• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Маусым, 2017

Бас Прокурор Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты

204 рет
көрсетілді

Шараның ұраны – «Ғаламдық экономикада жаңа теңгерімді іздестіру». Форум бағдарламасына 100-ден аса іс-шаралар енгізілген. 

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов 21-ші Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас Прокурор  «Доверять нельзя проверять. Смещение акцентов контрольно-надзорной деятельности» атты сессияда сөз сөйлеу барысында қазақстандық тәжірибемен бөлісті. Осы саладағы қазақстандық қадағалаушы ведомствоның басымдығын, тексеруші мен тексерілетіннің арасындағы навигацияның анықтығы, қылмыстық процесті цифрландыру жөнінде атап өтті.

Форум алаңында Жақып Асанов Ресей Федерациясы Бас Прокуроры Юрий Чайкамен, Израиль Мемлекеттік прокуроры Шай Ницанмен, РФ Президенті жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Уәкіл Борис Титовпен  екіжақты құқықтық ынтымақтастық  пен оны одан әрі күшейтудің жолдары жөнінде келіссөздер жүргізді.

Форумдағы пікірталас бес бағыт бойынша жүргізілді. Олар: «Ғаламдық экономиканың динамикасы», «Ресей экономикасын қалыптастырудың тәртібі», «Шынайлықты өзгертетін технологиялар», «Адами капитал дамудың негізгі бағыты ретінде» және «Болашақ жайлы әңгіме».

Әлемдік экономика дамуының негізгі сұрақтары, жаңа ғылыми жетістіктер мен технологияларды енгізу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен өзге де осы заманғы өзекті проблемалар дәстүрлі түрде Форумда талқыланады.

Анықтама үшін: Форумда 40-тан астам елдің әлемдік деңгейдегі ірі компаниялары, көшбасшылары мен үкімет басшылары қатысты. Соның ішінде: Ресей Президенті Путин В.В., БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш, Аустрияның федералдық канцлері Кристиан Керн мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди және әлемдік көшбасшылар, РФ үкімет, федералдық органдар басшылары мен қоғамдық ұйымдар өкілдері болды.