• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2011

Тепловоздар тоқтамауы үшін

429 рет
көрсетілді

Атырауда отын қоймасы қайта жаңғыртылды «ҚАЗАҚСТАН-ОЭК» ЖШС («ҚАЗАҚ­СТАН – Отын-энергетикалық кешені») отан­дық мұнай өнімдері нарығында 2001 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Компанияның әріптестермен және клиенттермен жұмыс істеуде 10 жылдық табысты тәжірибесі бар. Мұн­дағы кәсіби ұжым және техникалық мүм­кіндіктер қызметтер кешенін қажетті көлемде және шапшаң жүзеге асыруға жол ашып отыр. «Қазақстан-ОЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл еліміздің Көлік және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күнін негізгі әріптестері «Қазақстан темір­жолы» ҰК» АҚ-мен бірге арнайы дайындаған Инвестициялық бағдарлама аясында заманауи технологиямен жарақтандырылған Атырау отын қоймасын пайдалануға берілуі салта­на­тымен ерекше атап өтті. Салтанатты ашылу рәсімінде компания қызметінің негізгі тұты­нушысы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның вице-президенті Е.Сұлтанов, «Локомотив» АҚ президенті М.Медеубаев, Атырау магистралды желi­лер бөлiмшесінің директоры О.Райысов Ин­вес­тициялық бағдарлама шешімінің маңызды­лығын атап өтіп, қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Нысанды пайдалануға беру нәтижесі жобаға сәйкес сұйық қойма паркінің жалпы сақтау көлемі ұлғайтылуы, бөшке ыдысқа майды өлшеп құю цехының салынуы серіктестіктің қызметкерлері мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларының назарына ұсынылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Е.Сұл­танов мырза құттықтау сөзінде, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бүгінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырғанын, атап айтқанда еліміздің көлік әлеуеті деңгейінің жоғарылауының, те­мiр жол және оның құрамының жаңғыртулар бойынша өткiзiлетiн іс-шаралар бойынша ал­ға басуы растайды, соған байланысты «Қа­зақстан-ОЭК» ЖШС-ның қалпына келтiру жобасы республиканың барлық темiр жол инфрақұрылымын жаңартуда құрама бөлiк болып табылады, – деді. Өткен жылы компанияның сапа менеджменті жүйесінің халықаралық ISO-9001:2008 стандартының талаптарына сәйкестігін UKAS (United Kingdom Accreditation Service) тағай­ындаған сертификаттау жөніндегі «BM TRA­DA Certification» Британ Корольдігінің ор­ганы сертификаттаған. Сертификаттау саласы – мұнай базаларының қызметтері – мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және өткізу. ISO-9001:2008 халықаралық стандарттар талап­та­рына сәйкестілік ХСС сертификатының берілуі – тұтынушылар мен тапсырысшылардың талап-тілектерін қанағаттандыруға көзделген қызмет сапасының қамтамасыз етілуін дә­лелдейді. Биыл компанияның инспекциялық аудиттен сәтті өтуі нәтижелі жұмысты, сон­дай-ақ компанияның сапа менеджменті жүйе­сін үнемі жақсартып отыруын растады. Қызметтің ашықтығы, әрі айқындығы – компания табыстылығының кепілі. Компа­ния­ның қаржылық есебі халықаралық стандарт­тарға (IFRS) сәйкес келеді. Оған халықаралық аудиторлық компаниялар («KPMG Audit», Deloitte&Touche) өткізетін жыл сайынғы аудит дәлел бола алады. Сонымен қатар, аудиттелген қаржылық есептің жыл сайын сәуір-мамыр айларында алынуы компания қызме­ті­нің табысты нәтижесі болып табылатынын атап өту керек. Өйткені, аудиттелген қаржы­лық есептің сондай, немесе ертерек кезде алынуы тек бағалы қағаздары халықаралық қор нарықтарында және жеке ұлттық компанияларда орналастырылған бұқаралық компанияларда ғана болады. Компания қызметтері бағасының құрылу айқындылығы жыл сайын заңнамаға сәйкес бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің тауардың сатылу бағасының негізделген деңгейін қарастыру және мақұлдау процедурасынан өту арқылы қамтамасыз етіледі. Себебі 2008 жылдан бастап, «ҚАЗАҚ­СТАН-ОЭК» ЖШС Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің шешімімен басым жағдайға ие нарық субъек­тілері реестріне енгізілді. Бұдан басқа моно­по­лияға қарсы заңнама талаптарына сәйкес, компания тұрақты негізде, сәйкес мемлекеттік органдарға қажетті есепті, соның ішінде тоқ­сан сайын қаржылық есепті беріп отырады. Компанияның бас директоры Мейрамгүл