• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Сыр елінде үздік полицейлер марапатталды

231 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ішкі істер органдарының үздік қызметкерлері марапатталып, мерзімінен бұрын атақ-шендер тапсырылды, деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Салтанатты шарада Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау хаты оқылып, 1 желтоқсан мерекесіне арнайы түсірілген «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» атты бейнеролик көрсетілді. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтеріп, дамудың жаңа жолын таңдады. Бұл күннің Елбасымыздың атымен аталуының өзі кездейсоқ жағдай емес. Себебі бұл күн – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды», – деді жиында облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Мұхитов. Мерекелік шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін ішкі істер органдарының 150-ге жуық қызметкері марапатталды. Марапатталғандардың қатарында құқық бұзушылықтармен күресіп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген төменгі құрылым қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімдері, Қалалық ішкі істер басқармасы мен ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі қызметкерлері де бар. Сонымен қатар, мерзімінен бұрын арнайы атақтар мен сыныптық шендік тапсырылды.