• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №63/118

315 рет
көрсетілді

Астана қаласы, 2011 жылғы 24 қараша

2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Конституциялық заңының 28-бабының 3, 4, 5-тармақтарына, 33-б­а­бының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­мис­сиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай нормативтері белгіленсін:

1) сайлау алдындағы бағдарламаны теледидар арқылы баяндау:

- облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депу­тат­тығына кандидаттар үшін – 135 000 (жүз отыз бес мың) теңге сомасында;

- қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін - 63 900 (алпыс үш мың тоғыз жүз) теңге сомасында;

2) бағдарламаны радио арқылы баяндау:

- облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін – 40 000 (қырық мың) теңге сомасында;

- қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін - 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында;

3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау:

- облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутат­тығына кандидаттар үшін – 70 200 (жетпіс мың екі жүз) теңге сомасында;

- қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін - 43 200 (қырық үш мың екі жүз) теңге сомасында;

4) сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайлар жалдау:

- облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутат­тығына кандидаттар үшін – 34 000 (отыз төрт мың) теңге сомасында;

- қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін - 17 000 (он жеті мың) теңге сомасында;

5) үгіттiк баспа материалдарын басып шығару:

- облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутат­тығына кандидаттар үшін – 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында;

- қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін - 10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көліктік шығыстар:

- облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутат­тығына кандидаттар үшін – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

- қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін - 25 000 (жиырма бес мың) теңге сомасында.

2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қау­л­ыны төмен тұрған сайлау комиссияларының және Қазақстан Респуб­ликасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін.

4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов,

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б. Мелдешов.