Жүзбаеваның айтуынша, стратегиялық міндеттерді іске асыруды ескергенде, қаржылық көрсеткіштердің қозғалысы жалпы компания жұмысының табыстылығын куәландырады. Мысалы, 2011 жылдың 1 жарты жылдығының нәтижесі бойынша компания өтімділігінің өсу қарқыны 2008 жылмен салыстырғанда +58% құрады. Ал активтер кірістілігі 13,2 пайызға өсті. Бұл компанияның тұрақты қаржылық жағ­дайын растайды. Осылайша компания опе­рациялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру қажеттілігін қамтамасыз ететін өтімділіктің қажетті қорына ие. Айнал­малы капиталды қаржыландыру бойынша, әрі өндірістік нысандардың құрылысы мен қайта құрылуына арналған ашық несиелік бағыт­тар­дың болуы компанияның қосымша қаржы­лық икемділігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ компанияның тартымдылығын және несиелік қаржыны берген қаржы құрылымдарының сенімін дәлелдей түседі. Компания қызметін негізінен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ («ҚТЖ») және оның еншілес ұйымдары тұ­тынады. Қажетті өндірістік жабдықпен, кіріс жолдармен, жанар-жағармай материал­да­рын (ЖЖМ) және қатты отынды сақтауға арнал­ған ыдыстармен, сұйық қоймалармен жабдық­талған қоймалардың тармақталған желісінің болуы, сондай-ақ қоймалардың теміржол та­рау­лары бойында орналасуы «ҚАЗАҚСТАН-ОЭК» ЖШС-ға тапсырысшының талаптарына сәйкес оның локомотивтеріне ұтқыр, әрі са­палы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл компанияда майлар мен жағармайлардың жыл­дық айналымы 30 000 тоннаны, соның ішінде дизельді майлар 450 тоннаны, бензин 20 000 тоннаны, мазут пен көмір 300 000 тон­наны құраса, локомотивтерді дизель отыны­мен жабдықтау көлемі 720 000 астам тоннаны құрайды. «ҚАЗАҚСТАН-ОЭК» ЖШС-ның ре­сурстық базасының құрамына Қазақ­стан­ның едәуір аумағын (80%) алып жатқан 53 отын қоймасынан тұратын желісі кіреді. Осы қоймаларға дизельді отынды, майларды және жағармайларды сақтауға арналған сыйымды­лығы 315 мың текше метрден асатын сұйық қоймалар, сондай-ақ қатты отынды сақтауға арналған жалпы ауданы 160 мың шаршы метр­ден асатын арнайы алаңқайлар кіреді. «ҚАЗАҚСТАН-ОЭК» компаниясы толы­ғы­мен жеке меншік компания болып табы­ла­ды. Компания өз бастамасымен 2010 жылдан бастап Инвестициялық отын қоймаларын қай­та құру бағдарламасын іске асыра бастады. Инвестициялық бағдарламаның шараларын жүзеге асыру арқылы іске асырылатын мақ­саттар мен міндеттер республиканың жалпы индустриялық даму, соның ішінде негізгі өндірістік қорларды модернизациялау, қайта құру, салу және күрделі жөндеу страте­гия­сы­на сәйкес келеді. Инвестициялық бағдарлама­ны жасаудың бірінші кезеңі отын қоймал­а­ры­ның техникалық жағдайын толық тексеру және табылған сәйкессіздіктерді жою жөнін­де­гі жобалық шешімдерді анықтау болды. Бұл жұмысты «Казгипронефтетранс» ШК» ЖШС жобалық институты жүргізді. Отын қой­маларын қайта құру қатаң түрде маманданған жобалық ұйымдар әзірлеген жобалық-сме­талық құжаттамаға сәйкес жүзеге асы­рылады. Ол ұйымдардың ішінде мемлекеттік сараптамадан өткен «Интранском» ЖШС, «Мұнай­графика» ЖШС, «Ақмарал» ЖШС бар. Ин­вестициялық бағдарламаны іске асыру қоры­тындысы бойынша компанияның барлық отын қоймалары тек қазақстандық қана емес, сонымен қатар халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келуі тиіс. Былтыр Жамбыл станциясында отын қой­масының сақтау қызметтерін есепке алу мен бақылау үдерістерін кешенді автоматтандыру жүйесі енгізіліп, қайта құру жұмысы толы­ғымен аяқталды. Бұл автоматтандыру жүйесі локомотивтердің багына ЖЖМ-ды қашық­тық­тан құюға және ЖЖМ қозғалысын авто­матты түрде есепке алуға (соның ішінде мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға және жіберуге) мүмкіндік береді. Оған қоса, IP-телефонияға тікелей қосылу арқасында өнді­рістік нысаны және бастапқы деректерді жинап-біріктіретін бөлімше арасында деректерді электрондық нұсқада кодтап алмасуға мүм­кіндік туды. Сөйтіп, отын қоймаларында енгізілетін кешенді автоматтандыру жүйесі авто­матты бақылау жүргізуге (соның ішінде «он-лайн режімінде») және өндірістің техно­логиялық үдерістерін басқаруға, сонымен бірге, мұнай өнімдерін қабылдауға, ауыстырып құюға, сақтауға және