• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2011

Орыс театры – Елордада

419 рет
көрсетілді

Астанаға гастрольдік сапармен келген М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бес күн қатарынан (26-30 тамыз) К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында ұсынатын сахналық туындылары негізінен Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі құрметіне арналады. Дәлірегі, театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рубен Андриасянның БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында айтқанындай, Шың­ғыс Айтматов пен Қалтай Мұха­мед­жановтың «Көктөбедегі кездесу» екі бөлімді драмасы ел ме­рейтойына тарту ретінде көрер­мен назарына ұсынылмақ. «Бұл спектакльді мерекеге не үшін лайық деп есептейсіз?» деген сұ­ра­ққа режиссер: «Өйткені, мұнда адамның ар-ұжданы туралы те­рең ой қозғалады. Адамды адам ретінде сақтап қалатын қашанда оның бойындағы осындай қа­сиет­тері деп есептеймін. Бұл бір күндік мәселе емес, ол замандар бойы адамзат баласының ақыл-ойына арқау болып келе жатқан өзекті тақырып. Мұндай намыс пен ардың сөзі шығармашылық иелерін мәңгі толғантып, тебірентіп отыруымен мәнді болып қала береді. Сол себепті де қос қа­лам­гердің өмірі ескірмейтін, әлі талай шымылдықтың шынайы кө­рі­нісіне ұйытқы дерлік туын­ды­сын ел тойына лайықты тарту ретінде әдейілеп таңдап ұсындық» дейді. Театр директоры Юрий Якушев елордалық көрермендердің классикалық шығармаларды өте жылы қабылдайтынын айтып, сол үшін де Марк Камолеттидің «Алты адамдық пижама» коме­дия­­лық туындысын осы күндері кө­рер­мендер назарына ұсынуды жоспарлап келгенін әңгімеледі. Әлем сахналарында ең көп қой­ылған спектакль ретінде Гин­нес­тің рекордтар кітабына енген шы­ғарманы халыққа мүлтіксіз мә­нермен жеткізуге бір кісідей еңбек сіңірген режиссер Владимир Молчановтың да қол­таң­ба­сын елордалық көрермен жақын­нан бағалау мүмкіндігіне ие болып отыр. Белгілі театр және кино режиссері Рустам Ибрагим­бековтің «Әредік кездесу үшін әріптес іздеймін» екі көріністі тра­гикомедиясын сахналаған Игорь Гонопольскийдің бұл дүниесін көрермен осыдан жеті жыл бұ­рын тұшына қабылдағаны, ал­ғаш­қы қойылымын пьеса авто­ры­ның өзі келіп тамашалағаны ха­лық жадында. «Аптап шөлдің аппақ күні», «Урга – махаббат мекені», «Сібір шаштаразы», «Көш­пенділер» фильмдері арқы­лы көпшілікке етене таныс сценарийші қазақстандық әріптес­тері­нің жаңалығын естігенде: «Бұл спектакльді Бакуден кейін өз сах­насына көтерген Алматы театры деп қуаныштан жүрегі жарыла жаз­дапты». Енді, міне, осы үш таңдаулы дүниеге елордалық жұрт­шылықтың куә болар сәті туып отыр. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, Суретті түсірген  Орынбай БАЛМҰРАТ.