• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Елордада арбитраж палатасы құрылды

264 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстанның арбитраж палатасы құрылды. Палатаның алғашқы құрылтай съезі Әділет министрлігінде өтті. «Жаңа қоғамдық ұйым еліміздегі арбитрлерді үздіксіз қызмет ететін ұйымға біріктіріп отыр. Бұл коммерциялық емес ұйым бізде алғаш рет құрылды. Сонымен қатар, xалықаралық арбитраж ұйымдарымен байланысты тереңдетуге ықпал жасайды. Арбитраж палатасының құрылуы елдегі отандық арбитраждың дамуын жаңа деңгейге көтереді», – деді Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина. Қазақстанның арбитраж палатасы xалық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарды жүргізіп, заң шығару процесіне және палата мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізеді. Азаматтар дауларды арбитраж арқылы шешудің жолдарын білетін болады. Бұл өз кезегінде судьяларға түсетін салмақты азайтпақ. Палатаның құрылуы отандық арбитраж институтын жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде. 2016 жылдың 30 қарашасы Қазақстан арбитраж палатасының құрылған күні ретінде қалады.