• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2017

Қанатқақты жоба қандай күйде?

251 рет
көрсетілді

Биылғы көктемде Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған қанатқақты жобаға сәйкес аз қабатты несиелік тұрғын үйлер құрылыстарын көтеру көзделген. Аталған жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылмақ.

Аз қабатты үйлер құ­ры­лысының іргетасын са­лу ісі наурыз айынан бас­тау алады. Алдын-ала жа­сал­ған жоспар бойынша жо­ба­ның алғашқы кезеңін ал­дағы күзге дейін аяқтау ұй­ға­рылған. Бұл осы уақыт ара­лығында тұрғын үй нысандары тұрғызылып бітуі керек деген ұғымды білдіреді. Қазіргі істің барысы осы межелі уақыт үдесінен шығуға алғышарт қа­лай ала ма? Бұл сауалға әзірше біржақты жауап қайтару қиын-ақ.

Өйткені дәл бүгінгі кү­ні құрылыс қарқыны жо­ғары деп айтуға ауыз бара бер­мейтіндей. Мұндай ір­кіліс пен кідірістің бас­ты себептерінің бірі жоба шең­бе­ріндегі кейбір жобалау-сме­талық құжаттарды әзі­р­л­еу жұмыстарының ұзаққа со­зылып кеткені деуге болады. Екіншіден, кез келген құрылыс конвейерлік тәсілге арқа сүйей алмаса, «сақалды сипатқа» ие болуы оп-оңай. Демек, құрылыс материалдарымен қамтуда іркіліс болмауы керек.

Осы арада Президент пен Үкіметтің қолдауына және құптауына ие болған айырықша құрылысқа жер­гі­лікті құрылыс мате­ри­ал­дары пайдаланылып отыр­ға­нын айта кеткен орынды. Өңірдегі құрылыс ин­дус­триясы аталған жо­ба­ның басы-қасында жүр­ген мердігерлердің сұ­ра­ныстарын өтеуге әзір ме? Қазір осынау сауал тө­ңі­ре­гінде екіұшты көз­қа­рас қа­лып­таса бастағанын қалай тү­сінсек екен? Айталық, ме­р­­- дігерлердің айтуы бойын­ша, кірпіш пен қиыршық тас жеткіліксіз екен. Нағыз жер­гілікті материалдар дәл осы екеуі емес пе? Кей­бір жасалған есептер мен деректерге қарағанда Ақ­төбе қаласында әр күнге шақ­қанда өндірілетін кір­піш саны көлемі жобаны жү­зеге асыруға жұмылған құ­ры­лыс­шылар сұранысын қа­на­ғаттандыруға толығымен же­теді. Сонда қалай бол­ға­ны? Бар гәп осында болып жүрмесін. Мұндай ке­реғарлық аймақтағы құ­ры­лыс индустриясы кәсіп­орын­дарының қуатына та­ғы бір мәрте барлау жасау қажеттігін ұқтырады. Со­­нымен бірге жергілікті құ­­рылыс материалдарын өн­­дірушілер мен жоба құ­ры­лысын жүргізушілер арасындағы байланыстарды тереңдету керектігін көр­сетеді. Құрылыстың ой­да­ғыдай қарқын ала алмай отыр­ғанына бұған дейін мер­дігер ұйымдардың нақты жұ­мыс кестесі бекітілмей кел­гені де салқынын ти­гіз­гені сезіледі. Сондай-ақ, жергілікті құзіретті мем­ле­кет­тік мекемелер тарапынан құ­рылыстың жүру барысын күн сайын қатаң бақылау ісі де босаңсып кеткендей кө­рінеді.

Қанатқақты жоба об­лыс­тағы үй құрылысы ком­би­натының жобасы бойын­ша жасалған. Мұндай жағ­дайда бұл құрылым өз өнімдерінің көлемін шұ­ғыл көтеруі керектігі де басы ашық мәселе. Құрылыс әзірге бір ауысым бойынша жүргізілуде, де­генмен алдағы кезде кес­теден кешігу көріністері қай­та­ла­на берген жағдайда екі ауысымдық жүйеге көшу жө­нінде шешім қабылдау бел­гіленген.

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан»

қтөбе облысы