• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2011

Магистральдық газ құбырларына 50 жыл

591 рет
көрсетілді

Газ тасымалдау қызметкерлері мерейтойын атап өтуде Осыдан 50 жыл бұрын қазақ то­пы­рағында жалпы одақтық газ тасы­мал­дау жүйесінің бір бөлігі ретінде қазақ­стандық магистральдық газ құбыр­ла­ры желісі салынды. Желі ортаазиялық республикалардың табиғи газын жа­қын және алыс шетелге тасымалдауға арналды. Магистральдық газ құбыр­ла­рының құрылғанына 50 жыл толуына орай, газ тасымалдау жүйесін басқара­тын «Интергаз Орталық Азия» АҚ сал­танатты шара өткізді. Мерейтойлық іс-шараға жер-жерден газ тасымалдау саласының ардагерлері кел­ді. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайыргелді Қа­был­дин, Ұзақбай Қарабалин, «Қаз­Транс­Газ» АҚ бас директоры Данияр Берлібаев және «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры Серік Естай, Абай Садықов қатысты. Олар жиналған ардагерлер мен газ саласындағы қызметкерлерді атаулы мерейтоймен құттықтады. Салтанатты шараға жиналғандар ал­дымен магистральдық газ құбырларының тарихы туралы түсірілген фильмді тама­ша­лады. Желдің өті мен күннің ыстық-суы­ғында салынған газ құбырларының қан­дай еңбекпен салынғандығы көз ал­дына фильм кадрлары боп көлбеңдеді. Сонымен қатар, мерекелік шараға орай кітап шығарылды. Алып құбырлардың шындығында да адам қолынан шыққан­ды­ғы, оны салып шыққан жандардың бой­ындағы қажырлы еңбек пен қайрат­тың өлшеусіз үлкендігі таң қалма­сыңа қоймайды. 50 жылдық мерейтойдың маңызы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына тұспа-тұс келіп, мағынасы екі есеге артып отыр. Шара барысында 50 жыл бойы өз білімі мен ерік-жігерін сарп етіп, өмірін ар­на­ған газ саласы ардагерлеріне құрмет көр­сетілді. Олардың ісін, осыдан 50 жыл бұ­рын салып берген салт-дәстүрлерін жас ұрпақ лай­ық­ты жалғастыру үстінде. Өйт­кені газ са­ла­сын дамытудың маңызды құрамдарының бірі Қазақстанның транзиттік әлеуетін қамтамасыз ету болып табылады. Еліміз газ тасымалдау бағыт­та­рын кеңейтуге жә­не көмірсутекті жеткізуге жаңа жолдарды іздеуге мүдделі. Жа­ңа ғасырда «көгілдір отынды» тасы­малдаудың батыс қана емес, шығыс жолы да сәтті игеріле бастады. Қазіргі кезде ел аумағы арқылы 14 магистральдық газ құбыры арқылы та­би­ғи газ тасымалданады. Құбырлардың бір желідегі жалпы ұзындығы шамамен 14 мың километрді құрайды. Еліміздегі газ құбырлары желісінің тарихы 1961 жылдан бастау алады. Осы кез­де КСРО Газ өнеркәсібі бас басқарма­сының бұйрығымен салынып жатқан «Бұқара-Орал» газ құбырының дирек­ция­сы құрылған болатын. Оның бір бө­лімшесі Қазақ КСР Ақтөбе облысының Шалқар қаласында құрылды. 