• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Шілде, 2017

Татарстандағы ірі жол апатынан 10 адам қаза тапты

122 рет
көрсетілді

Татарстанда Заинск қаласына жақын маңда «КамАЗ» көлігі мен автобустың соқтығысып он адам мерт қаза болды. Бұл туралы өңірдің ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар саны – 10 адам. Шұғыл тергеу-іздестіру тобы жұмыс істеуде»,-деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Бақилық болғандар арасында екі бала бар.

В Заинск ауданында төтенше жағдай режімі енгізілді. Апат орнына Татарстан премьер-министрі Алексей Песошин мен өңірдің ІІМ Рафис Хабибуллин ұшып жетті.