Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде таңертең және күндіз 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ болуы ықтимал.
Павлодар облысында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с артады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінді желге шаңды дауыл қосылады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі күтіледі.