты қызмет ат­қарып келеді. Құқықтық саясатты дәйек­ті­лікпен жұмсарту және ізгілендіру жағ­дайында адам мен қоғамды қылмыстық қол сұғушылықтан және өзгелей заң бұзушылықтан қорғауды қамтамасыз етуге қаратылған құқық қорғау жүйесі мен сот төрелігі жаңартылуда. Қоғамды мемлекеттік билікті қалыптас­тыруға және жүзеге асыруға қатыстыру, азаматтарды ел басқаруға араластыру механизмдері үнемі жетілдіріліп келеді. Саяси пар­тиялардың, үкіметтік емес сектор­дың құ­рылуы мен қызметінің құқықтық негіздерін нығайтудың, мемлекеттік әлеу­мет­тік тапсы­рыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың, мемлекеттік органдар­дың жанында консул­ь­тативтік-кеңесші құры­лымдар құрудың арқасында мемлекет пен азаматтық қоғам арасында әлеуметтік маңыз­ды секторлар мен функцияларды бірте-бірте қайта бөлісу жүріп жатыр. Өткен 2010 жылы Қазақстан Еуропа­дағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық ету жөніндегі жоғары миссияны абыроймен атқарды. Астана Декларациясында ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекеттің басшылары мен үкімет басшылары өздерінің жаппай қамтитын, ынтымақтастыққа негізделген, бейбітшілікті қолдауды адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының сақталуы­мен ұштастыратын, тең және бөлінбес қауіпсіздік тұжырымдамасына ден қоя­тындарын растады. Үстіміздегі жылы Ислам Конференциясы Ұйымының төрағасы қызметінде Қазақстан Республикасы хал­қы­мыздың дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алу туралы Консти­туцияның Кіріспесінде жазылған тілеуін жүзеге асырудағы мақсатын тағы да нақты істермен дәлелдеп келеді. 2010 жылы жаңа халықаралық экономи­калық институт – Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағы өз жұмысын бастады. 2009 жылғы 5 қара­ша­дағы № 6 нормативтік қаулыда Конс­ти­туциялық Кеңес, Қазақстан Республика­сы­ның – iшкi және сыртқы саясатты қалып­тастыру мен iске асырудағы тәуелсiздiгi және дербестiгi оның негiзiн құрайтын егемен мемлекеттiң конституциялық және халықаралық деңгейде танылған мәрте­бесi Республикаға Негiзгi Заңның ереже­лерi мен нормаларын сақтай отырып, еліміздің мемлекеттік органдарының жекелеген өкілеттіктерін Кеден одағы секілді халықаралық ұйымдар мен олардың ор­гандарына беру туралы шешiм қабыл­дауға мүмкiндiк бередi деп атап көрсетті. Соны­мен бірге, Конституциялық Кеңес, мұндай халықаралық ұйымдар мен олардың ор­гандарының шешімдері Республиканың Негіз­гі Заңына сәйкес келмейтін, адамның және азаматтың конституциялық құқық­тары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін, мемлекеттiң егемендігін, бiртұтас­тығын және аумақтық тұтастығын, елді басқару нысанын бұзатын жағдайларда Қазақстан Республикасы үшiн орындалуы мiндеттi деп танылмайды, сондай-ақ республика заңдарынан басым тұратын және тiкелей қолданылатын сипатқа ие болмайды деп атап көрсетті. Мемлекет құрылысының жиырма жыл­дық тарихы, осындай күрделі де абы­ройлы жолда қол жеткен жеңістер, таяу уақытқа және алыс болашаққа арналған жоспарлар қоғамымыздың болашағын ай­қындайтын вектордың дұрыс таңдалған­дығын паш ете отырып, Қазақстанның дамуы әлем тәжірибесінде жалпыға бірдей қабылданған демократия, «адам капита­лы­на» ұқыптылықпен қарау принцип­терінің бәріне де сәйкес келеді деген қағидалы ұйғарым жасауға негіз болады. * * * Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз етуде, конституционализм доктринасы мен прак­тикасын сақтау­да және одан әрі нығайтуда конституциялық бақылауға маңызды рөл ажыратылған. Бұл Мемлекеттік егемендік туралы декларациядан, Мемлекеттік тәуел­сіздік туралы консти­ту­циялық заңнан және еліміздің қол­да­ныстағы Негізгі Заңынан анық байқалады. Өзі құрылған сәттен бері Конститу­ция­лық Кеңес мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемен құқығы туралы; мемлекеттіліктің конституциялық негіздері туралы; аумағы­ның тұтастығы туралы; шекарасына қол сұғылмайтындығы және аумағының иеліктен айрылмайтындығы туралы; мемле­кеттің біртұтастығы және президенттік басқару нысаны туралы; халық пен мемлекеттік биліктің бірлігі туралы; азаматтық туралы және басқа да көптеген консти­туциялық нормаларға ресми түсіндірме берді. Ресми түсіндіру арқылы немесе нормативтік құқықтық актілерді конституция­лығы тұрғысында талдау процесінде бар­лығы болып Конституцияның 73-бабының ережесі түсіндірілді. Он бес жыл ішіндегі жұмыстың нәтижесі Конституциялық Кеңес­тің өткен жылғы жолдауында екшелей айтылған болатын. * * * Конституциялық Кеңестің Негізгі Заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі қыз­меті заңнаманың сапасын бақылап-баға­лаумен қабат жүріп отырады. Конститу­ция­лық Кеңестің нормативтік қаулы­ларындағы құқықтық позициялардың, жыл сайынғы жолдауларындағы ұйғарым­дар мен ұсыныстардың жүзеге асырылуы осының бір көрсеткіші болып табылады. Соңғы жылдары мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары тара­пынан Конституциялық Кеңестің қоры­тынды шешімдерін орындау жөнінде бір­қатар шаралар қолға алынып, Респуб­ли­каның қолданыстығы құқықтық базасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Конституциялық Кеңестің құқықтық по­зицияларын орындау мақсатында «Әкім­шілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-II Қазақстан Рес­публикасының Заңына өзгерістер енгізілді. 