• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Маусым, 2017

Үндістан мен Пәкістан ресми түрде ШЫҰ-ға мүше болды

305 рет
көрсетілді

Елордада өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында Үндістан мен Пәкістан ресми түрде ШЫҰ-ға мүше болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорданың Тәуелсіздік сарайындағы ұйым саммиті барысында Мемлекет басшылары Үндістан мен Пәкістанды ШЫҰ-ға қабылдау процесін аяқтау және мүше мәртебесін беру туралы тарихи келісімге қол қойды.

Айта кетерлігі, қол қою рәсіміне Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди мен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Мухамад Наваз Шариф қатысты.