• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 94

414 рет
көрсетілді

2011 жылғы 16 наурыз    Астана қаласы «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы   «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы­ның 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік ат­тестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ми­­нис­трінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемле­кеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 21 сәурдегі № 5191 тіркелген және «Заң газетінің» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1481) санында жарияланған)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгері­мін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде: 51, 52, 56, 57-тармақтардағы «(докторант, магистрант)», «(докторанты, магистранты)» деген сөздер алынып тасталсын; 58-тармақта «51, 52 және 56» деген сандар «39, 43, 52, 53, 54, 56 және 57» деген сандармен ауыстырылсын; 85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «85. Студент «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан «қанағатта­нар­­лықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге жазылып оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға жолдама алады және оны тапсырады.»; 95-тармақтың үшінші бөлігін алынып тасталсын; 102-тармақта «ресімделіп» деген сөзден кейін «осы Ереженің 97-тармағының негізінде» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 111-1 тармақпен толықтырылсын: «111-1. Мамандықтар бойынша тестілеу нысанында мемлекеттік емтиханды тапсыру кезінде академиялық лекке (немесе топқа) өткізіледі.»; 131-тармақта «бағалары туралы» деген сөздердің алдынан «мемлекеттік емтихан» деген сөздермен толықтырылсын; 147-тармақта: «беріледі» деген сөздің алдынан «ақысыз» деген сөздермен толықтырылсын; «қосымшасымен» деген сөздің алдынан «дип­ломдық жұмысты (жобасын) қорғау күні­нен бастап бір ай мерзімде» деген сөзбен толықтырылсын; 174-тармақта: «жоғарылату үшін» деген сөзден кейін «осы аралық аттестаттау кезеңінде» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 178-1 тармақпен толықтырылсын: «178-1. Курстың бағдарламасын толық кө­лемде орындаған, бірақ ең төменгі көшіру ба­лын ала алмаған білім алушыларға өз үлгері­мінің орташа балын көтеру мақсатында жазғы семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта оқуға және сол пәндер бойынша қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.»; 181-тармақта «51, 52 және 56» деген сандар «173, 174, 178» деген сандармен ауыстырылсын; 185-тармақта «және магистрлік дис­сертацияларды талқылау» деген сөздер «білім алушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын; 186, 187-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «186. Жоғары оқу орнының жетекшісі МАК төрағасына кандидатураларды 1 қарашаға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады: магистратура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы­ның болуы және осы ұйымдарда жұмыс істемеуі; докторантура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы­ның болуы және осы ұйымдарда жұмыс істемеуі. 187. МАК құрамына оның мүшелерінің құқықтарымен бірдей мыналар кіреді: магистратура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар (бейіндік магистратура үшін құрылған МАК-тың құрамына, сондай-ақ шығаратын мамандары­ның бейініне сәйкес келетін жоғары білікті мамандар); докторантура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар.»; 203-тармақта «ЖОО» деген сөздерден кейін «МАК төрағасының ұсынуы негізінде» деген сөздермен толықтырылсын; 205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «205. Осы Ереженің 204-тармағына сәйкес жүргізілетін тексеруден кейін докторанттардың диссертациялық жұмыстары сараптамадан өте­ді. Осы мақсатта біліктілігі (ғылыми немесе акаде­миялық дәрежесі) қорғалатын диссерта­циялық жұмыстың бейініне сәйкес келетін диссертация­лық кеңес мүшелерінің арасынан сарапшы та­ғайын­далады.»; мынадай мазмұндағы 205-1 -тармақпен толықтырылсын: «205-1. Магистрлік диссертацияларды қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Осыған сәйкес, қорғауға күніне кемінде 6-8 магистрант жіберіледі. Магистрлік диссертацияларды қорғау МАК-тың ашық кеңесінде оның 2/3 кем емес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. Бір магистрлік диссертацияны қорғау ұзақытығы 50 минуттан аспауы қажет. Магистрант магистрлік диссертациясын қорғау үшін МАК-тың алдында 15 минуттық баяндамамен сөз сөйлейді.», 206-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «206. Магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауы МАК-тың кеңесінде, докторанттардың қорғауы – диссертациялық кеңестерде жүзеге асырылады.»; 207, 208, 209, 210, 211-тармақтар алынып тасталсын; 212-тармақта: алтыншы абзацта «бір» деген сөзден кейін «рецензенттің» деген сөздермен толықты­рылсын; «бағасы («өте жақсы», «жақсы», «қанағат­танарлық» немесе «қанағаттанарлықсыз»)» деген сөздер алынып тасталсын; екінші бөлігінде «сараптама комиссиясы» деген сөздер «/және бітіруші кафедрасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 213-тармақ алынып тасталсын; 215-тармақта: «магистрліқ диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық» деген сөздер «МАК» деген сөзбен ауыстырылсын; «қосымшасымен бірге» деген сөздерден кейін «магистерлік диссертация қорғау күнінен бастап бір ай