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 425-IV Заңның 1-бабы 2-1-тармағының редакциясына сәй­кес «мемлекеттік органның құзыреті, өкілет­тігі, функциялары мен міндеттері Конституцияда, заңдарда және Президент, Үкімет, өзінен жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді». «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Қазақстан Республикасының кодексі Кеден Одағы Комиссиясы шешім­дерінің тікелей қолданылуын белгілеу бөлігінде Конституциялық Кеңестің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 6 нормативтік қаулысын ескере отырып қабылданған. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV және «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 378-IV Қ­а­зақ­стан Республикасының қабылданған заңдарында да Конституциялық Кеңестің құқықтық позицияларының дамуы көрініс тапты. Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 7 мамырдағы № 6/2 қаулысына сәйкес «Байқоңыр» кешенін жалға алу туралы Шартқа және Құқық қорғау органдарының «Байқоңыр» кешені аумағында құқық тәр­ті­бін қамтамасыз етудегі өзара іс-қимылы туралы келісімге түзетулер енгізілді. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары соттар және құқық қорғау ор­гандары тарапынан тікелей орын­дала­ды. Республика Конституцияның 74-бабының 2-тармағына және іс жүргізу туралы заңна­ма­сына сәйкес, егер сот актісі шығарылар кезде сот қолданған заңның немесе өзге бір нормативтік құқықтық актінің нормаларын Конституциялық Кеңес конституциялық емес деп тапқан жағдайда, сот заңды күшіне енген сот актілерін жоюға тиіс. «Конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауларында баяндалған бірқатар ұйғарымдар мен ұсыныстар заң шығару және құқық қолдану қызметінде іске асырылды: - «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жыл­ғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңымен меншік құқы­ғын оның нысанына қатыссыз қорғау және қал­пына келтіру үшін тең жағдай жасау мәселесі бо­йынша Конституциялық Кеңес­тің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 19/2 қау­лы­сының ере­желері және жыл сайынғы жол­дау­ларындағы ұсыныстар жүзеге асырылды; - «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адамдарды қоғам­нан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау негiздерiн, тәртiбi мен шарт­тарын бекіту мәселелерi бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жыл­ғы 29 желтоқсандағы № 375-IV Қазақстан Республикасының Заңы­мен адамдарды алкоголизмге, наша­қор­лық пен уытқұмарлық дертіне шал­дыққан ауруларды мәжбүрлеп емдеу орындарында, кәмелетке толмағандарды - арнаулы білім беру ұйым­дарында, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйым­да­рында және Кәмелетке толма­ған­дарды бейімдеу ор­талықтарында, сон­дай-ақ әкім­шілік қамауға алынған адам­дар­ды ұс­таудың негіздері мен тәртібі, олар­дың құқықтары бекітілді; - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқық­та­рын қамтамасыз ету мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 354-IV және «Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның кейбір заңнамалық актілеріне қы­л­мыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV Қазақстан Республикасының заң­дарымен қылмыс құрамдарының белгілерін айқындайтын заңдар нормаларының кемшіліктері жойылды; - 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 425-IV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-I Қа­зақ­стан Республикасының Заңына Респуб­ликаның нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты түрде құқықтық мониторинг жүр­гізу көзделетін өзгерістер енгізілді. «Нор­мативтік құқықтық актілер туралы» Заң­ның 43-бабы 1-тармағының 2-1) тармақ­ша­сында бұдан бұрын тек заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізу көзделген болатын; - Парламент Мәжілісіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы За­ңы­ның жобасы енгізіліп, ол жобада «Қа­зақстан Республикасы Конституция­лық Кеңесінің қыз­метіне кедергі жасағаны» үшін қыл­мыстық жауаптылық енгізу көзделген; - нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің мағы­на­­лық сәйкестігін қамтамасыз ету мақ­са­тын­­да «Қазақстан Республикасының заң шы­ғару институты» Мемлекеттік