• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2011

Технопаркті дамыту жолдары қаралды

271 рет
көрсетілді

Алматыда Премьер-Ми­нис­тр­дің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исеке­шев­тің төрағалығымен «Ақ­па­рат­тық технологиялар паркі» АЭА-ны одан әрі дамыту мә­се­лелері бойын­ша көшпелі кеңес өтті. Кеңес алдында Ә.Исекешев парк аума­ғында өндірісін ұйым­дас­тыратын 6 компанияның жо­ба­ларымен танысты. Шығаруға жоспарланған өнімнің ассортименті өте мол, олар – жарық беретін шамдар, лазерлі принтерлерге арналған жинақтаушылар, ұялы телефондар, коммутаторлар, те­ле­коммуникациялық жаб­дық, кең­се тауарларын сату жөніндегі автоматтар. Қазіргі уақытта, атал­ған компаниялар технологиялық қажеттілікке арналған өндірістік модулді қайта жасақтау жөнінен жұмыстар жүргізуде. Өндірістер ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосылмақ. Әсет Исекешев жо­балық толықтыру жөнінде жүр­гізіліп отырған жұмысты оң бағалады және елеулі инно­ва­ция­лық әлеуеті бар әрі экономи­ка­ның технологиялық жаңғыр­ты­луы­на оң әсер ететіндерін ғана парк­ке жібере отырып, жоба­лар­ды іріктеуге егжей-тегжейлі келу керектігін атап өтті. Кеңесте паркті одан әрі да­мыту жө­нін­дегі Мемлекет бас­шы­сы тапсыр­ма­ларының орын­да­луы, жаңа объектілерді салуға дайындық, «Арнайы экономи­ка­лық аймақтар туралы» заңның жаңа редакциясын қабылдаумен бай­ла­нысты басқару жүйесін өз­гер­ту барысы, сондай-ақ, ұйым­дас­­ты­ру­шылық сипатындағы бас­­қа да мәселелер талқыланды. Кеңеске қатысушылар инженерлік же­лілерді және паркте қа­лыптас­ты­ры­латын инновация­лар­ды жинақтау жүйе­сінің негізгі элементі болатын бірқатар объек­тілерді жобалау жөніндегі жұмыс барысы туралы хабардар етті. Атап айт­қанда, Қазақ мұнай және газ институты 7,2 га аумақта ор­наласатын және парк аумағында пайдалануға берілетін ал­ғашқы объекті – ғылыми-зерттеу кешенін құру жоспарын аяқтады. Қазақ-британ техникалық уни­­верси­тетінің ректоры Ескендір Бейсембетовтің айтуынша, паркте студенттерді оқыту және олардың тұруы үшін барлық қа­жетті инфрақұрылыммен 50 гек­тарға дейінгі аумақта жаңа кампус орналастыру жоспарланып отыр. Жаңа кампусты салу мен жарақтандырудың құны 200 миллион АҚШ долларын құрайды. Сөз сөйлеушілер паркке жаңа инвесторлар мен инновациялық компания­лар­дың келуі үшін қо­лайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін инженерлік коммуникациялар желілерін салуды жедел бастау қажеттілігін атап өтті. «Егемен-ақпарат».