• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2011

Қазақстан – бейбіт бастамалар мекені

397 рет
көрсетілді

Тамыздың 28-31-і ара­лы­ғында Қазақстан Респуб­ли­касының Мемлекеттік хат­шысы Қанат Саудабаевтың Нидерланды корольдігіне рес­ми сапары өтуде. Оның барысында Мемлекеттік хат­шы «Ядролық диллемалар: бүгін және ертең» атты халықаралық конференцияға да қатысады деп күтілуде. Нидерланды жеріндегі Мемлекеттік хатшының ал­ғашқы жүздесуі Нидерлан­ды Парламенті Сенатының Вице-президенті Х. Франкенмен болды. Оның бары­сын­да тараптар екі ел арасындағы байланыстарды тереңдету мәселелерін сөз етіп, қарым-қатынастардың серпінді болуының екі жақ­қа да тиімді болатынын атап өтті. Мұнан соң Мемлекеттік хатшы негізі 1997 жылдың 29 сәуірінде қаланған ха­лық­аралық ұйым – Химия­лық қаруға тыйым салу ұйымының Бас директоры Ахмет Узюмджюмен кездесті. Бүгінгі күні бұл ұйымға 188 ел мүше болса, Египет, Сирия, Солтүстік Корея, Сомали мен Ангола ғана мүшелікке өтпеген екен. Кездесу барысында тараптар адамзат баласының өміріне зақым келтіретін қан­дай да бір қару қолдану­дың жантүршігерлік жәйт екеніне тоқталып, химиялық қаруды мүлдем пайдаланбау­дың өзектілігін сөз етті. 30 тамыз күні сапар жал­ғасын тауып, Қ.Саудабаев жоғарыда аталған конферен­цияға қатысып, Норвегия Парламентінің Вице-президенті М.Нюбакпен, Нидер­лан­ды сыртқы істер министрі У.Розентальмен кездесуі бо­лады деп күтілуде. Осы сапар жайындағы толық мақаланы газеттің ал­дағы санынан оқи аласыз­дар. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» – Гаагадан.