• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 807

396 рет
көрсетілді

2011 жылғы 15 шілде,    Астана, Үкімет Үйі Биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды табыс ету қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республика­сының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Биоотын айналымы бойынша декларацияларды табыс ету қағидасы мен мерзімдері; 2) Биоотын айналымы бойынша декларацияның нысаны бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 807 қаулысына қосымша Биоотын айналымы бойынша декларацияларды табыс ету қағидасы мен мерзімдері 1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияларды табыс ету қағидасы мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағида) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын айналымы бойынша декларацияларды (бұдан әрі – Декларация) табыс ету тәртібі мен мерзімдерін айқындайды. 2. Биоотын айналымының көлемін декларациялау осы қаулымен бекітілген белгіленген нысанга сәйкес биоотын айналымы туралы мәліметтерді көрсететін декларацияларды тапсыру арқылы жүзеге асырылады. 3. Декларацияны биоотын айналымын жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тапсырады. Декларация ай сайын есепті айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмей ақпараттық жүйе арқылы электронды түрде немесе қағаз тасығышта салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің орналасқан орны және (немесе) тіркелген орны бойынша салық органына (бұдан әрі – салық органы) тапсырылады. 4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген тапсыру мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда Декларация тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын салық органына осы Қағидаға қосымшаға сәйкес қағаз тасығышта және электронды түрде Декларация тапсыру мерзімін ұзарту туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді. 5. Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғадан Декларация тапсыру мерзімі басталғанға дейін жазбаша өтініш алған кезде салық органы оны он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады. 6. Декларация заттай көрсеткіштерде (тонна) тапсырылады. 7. Осы Қағидаға сәйкес тапсырылатын Декларацияларға дара кәсіпкер, заңды тұлғаның бас­шысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрмен немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітіледі. 8. Осы Қағиданың талаптарын бұзған, биоотын айналымын жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады. Биоотын айналымы бойынша декларация тапсыру қағидасы мен мерзімдеріне қосымша Биоотын айналымы бойынша декларация тапсыру мерзімін ұзарту туралы өтініш Салық төлеушінің атауы___________________________________________________________ СТН____________________________________________________________________________ ЖСК/БСК Тапсыру мерзімін ұзартуды сұраймын (декларацияның атауын көрсетіңіз)__________________ Нысан коды:__________________________________________________ Салық органының коды:    __________________________ Есепті кезең: Айы |    | Жылы |_____________| Басшының қолы _____________________ МО Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 807 қаулысымен бекітілген Биоотын айналымы бойынша декларацияның нысаны СОК___________ СТН ______________________________ ЖСН/БСН_________________________ Субъектінің атауы _________________ Есепті кезең ______________________ Декларация түрі___________________ Р/с № Био- отын түрі Био- отын-ның ЖСН- коды    Қыз- метін жүзеге асыру мекен- жайы    Өнім беру-ші/ алушы    Өнім беру-шінің/ алушы- ның атауы    Өнім беру-шінің/ алушы- ның СТН (ЖСН/ БСН)    Есеп- ті кезең басы- на қалды-ғы (тонна да)    Биоотын түсімі (тоннамен)    Өткізілді (тоннамен)    Ілеспе жүкқұжат    Өзі- нің өнді- рістік қажет- тілік- теріне пай- дала- нылды    Бү- ліну, жо- ғалту (тон- на- мен)    Нор- ма ше-гін- де шы- ғын-дар (тон-на- мен)    Өнім- ді қайта- ру (тон- на- мен) Бар- лы- ғы    өз өндірі- сінен    ДК және заңды тұл- ғалар- дан    им- порт бой- ын- ша    Бар- лы- ғы    көтер- ме сату шы- лар- ға    өз бөлшек сауда желісі -ЖҚС арқылы (түпкі тұтыну-шыға)    Заңды тұлға- ларға және ДК-ге өнді- рістік мұк- тажы үшін    экс- порт- қа    нө- мі- рі    күні Жиы-ны    X                X    X        X    X    X    X    X    X    X    X                X    X    X Дара кәсіпкер_______________________________________________________________ (Т.А.Ә) Ұйымның басшысы_______________________________________________________________ (Т.А.Ә) Бас бухгалтер_______________________________________________________________ (Т.А.Ә)