• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қыркүйек, 2011

Тіл үйренуге таптырмас көмек

635 рет
көрсетілді

Мәдениет министрлігі орысша-қазақша тілашар кешенін жарыққа шығарды Елбасы өзінің биылғы Жолдауында елімізде мемлекеттік тілдің қолданыс аясы жайына айрықша көңіл бөліп, оны 2017 жылы республика тұрғындарының 80 %-ы меңгеретініне, ал 2020 жылдары бұл көрсеткіштің 95 %-ды құрайтынына зор сенім білдірген еді. Осы болжамның өзі қазақ тілін меңгеру ендігі жерде Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың парасатты парызы болып табылатынын айғақтап, бұл мәселе жөнінде жақын келешекте атқарылуға тиісті пәрменді жұмыстардың нақтылы жобасын байқатып берді. Қазақ тілі мемлекеттік мәр­тебеге ие болып, барлық ме­ке­ме­л­ерде ересектер арасында міндетті түрде оқытыла бас­та­ғалы оны үй­ре­нуге арналған көп­теген еңбектер жарыққа шыға бастады. Алайда, «мемлекеттік тілді үйренейік десек, тиісті кітаптар мен әдіс­те­ме­лік оқулықтар жоқ, тілашарлар мен тілдескіштер жетіспейді» деген мазмұнда шағым білдірушілер тобы әлі де кездесіп қалып жатады. Жуырда осы ол­қы­лықтың орнын толтыру мақ­сатында Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдіс­те­мелік орталығы «Орысша-қа­зақша тілашарлар» топтамасын шығарды. Біраз жүктің сал­ма­ғын көтере алатын әрі  «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шең­бе­рін­де көрсетілген талаптарды жү­зе­ге асыру мақсатында жасалған кешенді тілашарлар 10 түрлі кәсіби сала мамандарына ар­нал­ған. Екі тілде жазылған тілашарлар «Мәдениет», «Денсаулық», «Білім», «Сауда», «Спорт», «Саяхат», «Кәсіп», «Шаңырақ», «Қыз­мет», «Дастарқан» деп ата­латын 10 кітапшадан тұрады. Әрбір кітапшаның ішін­де тың­дау­ға ар­нал­ған, көркем безендірілген әрі қалтаға са­лып жүруге өте ың­ғай­лы аудио-дискісі бар. Аты айтып тұр­ған­дай, әлеуметтік-тұр­мыс­тық салаларға ар­налғ­ан тілашарлар тіл үйренушінің кәсібіне, қызметіне бағыт­талып, күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданатын сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлеу үлгілерін қамтыған. Тілді үйренудің бастапқы сатысында жөн сұ­расуға, сұрақ-жауап алмасуға қатысты тұ­рақты репли­ка­торлардың, қалыптасқан орам­дарды білудің, оларды пайдалануға ұм­ты­лудың аса ма­ңыз­ды екені аян. Осы тұр­ғы­дан келгенде, атал­мыш кітапшалар тіл үй­ренгісі келетіндер үшін таптырмас көмекші құрал болатыны анық.  Топтаманың тағы бір ерекшелігі, орыс тілін білуге қызығушылық таныт­қан­дар мен қазақ тілін білгісі келетіндерге бірдей жәрдем жасай алатындығы. Жалпы, есте сақтауға жеңіл, әрі қазақ тілінде жиі көрініс табатын сөздер мен сөз тіркестері тілді мең­геруге деген қызы­ғу­шы­лықты арт­тыра түседі. Міне, осыны дұрыс түсіне білген құрас­ты­ру­шылар кәсіпке, денсаулық пен саяхатқа, білім мен мәдениетке, тұрмыстық қыз­мет саласы мен спортқа қатысты сөз тіркестерін, сондай-ақ дастарқан басында қол­да­нылатын этнографиялық маз­мұн­дағы тілдік бірліктерді өте ыңғайлы етіп топтастырған. Оны құрастыруға А.Төре­ния­зова, А.Тұрлыбекова, Ұ.Қаю­по­ва сияқты елімізге таны­мал әдіс­керлер тартылған. Әрбір бөлімде берілген та­қырыптар түрлі жағдайларға бай­ланысты жүйелі түрде қам­тылып, диалог ретінде өрбіп отырады. Мысалы, «Саяхат» са­ласы бойынша әзірленген тіл­ашарға темір жол вокзалында, әуежайда, таксиде адамдармен тілдесуге қажетті сұрақ-жауап­тар жинақталған. «Шаңырақ» сериясында адамның өзі туралы, жасы, келбеті, мінезі, ұлты, отбасы жайлы диалогтар ұтым­ды берілген. «Денсаулық» тіл­ашарында салалық сөздер мен сөз тіркестері жеңіл әрі есте сақтауға ыңғайлы түрде ор­наласқан. Әрі ол анықтамалық ретінде де қолайлы. Венера ТҮГЕЛБАЙ. Астана. * * * Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орысша-қазақша көп салалық тілашарлардың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Оны Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Шерубай Құрманбайұлы ашты. Шерубай Құрманбайұлы өз сөзінде көп салалық тілашарлар тұсаукесері  ел егемен­ді­гі­нің 20 жылдығы мен руханият айына, тілдер фестиваліне орай­лас өткізіліп отырған­ды­ғын жеткізді. – Тілашар кешені 10 түрлі салаға арналған. Олар­ға азаматтардың ең көп жү­гі­нетін сөздері топтастырылған. Тілашар ең алдымен ықшам, қалтаға салып жүруге ың­ғай­лы. Сапалы аудио нұсқасы да қатар беріліп отыр, – деді ол. – Яғни, оқып қана қоймай, дыбыста­луын тың­дап, қайталай алады. Тілашарлар кешені дәл осындай ауқымды таралыммен бұрын-соңды жарық көрген емес. Қазақ тілінде қалай қарым-қатынас жасаймыз деген түрлі саланың мамандарының сұра­ны­сын ескеріп, 1 млн. тара­лым­мен шығарғанымызды да айта кетсек, бұл еңбектер барлық об­лыстық, Астана және Ал­ма­ты Тіл басқармаларына жеткізілді. Мемлекеттік тілді үй­рен­гісі келетін, тілашарды қажет­сі­нетін азаматтар аталмыш тіл басқармаларына тапсырыс беріп, тегін алуына толық мүм­кіндігі бар. Тілашар кешенін жа­сақтауға, оның барлық жұ­мыс­тарына, жеткізілуі мен та­ратылуына мемлекет  тара­пы­нан 190 млн. теңге қаржы бө­лін­ді. Бір тілашар құны 150-190 теңгенің төңірегінде бо­лып отыр. Бұл аса қымбат емес, әрі сапалы дүние. Автор­ларына келетін болсақ, педагогика саласында өнімді еңбек етіп жүрген мамандар А.Төрениязова, Ұ.Қаюпова және А.Тұрлыбекова. Әрине, соңғы кезде аударма саласына айты­ла­тын сын көп. Бірақ бұл дү­ние­лер әлі де шикі деп нара­зы­лық туындамайтыны анық. Өйт­кені, оны құрастыру ба­ры­сын­да түрлі үйрету әдістері зерт­телді. Күмән, талас тудыр­май­тын сөздер мен сөз тіркестері қамтылған, деді Ш.Құр­ман­байұлы. Ал қатысушылар тара­пы­нан бұл кітапшаларды жастар үшін ғаламтор жүйесіне енгізу туралы ұсыныс білдірілді.