• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2011

«Самұрық-Қазына» қоры мұнай өнімдері рыногын тұрақтандыруға көмектеседі

329 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басшы­лы­ғы­ның жедел араласуы Алматы өңіріндегі көлік тығырығының алдын алуға мүмкіндік берді. Соңғы кезде Алматы қаласы мен Алматы облысын жанар-жағар маймен қамтамасыз етуде күрделі жағ­дайдың қалыптаса бастағаны белгілі. Әсіресе, барынша қажетті АИ-92 мар­калы бензин мен дизель отыны­ның жетіспеушілігі қатты сезілді. Осыған байланысты қор жедел тәртіппен ЖЖМ жеткізу бағыт­та­ры­на түзету енгізді және мұнай өңдеу зауыттарынан ақшыл мұнай өнім­де­рі­нің қосымша көлемдерін қар­қын­ды жөнелтуді ұйымдастырды. Аты­рау мұнай өңдеу зауытынан жөнелту тәулігіне 157-ден 734 тоннаға дейін, Павлодар мұнай-химия зауытынан – 1066-дан 2285 дейін, Петро­Қазақ­стан Ойл Продактстан – тәулігіне 985-тен 1675 тоннаға дейін ұл­ғай­тылды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшы­лығы тарапынан үйлестірудің арқа­сында мұнай өнімдері үшін бос жыл­жымалы құрамды кідіріссіз беру қамтамасыз етілді. Қазіргі кезде АИ-92 маркалы бензин «ҚазМұнайГаз» және «Синоойл» компанияларының май құю стансаларында шектеусіз сатыла­ды. Ақшыл мұнай өнімдерінің қо­сымша көлемі «Гелиос» ЖҚС-қа да АИ-92 маркалы бензинді шектеусіз сатуға мүмкіндік берді. «Роял Петрол» жекелеген ЖҚС да сатуға кірісті. Дизель отынын Алматы қаласы мен Алматы облысына жөнелтуді ұлғайту жалғасуда. «ҚазМұнайГаз Өнiмдерi» АҚ Алматы филиалы Алматы қаласы мен Алматы облы­сының әкімдіктерімен, сондай-ақ қоғамдық көлік кәсіпорындарымен дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде, – деп хабарлады Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қоры» АҚ-тың бас­пасөз қызметі.