Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.
Осы шешім туралы өз пікірімен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин бөлісті: «Бүгінгі шешім өте уақтылы және де бүкіл Қазақстан қоғамының дамуы үшін аса маңызды болып табылатыны сөзсіз. Ал саяси партиялардың сайлауға қатысуы туралы айтатын болсақ, әрбір саяси партия өзін шынымен де салмақты саяси ұйым деп санаса, кез келген уақытта сайлауға дайын болуы тиіс деп ойлаймыз. Біздің «Нұр Отан» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде, осы сайлауға тек қатысып қана қоймай, онда үлкен жеңіске жетеді деп сенім білдіреміз», деді ол.
«Егемен-ақпарат».