мекеме­сі­нің жанында Лингвистикалық орталық құ­рылды; «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақ­стан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы №15-ө өкімімен ор­­талық атқарушы органдардың бірінші бас­­шыларына мемлекеттік тілде заң жоба­ла­рын дайындаудың әрі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі заң жобалары мен халық­ара­лық шарттар мәтіндерінің тең түпнұс­қа­лығы жай-күйін жақсарту жөніндегі шара­лар­ды қолға алу тапсырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №590 қаулысымен «Норма шы­ғар­машылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысына Парламенттің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің бір-бірі­не сәйкестігін анықтау мақсатында міндетті түрде ғылыми лингвистикалық сараптама жүр­гізу көзделетін өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізілді. Одан тыс, бұдан бы­лай әзір­леуші мемлекеттік органдар қай­тара ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін өздерінің заң жобаларын Қа­зақстан Респуб­ликасы Заң шығару инсти­тутына беруге тиіс. Үкімет заңнамада кездесетін кемшіліктер мен қайшылықтарды тауып, жою үшін оған тексеру жүргізді. Осы тексеру нәти­жесі бо­йынша Парламент «Қазақстан Республика­сының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құ­қық нормалары арасындағы қайшы­лық­тар­ды, олқылықтар­ды, коллизияларды жә­не сыбайлас жемқор­лық құқық бұзу­шы­лықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 қаңтардағы №383-IV Қазақ­стан Рес­публикасының Заңын қабылдады. * * * Сонымен бірге, атап өтілген жалпы оң үрдістермен қатар Конституциялық Кеңес­тің шешімдерін орындамау немесе уақ­тылы орындамау, жартылай орындау фактілері сақталуда. Мәселен, 2009 жылғы 20 тамыздағы № 5 нормативтік қаулыда Конституциялық Ке­ңес «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заң­дастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV Қазақ­стан Республикасының Заңын қолданысқа енгізудің шарты ретінде ол Заңды Конс­ти­туциялық Кеңестің құқықтық позиция­лары­на сәйкестендіруді көздейтін заң жоба­сын Пар­ламент Мәжілісіне енгізуге бастама жа­сауды Республика Үкіметіне ұсынды. Алайда, Парламент Мәжілісінің қарауына мұн­дай заң жобасы арада бір жарым жыл­дан астам уақыт өткеннен кейін ғана енгізілді. 2009 жылғы 5 қарашадағы № 6 нормативтік қаулыда Конституциялық Кеңес ха­лық­аралық ұйымдар мен олардың орган­дары­ның шешiмдерi, Қазақстан Респуб­ликасы ратификациялаған халықаралық шарт­та осы шешiмдердiң Қазақстан үшiн мiн­деттi сипаты тiкелей көрсетiлген жағ­дайда, Республика ратификациялаған ха­лық­аралық шарттың заңдық сипатын алады деп атап көрсетті. Конституциялық Кеңестің бұл құқықтық позициясы әлі күнге дейін қолданыстағы заңнамада жүзеге асырылмағанын атап өткен жөн. Конституциялық Кеңестің мемлекеттік органдар, сот төрелігі органдары шешім қа­былдау кезінде Конституцияның 4-бабы­ның 2-тармағына сай Негізгі Заң нормаларының ең жоғары заңдық күші болатынын және тікелей қолданылатынын ескере отырып, Конс­титуцияның тиісті нормаларына сілтеме жасауға міндетті екендігі, Консти­туция­ның 39-бабының 1-тармағына сай заңдарда адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеулердің тізбесін ғана емес, оларды қолдану механизмдерін де бекіту қажеттігі; заң шығармашылығы процесіне қатысу­шы­лар қызметінің үйлесімділігі деңгейін арт­тыру, соның ішінде Парламенттің Конституцияда көзделген жағдайларда Үкіметтің оң қорытындысын алуы рәсімін, сондай-ақ үкі­меттік заң жобаларына түзетулер енгізу ке­зін­­де депутаттардың осы заң жоба­ларының тұжырымдамасын сақтауы туралы талапты заңнамамен реттеу арқылы деңгейін арт­тыру туралы позициялары мен ұсыныстары өзекті күйде қалуда. Осы баяндалған ұсыныстарды іске асыру конституциялық заңдылықты ны­ғай­ту жө­ніндегі іс-шаралар кешенінің үйлесімді бір бөлігіне айналмақ, ал конституциялық заңдылықты сақтау міндеті қоғамдық қатынастар субъектілерінің бәріне, бірінші кезекте мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына жүктелген. *** Мемлекеттік тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде қазақстандық конституционализм қоғам мен мемлекетті жан-жақты жаңғырту практикасының доктриналық негізі әрі тиімді кепілі болды және алдағы уақытта да бола бермек. Қазақстан Конституциясының 53-бабы 6) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республи­ка­сындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» осы жолдауды Республика Парламентіне жолдай отырып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өзінің ұйғарымдары мен ұсыныстары барлық мемлекеттік органдардың норма шығарма­шы­лығы және құқық қолдану қызметінде ескеріледі деп пайымдайды. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы  И. Рогов