• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2017

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған велошеру өтті

290 рет
көрсетілді

«Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында ҚР мемлекеттік рәміздері күніне орай алтыншы велошеру өтті. Спорттық шараға 1000-ға жуық адам қатысты.

Кәсіпқой спортшылар мен әуесқойлар «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып ҚР тұңғыш Президенті саябағында аяқталған 9 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Мәреге көш бастап келген қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен ЭКСПО халықаралық көрмесіне арналған билеттер ойнатылды. Ең бағалы сыйлықтардын бірі велосипедті ұтып алған алматылық Олег Борубаев өз қуанышымен бөлісті.

– Көңіл күйім өте тамаша. Велосипед ұтып аламын деп ойлаған жоқ едім. Еліміздің мерейлі мерекесінде, бұл, отбасым үшін ерекше сыйлық болды. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, себебі апта сайынғы велошерулерді жоғары деңгейде өткізеді. Алматы – спорт пен ізгіліктің қаласы. Алдағы уақытта да, әр велошеруді жібермей қатысуға тырысамын, - деді Олег.

Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» жобасы аясында 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің алтыншысы болып отыр.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