• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Қаржы 19 Қаңтар, 2017

Бес банк білім алуға несие береді

4135 рет
көрсетілді

2016 жылы елдің жоғарғы оқу орындарында 477,1 мың студент білім алса, соның 336,8 мыңы (70,6%) ақылы оқыған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 6,5% артық, деп жазады finprom.kz.

Өткен жылдары ақылы оқитын студенттер саны жалпы студенттер санымен бірге азайған. Оған елдегі демографиялық жағдай себеп. Яғни, 19-24 жас аралығындағы жастардың саны алдыңғы жылдары аз болағын анық.

Ақылы оқыған студенттердің тек 1 пайызы ғана компаниялар есебінен білім алған. Қалғандары өздері төлеген.

Ақылы білім алатындардың басым көпшілігі (29%) білім беру саласында болса, 19,8%-ы әлеуметтік ғылымдар, экономика мен бизнес, ал 16,7%-ы техникалық мамандықтар, тағы 14,1%-ы заңгерлік.

Ал грант бойынша білім алғандардың көпшілігі 37,7%-ы техникалық салалар, 20,5%-ы денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, тағы 17,5%-ы білім беру саласына тиесілі.

Грантқа түсе алмаған студенттер ҚР БҒМ-нің "Қаржы орталығы" АҚ кепілдігімен мемлекеттік білім беру несиесін кепілдендіру бағдарламасы бойынша несие рәсімдей алады. Оған оқудың барлық формасы бойынша несие рәсімделеді.

Білім беру несиесін елдегі бес банк: Сбербанк, Нұрбанк, Халық банкі, Forte және Tengri банктері ұсынады. Дегенмен, қазір Халық банк бұл қызметті уақытша тоқтатса, ForteBank тиек Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-мен ғана жұмыс істейді.

Сбербанктің несиесін жабуға берілетін максималды мерзімі 144 ай, қалған банктердікі 120 ай.

Бұлардың үшеуі максималды қаржы көлемін атады. Tengri Bank 6 млн теңгеге дейін несие берсе, Нұрбанк 5 млн теңге, ал ForteBank 3 млн теңгеге дейін несие ұсынады. Сбербанк болса, оқудың 100 пайызын төлеуге келіседі. Ал Халық банк тек оқу ақысының 70 пайызын көтереді.

Сбербанктің максималды тиімді үстемесі 19,5%, ал нарықтағы орташа үстемеақы от 24,4%.