• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2011

Ата Заң – айна

425 рет
көрсетілді

Осыдан он алты жыл бұ­­рын тәуелсіз Қазақстан хал­­­қы жал­пы­ұлт­тық референдумда өз таң­дауын жасап, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ликасының жаңа Конс­титуциясын қабылдаған бо­ла­тын. «Көптің сөзі – киелі» демекші, Конституция жо­басы қабыл­данбастан бұрын бұ­қаралық ақ­парат құралдарында жарияланып, ел-жұрттың талқы­сы­нан өтті, ал 1995 жылдың 30 та­мызында өткен осы референдумда әрбір Қазақ­стан азаматы демо­кра­тиялық, зай­ырлы, құқық­тық және әлеуметтік мемлекетте өмір сүруге деген ниетін айқын білдірді. Бас­ты құ­жа­тымыз – Ата Заңымыздың авторы бүкіл Қазақ­стан халқы десек, еш қателеспейміз. Жаңа Конституция қадамын енді басқан жас мемлекеттің қо­ғамдық және мемлекеттік құры­лы­мының негіздерін қалап берді. Тәу­елсіз Қазақстанның алған асу­лары мен жеткен жетістіктерінің кепілі болған ол қазақстандық қо­ғамды жаңарту міндетін алға қой­ды. Сон­дықтан да, еліміздің Ата Заңының негізгі құндылықтары ретінде адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, халық бірлігі және ортақ тарихы тағдырлас бар­лық ұлт өкілдерін қазақ жерінде біріктіру болып танылған. Консти­туцияның «Бiз, ортақ тарихи тағ­дыр бiрiктiрген Қазақстан хал­қы...» деп басталуы тегін емес. Салыстырмалы түрде он алты жылдық қысқаша тарихында Конституция өзінің тиімділігін көрсе­тіп, ел ішінде ғана емес, халық­ара­лық аренада да үлкен беделге ие болды. Республикамыздың осы жылдардағы барлық жетістіктері Конституция мен оның негізінде қабылданған қолданыстағы заңна­маның нақты нәтижесі болып табылады. Ата Заңда барлық қазақстан­дықтарға ортақ құндылықтар бекітілген. Бұл – жүздеген этнос, он­даған діни қауым өкілдері тату-тәтті, достық пен келісімде өмір сүріп жатқан қазақ жерінің қ­а­сиеттілігі мен біртұтастығы. Со­ны­мен қатар, бұл азаматтарды ұлты, тiлi, дiні немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсi­туге қатаң тыйым салынуы. Осы құндылықтардың негізінде басты конституциялық принциптер – бей­­­бітшілік пен тұрақтылық, бү­кiл халықтың игiлiгiн көздейтiн эко­но­микалық даму қамтамасыз етіледі. Әлбетте бәріне уақыт таразы екені мәлім. Бүгінгі жеткен белесіміз – Қазақстан халқы жария еткен басты құндылықтардың республика Конституциясында ғана бекітіліп қоймай, әрбір қазақ­стан­дық патриоттың жүрегінен орын алғандығының дәлелі. Консти­ту­цияның әлеуеті, оның негізгі қағидаттары ойдағыдай жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда қоғамдық келісім мен халықтың бірлігі – елі­міздің бас байлығы және өзге­лер­ге үлгі боларлық ең қымбат қа­зы­насы. Дәстүрлі түрде 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні Ота­нымыздың игілігі жолында алға қойылған барлық мақсаттар­ға қол жететіндігіне сенімімізді арт­тыра түседі. Қазіргі қолда­ныс­тағы Конституцияның арқасында кез келген қоғам үшін аса ма­ңызды болып табылатын мәселе­лер шешімін тапты: мызғымас мемлекеттігіміз орнап, халқымыз­дың әл-ауқатының өсуіне жағдай жасалды, республика халық­ара­лық қоғамдастықтағы өзінің лай­ық­ты орнын алды. Тәуелсіз Қа­зақ­станның әр азаматы мемлекет­тің ұстанған ба­ғыты мен даму жолының тиімді және қауіпсіз ек­ен­дігіне көз жеткізді. Бірлік пен келісім, саяси жігер­лілік, даму стра­те­­гиясының ба­сым­дықтарын анық түсіне білу – мұның бәрі «қазақстандық даму жолын» си­пат­тайтын көрі­ністер және олар­­дың барлығы конс­ти­ту­ция­лық нор­малардан бас­тау алады. Ата Заң мемлекеттегі демокра­тиялық заң шығарушылық проце­сі­нің іргетасы болып, азаматтар­дың негізгі құқықтары мен бос­тандықтарына кепілдік берді. Ол Қазақстанды әлемдегі өркениетті елдер қатарына қосты, тәуел­сіз­дігімізді тұғырлы етті. Ата За­ңы­мыз Қазақстанның даму жолын көрсетіп берді, қоғамдағы оң әл­еу­меттік-экономикалық және саяси процестерге, басқа да сала­лар­дағы жетістіктерге негіз болды. Экономикалық бостандық, идео­логиялық және саяси әр-алуан­дылық, заң алдындағы тең­­дік Қа­зақстан Республикасының құқық­тық дамуындағы басым­дық­тар бо­лып табылады. Конституция әр­қашан