• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2011

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі № 31-П

347 рет
көрсетілді

Есеп комитетінің қаулысы 2011 жылғы 31 тамыз,    Астана қаласы «Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң 2010 жылғы 1 шiлдедегi № 17-Қ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдiң аумақтық-кеңiстiктiк дамуының болжамды схемасын, мемлекеттiк бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларын әзiрлеу, iске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргiзу ережелерiнiң 39-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi қаулы етедi: 1. «Мемлекеттiк бағдарламаларға, орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспар­ларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң 2010 жылғы 1 шiлдедегi № 17-Қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6371 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) газетінде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Мемлекеттiк бағдарламаларға, орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергiлiктi бюд­жеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргiзу ережесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиясы) өздерінің жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.»; 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «29. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша бақылау актісі жасалады.»; мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын: «37-1. Есеп комитетінің және тексеру комиссиясының мемлекеттік бағдарламаның, аумақтарды дамыту бағдарламасының, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуына жүргізген бағалауының қорытындысы осы Ережеге 1, 2-қосымшаларға сай нысандар бойынша ресімделеді.»; осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес тиісінше 1, 2-қосымшалармен толықтырылсын. 2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Төраға       О.ӨКСІКБАЕВ. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 31-П  қаулысына 1-қосымша Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесіне 1-қосымша _______________________ (мемлекеттік бағдарламаның атауы) мемлекеттік бағдарламаның/аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есепті ақпараттың нысаны Деректемелер    ___________________________ Әзірлеуші мемлекеттік орган    ___________________________ Есепті кезең    ___________________________ Іске асырылу кезеңі    ___________________________ 1. Мақсаттарға қол жеткізу Атауы    Өлшем бірлігі    20__ жылғы жоспар Іс жүзінде Орындалуы туралы ақпарат, орындалмаған жағдайда себептерін көрсету 1    2    3    4    5 Негізгі бағыт Мақсаты Нысаналы индикатор Нәтиже көрсеткіші …… 2. Іс-шаралардың орындалуы №    Іс-шара    Аяқтау нысаны    Жауапты орындаушылар    Орындау мерзімі    Орындалуы туралы ақпарат, орындалмаған жағдайда себептерін көрсету 1    2    3    4    5    6 3. Қаражаттың игерілуі Қаржыландыру көзі    Жоспар, мың теңге    Іс жүзінде, мың теңге    Пайдаланылмау себептері 1    2    3    4 1-көзі 2-көзі … Барлығы 4. Мемлекеттік бағдарламаның/аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылу тиімділігін талдау Қаражаттың нысаналы пайдаланылуын талдау; Іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін, соның ішінде көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу бойынша бағалау. 5. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері: Бағдарламалық құжатты іске асыру кезінде бюджет және өзге де заңнаманы бұза отырып бюджет қаражатын пайдаланудың фактілері бойынша қолданылған шаралар; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (тексеру комиссияларының) актілерін әзірлеуші мемлекеттік органның (орындаушының) қарау нәтижелері. 6. Бағдарламалық құжаттың іске асырылуын жалпы бағалау (қорытынды) және ұсыныстар Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 31-П қаулысына 2-қосымша Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесіне 2-қосымша ____________________________________________________________________ (әзірлеуші мемлекеттік органның атауы) мемлекеттік органның 20____жылғы «___»_____________№ ______ ___________________________________________________ (мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген құқықтық не нормативтік құқықтық актінің атауы) бекітілген ______________________________жылдарға арналған (жоспарлы кезең) стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есепті ақпараттың нысаны Есеп кезеңі:______________________ 1. Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға, іс-шараларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу 1-стратегиялық бағыт. ____________________________________________________ 1.1-мақсат._____________________________________________________________________ Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның кодтары _____ Қол жеткізудің түпкілікті мерзімі (кезеңі) көрсетілген нысаналы индикатордың, міндеттердің және тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің атауы     Ақпарат көзі    Өлш. бірлігі.    Есепті кезең    Қол жеткізбеу себептері Жоспар     Іс жүзінде 1    2    3    4    5    6 Нысаналы индикаторлар …. Міндеттер Тікелей нәтижелер көрсеткіштері … Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар … 2. Бюджеттік бағдарламаларды талдау Бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері    Көрсеткіш атауы    Өлшем бірлігі    Есепті кезең    Нәтижелерге қол жеткізбеу / бюджет қаражатын игермеу себептері Жоспар     Іс жүзінде 1    2    3    4    5    6 бюджеттік бағдарламаның атауы сипаттамасы бюджеттік бағдарламаның түрі    мазмұнына қарай іске асыру тәсіліне қарай ағымдағы/даму бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштер атауы тікелей нәтиже көрсеткіштері түпкілікті нәтиже көрсеткіштері сапа көрсеткіштері тиімділік көрсеткіштері Бюджет шығыстарының көлемі    барлығы, бағдарлама бойынша        мың. тг. оның ішінде: кіші бағдарлама бойынша         мың тг. кіші бағдарлама бойынша        мың тг. 3. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігін талдау Қаражаттың нысаналы пайдаланылуын талдау; Іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін, соның ішінде көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу бойынша бағалау. 4. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері: стратегиялық құжатты іске асыру кезінде бюджет және өзге де заңнаманы бұза отырып бюджет қаражатын пайдаланудың фактілері бойынша қолданылған шаралар; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (тексеру комиссияларының) актілерін әзірлеуші мемлекеттік органның (орындаушының) қарау нәтижелері. 5. Стратегиялық құжаттың іске асырылуын жалпы бағалау (қорытынды) және ұсыныстар Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 12 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7184 болып енгізілді.