мерзімде»; екінші бөлігінде «Диссертациялық кеңес­тің» деген сөздер «МАК» деген сөзбен ауыс­тырылсын; 216-тармақ мынадай редакцияда жазыл­сын: «216. Магистранттардың қорытынды ат­тес­таттауы аяқталғаннан кейін МАК төрағасы магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижелері туралы есеп жасайды және оны екі апталық мерзімде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады.»; 217-тармақта: екінші бөлігінде «7» деген сан «11» деген санмен ауыстырылсын; «сараптама комиссиясының қорытын­дысына,» деген сөздер алынып тасталсын; 218-тармақта «және магистрлық диссер­тацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің» деген сөздер алынып тасталсын; 221-тармақта «әрбір мамандығы бойын­ша» деген сөздер «мамандық бойынша немесе маман­дықтар тобы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 221-1 тармақпен толықтырылсын: «221-1. Докторлық диссертацияларды қор­ғау диссертациялық кеңесте жүзеге асы­рылады»; 226-тармақта: үшінші абзац мынадай редакцияда жазыл­сын: «философия докторы (PhD), бейіні бойын­ша доктор ғылыми дәрежелеріне ұсыныл­ған диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) Комитет ұсынған ғылыми басы­лымда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес им­пакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін ха­лықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халық­аралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция мате­риалында жариялануы тиіс;» бесінші абзацты алынып тасталсын; алтыншы абзацта «оппоненттің» деген сөз «рецензенттің» деген сөзбен ауыстырылсын; 229-тармақ алынып тасталсын; 230-тармақтағы «үш тен кем емес» деген сөздер «үш-төрттен кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын; 231-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «231. Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері стенограммамен ресімделеді. Докторлық диссертацияны қорғау нәтиже­лері бойынша диссертациялық кеңес екі шешімнің біреуін қабылдайды: 1) докторантқа философия докторы немесе тиісті мамандық бойынша бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін беру және Комитетке қоры­тынды сараптама өткізу туралы қолдау көрсету; 2) философия докторы немесе тиісті мамандық бойынша бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін беруден бас тарту.»; 232-тармақта «докторлық диссертацияны қорғау жөніндегі» деген сөздер «философия док­­торы немесе бейіні жөніндегі ғылыми дә­режесін беру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; 233-тармақтың бесінші абзацты алынып тасталсын; 235, 236, 237-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «235. Докторанттардың кешенді емтиха­ны­ның нәтижелері бойынша МАК кеңестің төрағасы олардың нәтижелері туралы есеп жасайды және бір айлық мерзімде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады. 236. Докторанттардың кешенді емтиханда­рының нәтижелері туралы есеп кестелер мен түсіндірме жазбаны қамтиды. 2 кестеге осы Ереженің 11-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер жазылады. Түсіндірме жазбада: 1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнында докторлар даярлаудың деңгейлері; 2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме; 3) аталған мамандық бойынша доктор­ларды даярлаудың сапасын талдау; 4) докторлар даярлаудағы кемшіліктер; 5) докторлар даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар жөнінде мәліметтер болуы қажет. 237. Докторанттардың кешенді емтиханда­рының нәтижелері туралы есепті МАК төрағасы қол қояды, жоғары оқу орнының ғылыми кеңе­сінің отырысында талқыланады және бекітіледі.»; 238-тармақ алынып тасталсын; 239-тармақта «қорытынды аттестация» деген сөздер «кешенді емтихан» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 239-1 тармақпен толықтырылсын: «239-1. Жыл сайын диссертациялық кеңес ағымдағы жылғы қаңтарда білім беру сала­сындағы уәкілетті органға кесте мен түсіндірме жазба енгізілген докторлық диссертацияларды қорғаудың нәтижелері туралы есеп береді. 3, 4 кестеде осы Ережеге 11-қосымшада келтірілген көрсеткіштер көрсетіледі. Түсіндірме жазбада: 1) докторлық диссертациялардың ғылым­ның, техниканың, мәдениеттің және өндірістің қазіргі жай-күйіне сәйкестігі; 2) докторлық диссертациялардың орында­лу сапасы.»; 240-тармақтар мынадай редакцияда жа­зыл­сын: «240. Докторанттардың докторлық диссер­та­цияны қорғау нәтижелеріне докторлық дис­сертацияны қорғаған докторанттардың тізімі олар­дың аты-жөні мамандығы, берілген дип­лом­ның нөмірі көрсетіле отырып тіркеледі. Тізімге жоғары оқу орнының басшысы қол қояды.»; мынадай мазмұндағы 241-тармақпен то­лық­тырылсын: Осы Ереженің 9-қосымшасында 4) тармақ­шада «Сараптау кеңесінің қорытындысы» деген сөздер «Бітіруші кафедрасының шешімі» деген сөздермен ауыстырылсын, «ұсынылады» деген сөздің алдынан «кафедраның атауы көрсе­тіледі,» деген сөздермен толықтырылсын; Осы Ереженің 10-қосымшасындағы қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Респуб­ликасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралда­рында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау­ды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жариялан­ған­нан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Б. ЖҰМАҒҰЛОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 25 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6900 болып енгізілді.