• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Маусым, 2017

Қызмет пен қаржы қағидаттарын қалыптастырады

104 рет
көрсетілді

2017 жылдың 1 шілде­сі­нен бас­тап барлық жұ­мыс бе­рушілер өзі­нің жұ­мыс­кер­лері үшін міндетті ме­ди­ци­на­л­ық сақтандыру жарнала­рын ау­дара бастайтынын бі­ле­міз. Бұл күн жа­қ­ындаған сайын, осы тақырыпқа жұрт­шы­лықтың қызығушылығы ар­та түсті.

Сол себептен әрқай­сы­мыз­ды алу­ан түрлі сұрақтар ма­залайтыны да анық. Бұл ма­ған не үшін керек? Жа­ңа жүйе қалай жұмыс істейді? Менің міндетті сақтандыру қорына ау­дарған жарналарым өз бағытында пай­да­ла­ны­­ла ма? Өткен жылдарда орын ал­ған келеңсіз оқиғалар қай­таланбай ма? Осы іспетті сау­­алдарға БАҚ ар­қы­лы ма­мандар жауап беруде.    Бүгінде денсаулық сақ­тау саласында реформалар жүр­гі­зудің қа­жеттілігі ай­қын. Не­ге десек, осы­ған дей­­ін азамат­тар мен жұ­мыс бе­­рушілер арасында ден­сау­лық сақ­тауда ор­тақ жауа­п­­кер­­­шілік болмай келді. Де­н­- ­­­­с­ау­лық сақтаудағы жау­ап­кер­шілік тек мемлекеттің е­н­ші­сіндегі дүние­дей көрініп, аза­маттардың өз денсау­лы­ғына де­ген көзқарасы тиісті дең­гей­де қа­лып­таспағаны шындық. Аза­­мат­тар уақтылы тексеруден өту, сауықтыру ша­раларына қа­тысу, зия­н­ды әдеттерден арылу сынды ма­ңызды істерге тиісті дең­­гейде мән бермеді. Со­ны­мен бір­ге, ден­сау­лық сақ­тау жүйесінің қар­жы­лық тұ­­рақ­сыздығы көзге ұрды. Мемлекеттің денсаулық са­ласына жұмсайтын қар­жы көлемінің өсуі­не қа­ра­мастан, тұр­­ғындарға қа­жет­­ті медициналық қыз­мет­терге де­ген сұранысты то­лығы­мен өтеу бюджет үшін қи­ын­дық тудыр­ды. Өйткені, елі­мізде бала туу дең­гейі мен адамдардың  өмір сүру ұзақ­­ты­ғының артуымен бірге со­зылмалы, инфекциялық емес науқастар қа­та­ры да ке­мі­мейді және салаға инно­ва­циялық технологиялардың қар­­қын­ды енгізілуі өз ке­зе­гінде үлкен шы­ғын­дарды та­лап ететіні айқын болды.  Денсаулық сақтау сала­сын бас­қа­рудың осыған дей­інгі әдісінің тиімсіздігін мынадай жайттардан да білуге болатындай. Ал­ғашқы медициналық-сани­тар­лық көмекті көрсету ба­ры­сындағы медициналық қы­з­мет сапасының төме­н­ді­гінен стационарлық кө­мек­ке бөлінетін шығындар кө­лемі де өсті. Статистика ті­лі­мен айтсақ, еліміздегі ден­саулық сақтау саласына ке­тетін қаржының 51 пайызы стационарлық көмекке жұм­са­лады, ал ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш  34 пайызды құрайды екен.  Бұған қо­сымша медициналық ұй­ым­дардағы адамдар сарыла күте­тін кезектер мен көр­се­ті­летін қыз­мет­тердің сапасыз бо­луы азаматтар­ды ақылы ем­ханаларға жүгінуге жә­не өз қалтасынан ақша төлеуге мәж­­­бүрлейді. Қаржылы аза­мат­­тар қым­бат ем мен дә­рі-дәрмек сатып алуға қау­қар­лы, алайда, материалдық жағ­дайы төмен азаматтар  үшін­ бірқатар медициналық қызметтер қолжетімсіз бол­ғанын жасыра алмаймыз. Пациенттер тарапынан ме­ди­ци­налық қызмет сапасына, дәрігерлердің кә­сіби біліктілігінің төмендігіне, ауру­ханалар мен емхана­лар­дың жұ­мы­сының тиім­сіз­дігіне байланысты түсіп жат­қан  арыз-шағымдар жал­пы денсаулық сақтау жүйесі туралы жағымсыз пі­к­­ір қалыптастырды. Осын­дай жайттарды есепке ала оты­рып, МӘМС жүйесін ен­гізу өмірдің өзі тудырған қа­жеттілік деп білемін.  Ендігі кезекте әрбір аза­мат­тың денсаулығы үшін жау­апкершілік адамның өзі­не, жұмыс берушіге және мем­лекетке жүктеледі. Қар­жы шығындары да ортақ жау­ап­кершілік қа­ғидатымен, «мұқ­таждығы аз адам­дар кө­мекке зәру адамдарға тө­­лей­ді» қағидатымен бө­лі­неді жә­не осы ортақ жау­ап­кершілік қа­ғи­даты бар­лық сақтандырылған аза­мат­­тарға табыс пен төлем көлеміне қара­мас­тан, сапалы медициналық көмекке қол­же­тімділікті қамтамасыз ете­ді. Оның үстіне әрбір аз­а­­- маттың өзі емделетін ме­­дициналық жеке немесе мем­­лекеттік ұйымды таңдай алу­ына жағдайдың тууы да мә­селенің оң шешімін табу­ына үлкен көмек болмақ. Ау­руханалар мен емханалар пациент үшін бәсекеге тү­сіп, медициналық қызмет са­пасы мен дә­рігерлердің бі­ліктілігін көтеруге мүд­делі бо­лады.  Әрі денсаулық сақ­тау саласын қаржыландыру жар­­налық төлемдер есе­бі­нен өсіп, ме­ди­циналық кө­мектің ұлғайып келе жат­қан шығындарын өтеуге мүм­кіндік туады.  Әлеуметтік сақ­­тандыру қоры жоғары са­палы мер­дігерлерді таң­дай­тын болады. Ме­ди­ци­налық қыз­мет сапасы қор тарапынан күнделікті бақыланады. Қор ең үздік мердігерлер рейтингін анықтап, оны баспасөз бен порталдарда жариялап отырады. Жаңа жүйенің енуімен бірге жал­пы практика дә­рі­герлерінің саны­ 1,8 есе кө­бейіп, әр дәрігердің жүк­­темесін 1500 адамға төмен­де­туге мүм­кіндік береді (қа­зір бір жалпы практика дә­рі­ге­ріне 2140 адамнан келеді). Бұл кезекті азайтып, қа­был­дау мен науқастарды емдеу сапасын арт­тырмақ.   Сонымен бірге, ме­ди­циналық сақ­тандыру қоры тө­лемдерінің ұл­ғаюымен қа­тар, медициналық қыз­мет­тер көлемі артатын болады. Бұл – жаңа мердігерлерді тар­ту ар­қылы кезекті азай­туға мүмкіндік бе­ріп, қа­зақ­стан­дық­тар үшін көп артық­шы­лық­­тар туғызады.

Саида АРЫСПАЕВА, Республикалық қан орталығы директорының орынбасары