• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2017

Болашақтың мамандықтары

721 рет
көрсетілді

Білім – шамшырақ. Алдағы жол андыздап көрінеді. Сүрінбейсіз, жортақтауыңыз, желе жортуыңыз, бауырыңызды кең жазған шабысыңыз жиған білімге байла­ныс­ты. Білім – ырыстың тіз­гіні. Ырысты тал бесіктен жер бе­сік­ке дейін іздейтін уақыт туды. Өй­т­кені, білгірге ділгірлік бар. Тес­тілеу қортындысы бойынша жо­­ға­ры оқу орындарына құжат тап­сы­ратын талапкердің өмірлік мақ­­сат-мұратын айқындауы – ел болашағына қосар үлесін ай­қын­да­уы. Сондықтан мамандық таң­дау­ға бейжай қарауға болмайды.

2000 жылдары әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дің журналистика фа­ку­ль­тетінде алғаш рет PR (паблик ри­лейшнз) мамандығы ашылғанда көп­шілік оның қандай мамандық еке­нін жете түсінбейтін. Бүгінде ком­мерциялық ұйымдар ғана емес, мем­ле­кеттік құрылымдар да қоғаммен байланыс бөлімінсіз жұмысын жолға қоя алмайтын дәрежеге жетті. Тіпті, бұл сала түрленіп келеді десе болғандай. Осы күні осыған сабақтас ИТ-евенгелист мамандарына үлкен сұраныс бар. Ол нарықта тауарды өткізуге арналған аудитория қалыптастырады. Кәсіби евенгелистерді жекелеген компаниялар өз технологиясы мен өнімін өткізу үшін жалдауы немесе сатып алған есімін пайдалануы мүмкін. Евенгелист деген діни лексиканың өзі белгілі мақ­сат­қа негізделген ақпаратты тарату мен жақтастар жинау дегенге жақын. Жал­пы, болашақтың мамандықтары қан­дай болмақ? Талапкерлер буы­ны­ның баршасын осы сауал ойлантуы тиіс. Бүгінде виртуальды әлемнің сәу­­лет­шілері, нейроинтерфейстердің жоба­лаушылары, эмоция дизайнерлері еңбек нарығын түбегейлі өзгертетіні бел­гілі болды. Сарапшылар қазірдің өзін­де көптеген мамандықтарды «зей­нетке» шығарып жатыр. Олардың ара­сында есепші, call-center операто­ры, такси жүргізушісі, аудармашы си­яқты мамандықтар бар. Бұл мін­дет­тер­дің барлығын болашақта компьютер, автоматтандырылған жүйелер ат­қар­мақ. Болашақтың еншісіндегі бір ма­ман­дық – ғарыш жолының инженері. Ол Жерге жақын көлік жүйесі мен көлік тас­қыны дәлізіне қызмет көрсететін болады. Мәселен, орбитаға арналған рейстер мен құрлықаралық тасымалд­ы баллистикалық ракеталардың тра­ек­ториясы арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ баланың бо­лашақтағы мінез-құлқын, яғни, ке­лешек кейпін жоспарлайтын сарап­шы­лардың қызметі қызады деген бол­жам бар. Әлбетте, келешектегі ең қажетті мамандар IT саласы мен ро­бот техникасының білгірлері бол­мақ. Себебі, технологиямен жұмыс бар­лық саланың қызметіне әсер етеді. Ай­талық, дәрігерлер болғанымен ем­деу сипаты өзгереді, фермерлер жұмысын жалғастырғанымен, өсім­дікті өсіру технологиясына өз­ге­ріс­- ­т­ер енеді. Мәселен, сити-фермер қала ішінде, зәулім ғимараттар тө­бесінде оты­рып-ақ агрокешенді шаруа­шы­лық­тарды дамытуы ықтимал. Тірі ағза сәулетшісі микроағзалар мен генетикалық түрленуге ұшыраған ағзалардың қатысуымен жабық цикл­ді технологиялар құра бастайды. Бұл арқылы қалалық ферма құру, қо­қыс­ты қайта өңдеу, биореактор қуа­тын арттыру жобалары жүзеге асы­рылады. Сәулетшілерге байланыс­ты құрылыс технологиялары да түбегейлі өзгереді. Яғни, болашақта адам­дар осы қызметтің баршасын роботтарға жүктейді немесе басқа да баламаларына беруге мәжбүр болады. Тіпті, гуманитарлық мамандық иелері де жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл саладағы ең ізгі саналатын педагогика мамандарының қызметі үлкен цифрлық базаға топтастырылып, компьютермен сарапталып отырады. Ал мұғалім баланың басынан сипап, ұйқысының қанған-қан­ба­ғанын сұрайтын адами қарым-қа­тынас факторын сақтау қызметін ғана атқаруы ықтимал. Десе де, гу­ма­нитарлық мамандар әрдайым адам­гершілік күзетінде. Осы бағыт одан әрі тереңдей түсуі, жаңа тұрпатта жаң­ғыруы мүмкін. Мәселен, өнер мен ғылымның байланысы бір елі ажы­раған емес. Тіпті, жаңа дүниелер сур­етшілерге жаңа техникаларды иге­руге немесе жаңа жанр ойлап та­бу­ға жәрдемдеседі. Соның ішінде таяуда science art термині пайда болды. Мұны ғылыми өнер деп те айта­ды. Яғни, ғалым мен суретшінің әріп­тес­тігінің нәтижесінде пайда болатын игі­лік болғандықтан, мұнда қылқалам ше­берінің құштарлығы ғана емес, ғы­лыми зертханалар мен зерттеу ор­та­лықтарының болуы да маңызды. Әлем­дегі көптеген университеттер сай­нс-артқа қолдау көрсетіп отырады. Бұл кеңінен қанат жайып келе жатқан әрі сұранысқа ие тың өнер. Әрине, таңдау – әркімнің жеке құ­қы. Кез-келген мамандықпен қо­ғамға қыз­мет етуге болады.