• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2011

Әр фестивальдің өз жаңалығы болады

440 рет
көрсетілді

19-24 қыркүйек аралы­ғын­да Алматы қаласында VII халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Фестиваль Мәдениет министр­лігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы және Кинематографистер одағы мен «Еуразия» халықаралық кинофестиваль дирекциясының мұ­рындық болуымен ұйымдас­тырылып отыр. Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің фильмдері сайыс­қа түсіп жүрген фестивальдің кон­курстық бағдарламасына 2011 жылы ма­ңыз­ды өзгеріс енді. Би­ылғы жылы «Еуразияның» аясы кеңейіп, Еуропа, Азия және ТМД елдерінің жаңа туындылары бақ сынайтын ауқымды халықаралық конкурсқа айналды. Фестиваль барысында үздік фильм (Бас жүл­де), үздік режиссура, сондай-ақ үздік актер мен үздік актрисалар арнайы жүлделермен марапатта­ла­ды. «Еуразия-2011» кино­фе­сти­ва­лі­нің халықаралық қазылар алқа­сын оңтүстіккореялық режиссер Ким Ки Дук басқарады. Оның «Ариранг» атты соңғы картинасы «Ерекше оқиға» бағдарламасы бой­ынша көрсетіледі. Қазылар ал­қасының құрамына жапон режиссері Йоичи Сай, Ресей халық әртісі, режиссер Владимир Хотиненко және француз актері, режиссер, сазгер Жиль Маршан кіреді. Бағдарламаның жоғарғы дең­гейі мен конкурстық кинофестивальдан талап етілетін әлемдік стандарттар нәтижесінде «Еуразия» кинофестивалінде ФИПРЕССИ және НЕТПАК киносын­шы­ларының қазылар алқасы осымен үшінші жыл қатарынан халық­ара­лық қазылар алқасымен тең жұ­мыс жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн. Конкурстық бағдарла­ма­дағы өзгерістің маңыздылығы қа­зақстандық картиналардың шетелдік жетекші кинотаспаларға бә­секелес ретінде қатысуында бо­лып отыр. Бұл қазіргі таңда Қа­зақстанның киноиндустриясында болып жатқан оң өзгерістерге де байланысты. 2010 жылы отандық кино үш­ін көрермендердің қызығушы­лы­ғын арттыратын фильмдер тү­сіруде айрықша мүмкіндіктер пайда болды. Бұл кинорежис­сер­лердің жаңа буынына үлкен мүм­кіндіктер берген жыл дер едік. Атап айтсақ, «Еуразияның» был­тырғы конкурстық бағдарлама­сы­на 15 шақты қазақстандық фильм­нің ішінен А.Сатай мен Ф.Шәріповтің фильмдері іріктеліп алынған болатын. Биыл байқауға жан-жақтан үміттерін үкілеген 20-ға жуық фильм ұсынылып отыр. Айта кету керек, бұл ту­ындылар бір-біріне мүлдем ұқса­май­тын, өзіндік өрнегі бар, әр­қай­сысы өз алдына дара фильмдер. Соған қарағанда 2011 жыл отан­дық киноөндіріс үшін қарқынды өзгерістер жылы болмақ. Биылғы жылы түсіріліп бол­ған фильмдердің ішінде Р.Әб­дірашевтің эстетикалық сұлу­лығы­мен баурап алатын «Балалық шағымның аспаны» фильмін, А.Сатайдың «Ликвидатор», С.Тә­уе­келовтің «Жерұйық», Е.Нұрмұ­хам­бетовтың «Аңшы бала» және Д.Саламаттың «Кішкентай» филь­мін ерекше атап өтуге болады. Г.Насыровтың «Гәкку», Ж.Поша­нов­тың «Жел қызы» және Т.Бай­түкенов пен Т.Қасымжановтың «Супербаха» фильмдері кине­ма­то­графиялық тәжірибелік әдісте­рімен ерекшеленеді. Автордың кейіпкер мен уақыт жөніндегі ойын, сезімін дәлме-дәл жеткізетін өнер осы кинематография екенін Д.Өмірбаевтың «Студент», Н.Төребаевтың «Шуақты күндер» фильмінен аңғаруға болады. Дәстүр бойынша биылғы жы­лы да «Еуразия» кинофестиваліне әлемдік кино жұлдыздары қаты­сады. Биыл фестивальдің негізгі қонақтарының арасында «Оскар» сыйлығының жүлдегері, француз актрисасы Жюльет Бинош, аме­ри­калық актер, продюсер әрі сценарист Оуэн Уилсон бар. Қанат ЕСКЕНДІР. Алматы.