• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1054

339 рет
көрсетілді

2011 жылғы 14 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі Мақта және одан жасалатын бұйымдарды әкелуге қатысты қорғау шараларын енгізу туралы «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 5601 21 100 0, 3005 90 100 0 кодтарымен жіктелетін мақтадан жасалған гидроскопиялық мақтаны және мақта мен одан жасалатын бұйымдарды әкелуге қатысты кедендік құнының 19%-ы, бірақ 1 кг үшін кемінде  2,8 евро мөлшерінде 3 жыл мерзімге қорғау баждары енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті кедендік декларациялау кезінде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қорғау бажын алсын. 3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен мүдделі шет мемлекеттерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетін осы қаулының 1-тармағында көзделген қорғау шараларын Қазақстан Республикасының  енгізгені туралы хабардар етсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі    К.МӘСІМОВ.