1961 жылы Кеңестік Одақтың 4 республикада, оның ішінде Қазақстан аумағында газ құбыры басталды. Міне, бұл оқиға отандық газ тасымалдау жүйесінің құрылу басы, өйт­кені бұл объектінің құрылысына дейін елімізде өзінің магистральдық газ құбыр­лары желісі болмаған екен. Кеңестік кезде еліміз аумағынан өтетін бірнеше ма­гис­тральдық газ құбыры салынды. Олар­дың барлығы қазақстандық магистраль­дық газ тасымалдау жүйесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Ал бүгінде рес­публикамыздың ішкі тұтынушыларына, атап айтсақ 9 облысқа және экспортқа та­биғи газды тасымалдауды, сондай-ақ ха­лық­аралық газ транзитін жүзеге асырады. «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төр­аға­сы Қ.Қабылдин елімізге, оның ішінде мұ­най саласына тиесілі мерейлі күннің қуа­нышымен құттықтады. «Биыл еліміздің 20 жылдық мерейтойын тойлаймыз. Өт­кен мұнай-газ тойы саласында біз Маң­ғыс­­тау мұнайының 50 жылдығын тойла­дық, биыл Доссор мұнай кен орнының 100 жыл­дығы бар. Ал бүгін  магистральды газ құбырларының жарты ғасырлық мерей­­тойы. Той құтты болсын, сіздерді ұлттық ком­пания атынан шын жүректен құттық­тай­мын. Ел тәуелсіздігін алғаннан бері Қа­зақстан газ құбырлары инфра­құ­ры­лы­мы жаңарып, өрісі кеңейді. Оның өнді­ріс­тік қуаты, экспорттық бағыттарын өркен­дету заман талабы болып отыр. Көрші мемлекеттерге сыртқы нарықтарға шы­ғу­ға көмектесіп, транзиттік ел болды. Біздің жеріміз арқылы өзбек пен түркімен газы Ресейге жеткізіледі», деді ол. «Біздің магистральдық газ құбыр­ла­рына 50 жыл толды. Мерейтойымыз тәу­ел­сіздігіміздің 20 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Өз тарапымыздан жан-жақ­тан газ та­сымалдау саласы ардагерлерін жинап, құр­мет көрсетудеміз. Қазақ­стан­дағы үлкен қы­сымдағы магистральды газ құ­быр­ларының жалпы ұзындығы 14 мың ки­лометрді құ­рай­ды. 22 газ ком­прес­сор­лық станса бар. Олардағы газ компрес­сор­лық мәшине саны 220-ға жетеді. Он­ың барлығы 100 млрд. тек­ше метр газды та­сы­малдауға мүмкінші­лік береді. Компанияда 6 мың адам жұмыс істейді. Он­ың ішін­де 200-ден астам жас маманды ком­пания өзі оқытып, жұ­мыс­қа алды. Бо­лашақта тасымалдауды кө­бейт­сек дейміз, тәуелсіздік алғалы бері та­сы­малды жылы­на 10 млрд. текше метр газға көбейтіп отырмыз. Сондықтан алдағы 3 жылдың ішінде жылына 120 млрд. текше метр газға дейін тасымалдаймыз деп жоспарлап отырмыз. Біздің салада істейтін қыз­меткерлерді ортақ мерекелерімізбен құт­тықтай отырып, еңбекте табыс, бақыт тілеймін», деді Серік Естай. Газ тасымалдау саласында бірнеше ұрпақ ауысты. Күн сайын мыңдаған ша­қырым газ құбыры жүйесін құрып, онда бүгінгі күні де табысты жұмыс атқаруда. Кеңес Одағының әр түкпірінен жиналған түрлі халық өкілдері жергілікті мамандармен біріге еңбек етті. Осы орайда айта кетер жәйт, компанияның басты бай­лы­ғы, бұл – Қазақстанның күнделікті газ тасымал жүйесін сенімді және қауіпсіз жұмыспен қамтамасыз ететін  адамда­ры­мыз, деді ол. Өзінің жүрекжарды лебізін ардагерлерге де арнады. Газ саласының ардагерлері Сырым Нәрімбаев, Николай Басурманов, Қуа­ныш Омаров салтанатты шараның сәнін 50 жыл бұрынғы естеліктерімен жаң­ғырт­ты. Жа­ды­ларында қалған қиын да қызықты уа­қыттарды әңгімелеп, сондай-ақ өмірден ерте озған жолдастарын еске алды.  Шара со­ңында жиналғандар естелік суретке түсті. Венера ТҮГЕЛБАЙ.