• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Қаңтар, 2017

Сауд Арабиясы мұнай өндірісін 2 жылдық минимумға азайтты

2772 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясы мұнай өндірісін соңғы екі жылдағы минимумға азайтты, деп мәлімдеді елдің энергетика министрі Халид әл-Фалих. Бұл туралы investing жазады.

Өндірістің қазіргі деңгейі ең соңғы рет 2015 жылдың ақпан айында байқалған еді.

Осылайша, Сауд Арабиясы мұнай өндірісін ОПЕК ұйымы болжаған деңгейден де азайтып жіберді. ОПЕК+ келісімі аясында Сауд Арабиясы тәулігіне тек 486 мың баррель азайтуы керек еді.