жіберуге, ЖЖМ қозға­лы­сы жөніндегі деректерді автоматты орта­лық­тандырылған түрде жылдам жинақтауға, есепке алуға және өңдеуге мүмкіндік береді. Еліміздің бүкіл аумағында орналасқан 53 отын қоймасының жұмыс істеуі жағдайында мұның маңызы өте зор. Жақында Атырау қаласындағы отын қой­масында қайта жаңғырту аяқталды. Өндірісті тұрақтандыруға және нарық құбылма­лылы­ғының тәуекелін төмендетуге, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қажеттілігін үнемі қамтамасыз етуге қажетті көлемдегі өнімдер қорын құру үшін мұнай өңдеу зауыттарының маңында орналас­қан отын қоймаларындағы сұйық қойма паркін ұлғайту «ҚАЗАҚСТАН-ОЭК» ЖШС-ның стратегиялық шешімдерінің бірі болды. Аты­рау отын қоймасын қайта құру жұмыстары 2010 жылдың желтоқсанында басталды. Қай­та құру барысында әбден ескірген, пайдалану мерзімі 30 жылдан асқан барлық жабдық, әлдеқайда әлеуетті отандық және импорттық өндіріс баламасына ауыстырылып, жаңартыл­ды. Жаңа төменгі ағызу құрылғысын (УСН-150), жоғарғы құю құрылғысын (УНЖВ-100АС-02) монтаждау арқылы теміржол ағы­зу-құю эстакадасы модернизацияланды. Мұ­най өн­ім­дерін қабылдау және жіберу үшін мани­фоль­ды технологиялық жүйесі бар сорғы стан­сасы жетілдірілді. Мұнай өнімдерін темір жол цистерналарынан сұйық қоймаларға (РВС) ағызу және ауыстырып құю үшін өнім­ділігі сағатына 120 текше метр болатын 6НК-9л1с сор­ғы орнатылды. Бұл ағызу уа­қы­тын қысқар­тып, вагондық цистернаның босқа тұ­рып қал­мауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге сый­ымдылығы 200 литр бөшке ыдысқа май құюға арналған жиілік өңдегіші бар өнім­ділігі саға­тына 2,5 текше метрлік НМШ5-25-2,5 үлгідегі сорғы орнатылды. Жыл­дың суық кез­дерінде қабылданатын май­ларды жылыту үшін арнайы ГЖЭ-55 жабды­ғы пайдала­ны­лады. Жобада құрылыс құрылымдарын тотығу­дан және гидрооқшаулықтан қорғау қарас­ты­рылып, толықтай орындалды. Мұнай өнімде­рін қабылдауға, сақтауға және жіберуге ар­нал­ған нысандарды салуда мол тәжірибесі бар қазақстандық компания – «ГлобалСтройСнаб» ЖШС Атырау станциясының отын қой­масын қайта құру жобасы бойынша бас мердігер болып таңдалды. Компанияның бү­кіл штаты жоғары білікті мамандардан құ­рал­ған. Осы жобаны іске асыру кезінде бас мердігер құрылыс үдерістеріне қазақстандық құрылыс материалдарын мейлінше көбірек қолдану қағидасын басшылыққа алды. Көлемі 3000 текше метр және 75 текше метрлік барлық сұйық қойма паркін, барлық дренаж­дық ыдыстарды және металл құрылымдарды қазақстандық кәсіпорындар жасаған. Сорғы жабдығы, тыныс клапандары, ысырмалар, же­ңіл-желпі тазартуға арналған сүзгілер Кедендік Одақ елдерінің өнімдері болып та­былады. Сәйкесінше, Атырау станциясының отын қой­масын қайта құру жобасына са­лынған инвес­тициялардың 70 пайызы қазақ­стандық қаты­су­мен қамтамасыз етілді. Сөй­тіп, жобаға сәй­кес сұйық қойма паркінің дизель отынын жалпы сақтау көлемі 6 859 текше метрден 14 679 текше метрге дейін ұлғайтылды. – Қазақстанның теміржолдарымен жүк тасымалдайтын, жолаушыларды бір қаладан екінші қалаға жеткізетін жолаушылар құра­ма­ларын жеткізетін тепловоздар үнемі тоқ­та­мауы үшін біздің қызметіміздің маңызы зор. Сол себептен біз барлық станциялардағы отын қоймаларын жаңғыртуды қолға алдық. Биылғы жыл аяғына дейін, – дейді «Қаза­қстан-ОЭК» ЖШС бас директоры Мейрамгүл Жүзбаева, – тағы да 8 станциядағы отын қой­масы жаңғыртылады. Алдағы уақытта Аты­раудағы отын қоймасының қызметін есепке алу мен бақылау үдерісін кешенді автомат­тандыру жүйесімен қамтамасыз ету ойда бар. Жалпы Атырау станциясындағы отын қойм­а­сын жаңғыртуға шамамен 1 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынды. Келешекте Қазақ­стан – Түркіменстан шекарасындағы Болашақ станциясында, сондай-ақ, Қазақстан – Қытай шекарасындағы Алтынкөл станциясында жа­ңадан отын қоймасы салынатын болады. Бұл жаңадан салынатын қоймаларда 50 жұмыс орны ашылады. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы. Суреттерде: «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице президенті Е.Сұлтанов, «Локомотив» АҚ президенті М.Медеубаев және «ҚАЗАҚСТАН-ОЭК» ЖШС бас директоры М.Жүзбаева Атырау отын қоймасының салтанатты ашы­луы сәтінде.