• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қараша, 2017

Емделуші құлықсыз ба, дәрігер біліксіз бе?

1264 рет
көрсетілді

Дүние жүзінде медицина қызметкерлерінің қателігінен әр оныншы емделуші зардап шегеді екен. Тіпті дәрігерлердің немқұрайлылығынан пациенттердің қайтыс болу жағдайлары ЖИТС, туберкулез секілді қауіпті жұқпалардан өлім-жітім көрсеткішімен қатар 14-ші орында тұр. 

Әлбетте, мәселенің басты себебі – денсаулық сақтау ұйымдарының сапасында екені мәлім. Сондықтан сарапшылар барлық аурухана мен клиникалар халықаралық стандартқа сай аккредиттеуден өтіп, проб­леманы шешуді қарапайым санитарлық талаптардан бастауды ұсынып отыр. 

Денсаулық сақтау министр­лігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ұйымдастырған «Медициналық қызметтердің сапасы, пациент­тердің қауіпсіздігі және аккредиттеу» тақырыбында өткен алқа­лы жиында Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының ар­найы өкілі, доктор Агнес Лео­тсакос әлемде әрбір оныншы па­циентке медициналық қателік жасалатынын айта келіп, мұның басты себебі дәрігерлер немесе медбикелер қарапайым тазалық ережелерін сақтамайтынынан туындайтынын алға тартты. «Әсі­ресе аурухана- ішілік инфек­ция – күллі әлемде өзекті проб­лемаға айналып отыр. Мы­салы, ауруханаларға кө­бі­не шұ­ғыл медициналық көмек­ті қа­жет ететін науқастар жеткі­зі­ле­тіні белгілі. Солардың бір- а­зы­на күрделі оталар жасалып, дәрі­герлер ақ тер, көк тер болып, әлгі пациенттің жанын аман-есен алып қалады. Бі­рақ отаның сәтті өткенінен не пайда, ауруханада жаңағы пациент медбикенің са­лақ­­тығынан, қарапайым таза­лық ­ережесін сақтамағанынан инфекция жұқтырып, қайтыс болып жатады. Мұндай оқиғалар өте жиі кездеседі. Сондықтан медициналық ұйымдардың бар­лығы аккредиттеу талаптарынан өтіп, әлемдік стандартқа сай­ қыз­мет етуі керек», дейді аме­рикалық са­рапшы.

Жалпы, аккредиттеу мәселесі – әр денсаулық сақтау ұйымының еркіндегі шаруа. Бұл дегеніңіз әлем­дік стандартқа сай қызмет көр­­сетіп, пациенттердің қауіп­сіз­­­дігі мен барлық құқын сақ­тау де­­ген сөз. Денсаулық сақ­тау­ды да­­мыту республикалық орта­­лы­­ғының бас директоры Ай­­нұр Айып­ханованың айтуын­ша, елі­мізде Ұлттық аккредит­теу жүйе­сі 2010 жылдан бас­тап ен­гізіле бастаған. Бірақ қазақ­стан­дық медициналық ұйым­дардың 30-40 пайызы ғана бұл жүйеге қа­ты­суға ықылас біл­дірген. Оның пі­кірінше, аккредитациядан өту са­паның тиісті деңгейде еке­нін біл­діреді. Сондықтан емде­лу­ші­лер де құлықсыздық танытпай, аккре­дитациясы бар клиникалар­ды таңдауға көбірек ден қою ке­рек­тігін ескертеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда 7 клиника халықаралық стандартқа сай келетін америкалық JCI-сер­тификатын иеленіпті. Оның 6-уы – Астанада болса, біреуі – Алматыда. Олардың бәрі де – рес­­публикалық деңгейдегі ғы­лы­­ми орталықтар. «Ұлттық аккре­дит­теу жүйесінен өту­дің бас­ты артықшылығы – медици­на­лық қателіктерді болдырмау. Мыса­лы, бізде медицина тарапынан қандай да бір қателік кетсе, кінә­ні бір адамнан ғана іздейді. Сол дәрігерге немесе медбикеге жаза қолданылады, жұмыстан шы­ға­ры­лады, осымен іс бітеді. Алайда қа­телік түзелмейді, ке­ле­сі жолы та­ғы қайталанады. Сондықтан қа­те­лікті бір адамнан емес, бүкіл жүйеден іздеу керек, оны түзетуге күллі ұжым болып кірісу қажет», дейді А.Айып­ханова.

Халықаралық сарапшылар­дың пікірінше, медициналық қа­те­ліктерді түзетіп, пациент­тер­дің денсаулығын, құқын қор­ғау үшін қыруар қаржы шашудың қа­­­жеті жоқ. Денсаулық сақтау ұй­ым­дарының әрбір қызметкері ме­­ди­циналық қағидаттарды ес­кер­­­се жеткілікті. «Мысалы, біз­де хи­рург­тар қажетті заттарын тү­ген­деп жатпай, операцияны бас­тап кетеді. Ота барысында қай­шыны, басқа да құрылғысын ұмыт­қаны есіне түседі де оны алып келуге біреуді жұмсайды. Мұ­ның өзі пациентке инфекция жұқ­ты­рудың бір жолы. Халық­аралық стан­­дарт бойынша, хирург-дәрі­гер отаның алдында ке­ректі зат­та­рының тізімін оқып, оны ме­д­­бике түгендеуі керек. Барлығы дай­ын болғанда ғана операция бас­талуы қажет. Ұлттық аккредит­теу жүйесінен өткен ауруханалар қа­зір осындай қарапайым қа­ғи­дат­ты қатаң сақтайды», дейді А.Айыпханова.

Конференцияда Денсаулық сақ­тау министрлігі меди­цина­лық қызметтердің сапасын ба­қы­­лайтын кейбір функцияларын­ ­ал­дағы уақытта бірлескен са­рап­­­шылар комиссиясына­ бе­ре­тіні белгілі болды. Бұл ми­нис­тр­лікке де, басқаға да ба­ғын­­­байтын тәуелсіз комиссия бол­­мақ. Олар медициналық қыз­меттердің сапасын бақылап, пациенттердің құқын қорғауға күш салатын болады. Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық ке­ңе­сінің төрағасы Надежда Пе­тухо­ваның айтуынша, қазіргі таң­да Қазақстанның денсаулық сақ­тау саласын қаржыландыру жүйе­сінде өзгерістер енгізіліп, ме­ди­циналық сақтандыру қо­ры құрылды. Енді саланы қар­жы­лан­дыруға мемлекет қана емес, ел азаматтары да атсалысады. Қар­жысын төлеп отырғаннан кейін халыққа соған сай жоғары қыз­мет көрсетілуі тиіс. «Бұрын дәрі­г­ерлерге деген емхана мен­ ауру­ханалардың сапасына­ деген пациенттердің сенімі жоғары еді. Қазір біз осы сенімді жоғал­тып алдық. Енді соны кері қай­тарып алуымыз керек. Ол үшін дәрігерлеріміз білікті, емдеу меке­мелері талапқа сай болуы тиіс. Тәуелсіз бірлескен комис­сияның мақсаты да сол – сапаны жақсарту», дейді Н.Пету­хова.

Жалпы, медициналық ұйым­дарды аккредиттеу, сапаны бақы­лау деген ұғымдар еліміздің заң­дарында алғаш рет 2009 жылы, кейін 2015 жылы көрініс тапты. Енді министрліктің кейбір функцияларын бірлескен комиссияға беруге байланысты нормативтік құжаттарға тағы да өзгерістер енгізілмек.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»