• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қараша, 2017

Қазақстандық модель еврейлерді де қызықтырады

900 рет
көрсетілді

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төр­аға­сының орынбаса­ры – Хатшылық меңгеру­шісі Дархан Мың­бай Еуразияның еврей қауым­­дарын қолдауға ба­ғыт­­талған ұлттық коали­ция­ның атқарушы директоры Марк Левинмен кездесті. 

Өзара түсіністік жағдайында өткен кездесу барысында Қазақ­стан мен еврей қауымдары арасында қоғамдық келісімді қамтама­сыз ету, этносаралық қатынас­тар сал­асындағы саясатты іске асыру, қоғамдық келісімді нығай­туға бағытталған іс-шаралар­ды бірле­сіп ұйымдастыру мәселе­лері сөз болды.  

ҚХА Төрағасының орынбасары меймандарды Ассамблея­ның құрылымы туралы әңгімелеп, оның конституция­лық мәртебесі бар орган ретінде саналатынынан да хабардар етті. Оның атап өтуін­ше, 2008 жылы «Қазақ­стан халқы Ассамблеясы тура­лы» заң қабылдан­ды. Сондай-ақ Ас­самблеяның ғылыми-сарап­та­ма­лық кеңесі және еліміздің жоға­ры оқу орындарында 33 ҚХА кафедралары жұмыс істейді. «Бүгін­де 1338 этномәдени бірлестік қызмет етіп келеді, олардың 29-ы рес­публикалық деңгей­дегі бірлес­тіктер, – деді Д.Мыңбай. – «Дос­тық» үйлері және ұлттық театрлар да жұмыс істеуде. Оның үшеуі академиялық театрлар. Осы­ның барлығы Пре­зи­дентіміз Н.Ә.Назарбаевтың этно­с­аралық және конфессияаралық ынтымақ пен татулыққа ерекше көңіл бөлетінін білдіреді».

М.Левин алдымен өзі жетек­шілік ететін құрылымның қыз­метімен таныс­тырды. Оның айтуынша, бұл ұлттық коалиция КСРО тарағаннан соң өз тәуел­сіздігін алған елдерде және Шығыс Еуропа мемлекеттерінде тұра­тын еврей қауымдарына қолдау көрсетумен ай­налысады. Бүгінде олардың көпшілігі­­мен байланыс орнатқан. «Қазақстан­­дағы еврей қауымдары Президент, сон­дай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан нақты қолдауға ие болып отырғанын көріп отырмыз», деді М.Левин.

 

 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»