• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2017

Көшедегі күйсандық

335 рет
көрсетілді

Қарағандының қақ тө­рінде тұрған бұл фортепианоны өтіп бара жатқан кез келген адам ойнауына болады. Орталықтағы «Арбат» сауда үйінің алдына орнатылған ас­паптың аты – Мистер Мон­сте­рео. Оның «Instagram» же­­лі­­сінде жеке парақшасы да бар. 

Мистер Монстереоның иесі енді оның жаңа өмірі басталады деп қуанып отыр. 1974 жы­­лы жасалған фортепиано бірнеше ел мен қаланы асып, екі жыл бұрын Қара­ған­дыға көшкен екен. Иесі – Валентина Евстухова таяу күндері қоныс аудара­тын болғандықтан, «Play me, I’m yours» бүкіләлемдік нау­қанын қолдап, аспапты кө­шеге шығарып, ел игілігіне жаратуға бел буған. Оның ескі бояуын қырып, жау­ын-шашынға төзімді ашық-сар­ғыш түсті ерекше бояумен әрлеген.  – Аспапты өзіммен алып жүргім келмейді, ал оны қал­дыратын ешкім жоқ, таныстарым ойнай да алмайды. Сон­дықтан, сатуды не бі­реуге сыйлауды ойладық. Кейін анамның есіне түрлі елдерде музыкалық аспаптарды әрбір адам ойнай алу үшін қала көшелерінде орнатылатындығы түсті. Одан соң мен ғаламтордан «Play me, I’m yours» деген атаумен жалпы қозғалыс бар екенін білдім. Осы қоз­ғалыстың сайтына кіріп, осы акцияны қол­даған қа­лалар мен елдер бел­гі­ленген әлем картасын көрдім. Олардың қатарында АҚШ, Еуропа елдері, Жа­пония, Қытай бар екен. Мен жоба авторларына хат жаздым, олардың сөзін­ше осы картаға ену үшін қала бойынша кем дегенде 10 фортепиано орнатылуы тиіс. Өкінішке қарай, біз бұл қоз­ғалыстың қатысушысы атана алмадық, – дейді Вален­тина Евстухова.  Осыдан кейін ол өз идея­сы туралы достарына айт­қан. Құрбысы аспапты бояп, безендіруге көмектессе, жи­һаз фирмасы Мистер Монстереода ойнайтын азаматтар үшін орындықты дайындаған. Сәулетші досы фортепианоны «Арбат» сауда үйінің алаңына орналастыру үшін компьютерлік жоба жасаған.  Музыкаға жас­тайы­нан әуес жан аспап­тың тағдырына осынша алаң­­дағандығы бізді қат­ты толқытты. – Біреулер бізді аспапты қалпына кел­тіру­шілер деп ойлайды, екі әйел өз фортепианоларын ақыға жөндеп беруімізді сұ­­ра­ды. Біз баршаға жоба­ның коммерциялық емес, жан дүние үшін жасалып отыр­­­ғандығын айтып тү­сін­діреміз. Қала тұрғын­дары қы­зығушылық танытуда, – дейді Валентина. Мистер Монстерео жаз соңына дейін тұрады деп жоспарлануда. Қыста ол ғи­маратқа кіргізіледі. Аспап жақсы күйде сақталса, күн жылынған соң қайта аулаға шығарылып, кез келген адам онда қайта ойнай алады.

Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы