• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2011

Ақын тойы – ел мерейі

494 рет
көрсетілді

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қа­расаз ауылында 29-30 шілде аралы­ғын­да Мұқағали Мақатаевтың 80 жыл­дық то­йы­на арналған салтанатты шаралар өтеді. Бүгінде барша жырсүйер қауым Мұ­қа­ғали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтуде. Біз бұл сөзімізге дәлел ретінде еліміздің барша өңірлерінде дерлік ақын шығармашылығына арналған әдеби- көпшілік шаралар мен ғылыми-танымдық конференциялардың өткендігін айтсақ та жеткілікті. Енді міне, сол той ақынның туған ауылында жалғаспақ. Той бағдарла­ма­сында жұртшылық үшін мынандай іс-ша­ралар қарастырылған. • Той қонақтарының Райымбек батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қоюы; • М.Мақатаевтың сөзіне жазылған ән­дер­ден өткен республикалық «Жырлайды жүрек» байқауының, ақынның өлеңдерін оқудан өнер көрсеткен жеңімпаз жеткін­шек­­тердің концерті; • М.Мақатаев ескерткіші мен мемо­ри­алды музейінің салтанатты ашылуы; • Қарасаз ауылдық Мәдениет үйінде М.Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына арналған ғылыми конференция; • «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін!» атты жазба ақындардың жыр мүшәйрасы; • «Жырлайды жүрек» атты М.Мақа­та­ев­тың сөзіне жазылған әндерден мерекелік концерт; • Шалкөде жайлауында мерейтойдың салтанатты ашылуы; • Театрландырылған қойылым және мерекелік гала-концерт; • Мұқағали ақынның құрметіне берілетін ас; • Ат спорты түрлерінен жарыс; • Жиын қорытындысы, қонақтардың аттануы.