• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2011

Береке бастауы – белсенділік

264 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Әділбек Жақсыбековтің төр­ағалық етуімен министрліктің алқа отырысы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Қарулы Күштерінің сапа көрсеткіштеріне байланысты бір­қатар мәселелер қаралды. Қатысушылар әскери тәртіп пен құқық қорғау жағ­дайын, сондай-ақ Қарулы Күштер инфрақұры­лым­дарының қысқа әзірлігін талқылады. – Қорғаныс министрлігі қызметін­дегі ұйымдастыру мәселелеріне ел басшы­лығы баса назар аударып келеді. Қарулы Күштердің өмір тынысындағы барлық бағыттар бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық шешімдер қабыл­дануда, – деп атап өтті өз сөзінде Қор­ғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. – Осыған байланысты және Әскери док­тринаға сәйкес, сондай-ақ Мемлекет бас­шы­сының нұсқауымен өткізілген шаралар бізден, Қарулы Күштерден бо­лашақта жауынгерлік әзірлік деңгейін көтеру үшін жүйелі талдау жасауды және тиімді шара қабылдауды талап етеді. Күн тәртібіндегі – Қарулы Күштер инфрақұрылымының қысқы кезеңге әзірлігі туралы екінші мәселе де маңызды болды. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері.