• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Шілде, 2011

«Алаш аралы» деп аталса дұрыс болар еді

577 рет
көрсетілді

Егемен ел атанып, тәуелсіздік туын тіктегеннен бергі жерде Алаш арыстарының ізі қалған қасиетті Семей шаһары өзгеріс-жаңалықтардан кенде емес. Он­ың ең бастысы сол, осыдан төрт жыл бұрын қала аты Елбасы Жарлығымен бір ізге түсіп, содан беріде тек Семей деп қана аталатын болды. Бұл тәуел­сіз­дік­ке қол жеткізгеннен бергі жердегі семейліктердің көкейінде жүр­ген асыл арманы еді. Айтпағымыз – Семейдегі ерке Ертіс өзені айырығындағы табиғаты ерекше арал хақында. Алаш арыстарының ізі қалған бұл арал туралы «Егеменде» бұдан  бұрын да жазғанбыз. Күш иесі Қажымұқан, күміс көмей әнші Майра, дүлдүл ақын Иса, халқымыздың маң­да­йына біткен тағы басқа шын мәніндегі жа­рық жұлдыздар думандатып де­ма­ла­тын, туған халқының жай-күйін талқыға салатын осы жер бү­гін­де қайтадан «Полковник аралы» деп аталады. Ал оның негізгі атауы «Түйемойнақ» бо­ла­тын. Патшалы Ресейге бағы­нышты болған сәттен бастап «Полковник аралы» деп аталып кеткен ғой. Одан бергі кеңес заманында ұзақ жыл Киров атындағы арал атанғаны және бар. Ал біз бол­сақ, ендігі жерде оның «Алаш аралы» атануға әбден қақысы бар дегенбіз. Өкінішке қарай, баяғы жартас, бір жартас қалпында. Қала­ның жаңа басшылығы соған орай өзінің нақты пікірін айтады деген сенімдеміз. Дәулет СЕЙСЕН, Семей.