• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2011

Топырақ құнарлылығы кеміп барады. Неге?

483 рет
көрсетілді

Сіз не дейсіз? Табиғат байлығы шексіз емес. Одан алғаныңның ор­нын толтырып отырмасаң, келер ұрпақты несібесінен қағуың бек мүмкін. Қазір елімізде егістік алқаптың то­пы­рақ құнарлылығының кеміп бара жатқаны алаң­дау­шылық туғызуда. Жалпы об­лыс өңіріндегі топырақтың құнарлылығы қай деңгейде? Топырақ құнарлылығын қал­пы­на келтіру үшін қандай жұмыстар жасалуда?   «Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі Сатыбалды СӘУІРБАЙ    Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің өкілі Тілекқабыл ЕРМЕКБАЕВҚА: – Сіз бұған не дейсіз? – Бүгінгі таңда болып жат­қан ғаламдық құбылыстар, та­биғи ре­сурстардың шектеулілігі, ауа ра­йы­ның өзгеруі ауыл шаруашы­лы­ғы саласында ыл­ғал және ресурс үнемдеу тех­нологиясын пай­дала­нуды алға тартып отыр. Біздің орта­лық­тың мамандары облыс­тың егістік алқабына агрохи­мия­лық зерт­теу жұмыстарын жүр­гіз­ді. Нәтижесінде Әйтеке би ауда­нын­да – 198,25 мың, Қарғалы ау­данында -116,44 мың және Хромтау ау­да­нында – 119,02 мың гектар жер ма­мандардың бақылау­ы­на алын­ды. Бұл ал­қап­тар топырақ құнар­лы­лығын қалпына келтіру жұмыс­тарын жүргізуді қажет етеді. Облыс аумағындағы егістік алқаптың 87,9 пайызында қара­шірік көлемі өте төменгі дең­гей­де екендігі анықталды. 776,44 мың гектар жерде топырақ құ­рамында қоректік заттар азайып кеткені белгілі болды.Осы ал­қаптардың 23,9 пайы­зын­да жыл­жымалы фосфор кеміген. Мұ­ның өзі егістік алқап­та­рын­да минералды тыңайт­қыш­тарды пай­даланудың кемшін соғып жатқанын көрсетеді. Көп жағ­дайда егіннің бітік өспеуі то­пырақ құрамында фосфор, азот және басқа мине­рал­ды тыңайт­қыштардың жетіспеушілігінен бо­латыны ғылыми тұр­ғыда дә­лелденген. Ылғал жинау жә­не сақтау, топырақтың құнарлы­лы­ғын сақтау мен қал­пына келтіру шараларын жүйе­лі жүргізу өн­імділікті тұрақ­тан­дырады және арттырады. Жыл­дық орташа жау­ын-шашын кө­лемі 250-300 миллиметр түсе­тін ­қызыл қо­ңыр топырақты бі­з­дің өңірде жаңа технология­лар­ды қолдану 25 пайыздан 50 пай­ызға дейін ар­туы әбден мүмкін. Отандық тауар өндіруші­лер­ді қолдау мақсатында облысқа биыл 61 тонна аммофос, 209 тон­на аммиак селитрасын алуға арнайы квота бөлінді. Дегенмен, мамандар топырақты ыл­ғал­­дан­дыратын, қоректен­діре­тін тың­айтқыштардың әлі де аздық ететінін алға тартуда. Сұ­ранысты толық қамтамасыз ету үшін ­қо­сымша 10040,0 тонна азот, 18627 тонна фосфор қажет. Біз егіншіліктен жөнді өнім ала алмасақ, оны бірыңғай ауа ра­йы­ның қуаңшылығына жаба салмай, топырақ құнарлылығын арттыру шараларын да қолға алуымыз қажеттігін түсінуіміз керек. Біздің облыстың егістік алқаптарында калий көп бол­ғанмен, фосфор тапшылығы бел­гілі. Ал еліміз фосфор қоры жағынан әлемде бесінші ор­ын­да. Облыста Шилісай кен ор­нындағы фосфорды Мамыттың қоңыр көмірімен араластыру арқылы тыңайтқыш алып, оны егістікке қолдансақ, ұтпасақ ұтылмаймыз. Сондай-ақ, құнар­лылығы кеміген жерлерге көп­жылдық екпе шөптер егу оны биологиялық тыңайтуға мүм­кін­дік береді. Әзірге мұндай игілікті іске көптеген шаруа­шылық құрылымдары басы ар­тық шаруа, қаржы кетеді деп қарайды. Бұл дұрыс емес. Жал­пы, топырақ құнарлылығын қал­пына келтіруге түбегейлі кірісетін кез жетті. Ақтөбе облысы.