Қазақстандағы тұ­рақтылық пен өркендеудің негізі, азамат­тар­дың құқықтары мен бос­тан­дық­тарының кепілі болып қала бермек. «Конституция негізінде, заң жү­зінде өмір сүру – жай қажет­тілік һәм азаматтық міндет қана емес. Бұл – азат адамның, өз құ­қығының құнын білетін және дәл сондай құқық өзгелерге де тән деп танитын адамдардың артықшы­лығы, айрықша хақысы», – деген Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев, тек осы жағдай сақтал­ған­да ғана, яғни, әрбір қазақ­стан­дық Конституция мен заңдарды сый­лап, әр әрекетін солармен үй­лес­тіргенде ғана біз «жай жеке азаматтар емес, тұтас Қазақстан хал­қы, жай тұрғындар емес, басы біріккен қоғам, азаматтық қоғам» болатындығымызды, ал Қазақстан «жай жағрафиялық кеңістік емес, бәріміздің басымызды қосқан ел» ретінде сақталатындығын атап өткен болатын. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістер мен толық­ты­рулар Республикадағы қоғамдық-сая­си өм­ірдің дамуына жаңа серпін берді. Конституциялық реформа Пар­ламенттің, саяси партиялар мен азаматтық қоғам институт­тарының рөлін арттырды. Заң мен құқықтың қолдану аясын кеңейту ар­қылы аза­маттық қоғамды одан әрі да­мыту үрдісіне жағдай жасалды. Қазіргі кезде де Конституция негізінде қалыптасқан мемлек­е­ті­міздің құқықтық базасын страте­гия­лық міндеттер мен прак­ти­ка­лық қажеттіліктерге сәйкес ре­фор­­малау жалғасуда. Өткен жыл­дың тамыз айында қабылданған Мемлекет басшысының “Қазақ­стан Республикасында сот және құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы” Жарлығына сәйкес ат­қа­рылған жұмыстардың нәтиже­сін­де бүгінгі құқық қорғау орган­да­ры қызметінің сипаты жаңа сапа­лық мазмұнға ие бола бастады. Бұрынғыдай жазалау бағытына емес, керісінше, құқық бұзушы­лық пен қылмыстың алдын алу мен олардың жолдарын кесу жағына назар аударылады. Конституцияда бекітілген құн­дылықтардың сақталуы, жалпы, мем­­лекеттің табыс­ты қызмет етуі­­нің қа­жет­ті құқықтық жағ­дай­ла­рын іске асы­руды қамтама­сыз ету­­д­е құ­қық қор­ғау жү­­йе­сінің ұй­ыт­қысы бо­лып табылатын про­куратура орган­да­ры­­ның да алар орны мен қосар үлесі ер­ек­ше екені белгілі. Конституцияның 83-бабына сәй­кес, мем­лекет атынан заң­­дардың, Президент Жарлық­та­ры­ның жә­не өзге нормативтiк құ­қық­тық актiлердiң дәл және бi­рыңғай қол­данылуын назарда ұс­тау, республика аума­ғын­да заңды­лық­қа жо­ға­ры қада­ғалауды жүзеге асыру, Конституция мен заңдарға қайшы келетiн заңдар мен басқа да құ­қықтық актiлерге наразылық келтіру – прокуратура органда­ры­ның бас­ты міндеттері болып та­былады. Елорда прокуратурасы ел Конс­титуциясын басшылыққа ала отырып, заңдылықтың сақталуын қадағалау арқылы құқықтық тәр­тіпті нығайту, адам құқық­та­ры­ның қорғалуын қамтамасыз етуде тиісті қадағалау шараларын жү­зеге асырып келеді. Әсіресе, аза­маттардың еңбек құқығын, тұр­ғын үй құрылысына қатысушы үлескерлердің құқығын қорғауға, бюджет қаржысының мақсатты пайдалануына, сондай-ақ, сыбай­лас жемқорлық пен басқа да қыл­мыс түрлерімен күресті күшей­ту­ге және азаматтардың конститу­ция­лық құқықтарын қорғауға баса назар аударылуда. Бұған дәлел ретінде үсті­міз­де­гі жылдың 7 айында әлеуметтік-эко­но­микалық саладағы проку­рор­лық қадағалау нәтижесінде 3800-ге жу­ық адамның консти­ту­циялық құ­қық­тарының қорғалға­нын айтсақ та жеткілікті деп ой­лаймын. Соң­ғы жылдары жұмыс­кер­лердің ең­бекақы алу құқық­та­рын қамта­ма­сыз ету прокуратура органда­ры­ның қызметіндегі аса маңызды міндеттердің біріне ай­налып отыр. Биылдың өзінде қала проку­ра­ту­расы 3649 жұмыскерге 325 миллион теңгеден астам ең­бек­ақы бе­ре­шегінің толық өте­луіне ықпал етті, бұл үшін кейбір жосықсыз жұмыс берушілерге өте қатаң шаралар қолдануға да тура келді. Бүгінгі күнде Астана қаласы­ның прокуратурасы үшін Мемлекет басшысы мен Бас проку­рор­дың тапсырмаларына сәйкес, ел­орда тұрғындарының әлеуметтік кепілдігі мен қауіпсіздігін сақтау айрықша мәнге ие. Біздің басты мақсатымыз – заңдылықты қад­а­ға­лау арқылы осы міндеттердің ти­імді жүзеге асырылуын қамта­ма­сыз ету. Мұхтар ЖӨРГЕНБАЕВ, Астана қаласының прокуроры.