• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Маусым, 2017

Бишімбаев 10 шілдеге дейін қамауда болады

213 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевтың қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға - 2017 жылдың 10 шілдесіне дейін ұзартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты күдікті Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлының қамауда ұстау мерзімін 2017 жылдың 10 шілдесіне дейін ұзартты», деді Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Айта кетейік, «Бәйтерек ҰБХ» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық тергеу амалдары жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлағандай, ол бір топ адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деп айыпталуда. Бишімбаев Қызылорда қаласында шыны табақ шығаратын және өңдейтін зауыт салу кезінде «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырған деп күдікке ілінді.  

12 қаңтар күні Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты оны «қамауға алу» туралы санкция берді. Тергеу нұсқасы бойынша, Бишімбаев заңсыз жолмен алған ақшалай қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қуандық Бишімбаев Президенттің жарлығымен 2016 жылдың 28 желтоқсанында министр қызметінен босатылды. Ол бұл қызметінде 8 ай жұмыс істеді. 2013 жылдың 30 мамырынан 2016 жылдың 5 мамырына дейін «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы болды.