• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Наурыз, 2018

Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Оңайша Мандокимен кездесті

327 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері әйгілі қып­шақ­та­нушы, түркітанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің жары Оңайша Мандокимен кездесті.

Қоңыр Мандокидің тарих пен мәдениет саласындағы еңбектерін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сонау 1992 жылдың өзінде ерекше бағалап, оған қазақ-ма­жар қатынастарының алтын көпірін салушы ретінде құрмет біл­дірген. 

Ғалым Мажарстанның Ұлы Қып­шақ аймағына қарасты Қарсақ қа­ласында туып өскен. Атасы сол өңірді басқарып, әкесі мың­ғыр­тып жылқы айдаған байлар­дың бірі болған. Алайда Екін­ші дүниежүзілік соғыстан соң Кеңес одағының пәрменімен қу­да­ланып, бар малынан айырылған. Жа­сынан зерек Қоңыр есейе келе ауыл ақсақалдарының өзара әң­гі­меде түсініксіз сөздерді қолдана­тынын аңғарып, сұрастыра отырып қыпшақ тілі, атажұрты жайын­дағы ақиқатты біліп алады. Сол сәттен Қыпшақ даласына, тілі мен діліне қызығушылығы оян­­ған қаршадай баланың ізденісі бас­­талады. Сәті туып, қыстаққа жа­қын қоныс тепкен КСРО әске­ри бөлімдерінің бірінен қазақ жауын­гері­мен танысып, өзінің түп та­мыры Қыпшақ – Қазақ дала­сы­нан бастау алғандығын ұғы­нады. 

– Қазақстанда Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың баста­масы­мен қабылданған «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының өзі аса кө­ре­генділік, болашақтың қамы үшін жасалған игілікті іс деп са­наймын. Өткеннен сабақ алып, өшкенін жандыру ұлт бола­шағына алаңдаушылық деп біле­мін. Еуропаның ортасында орта ға­сыр­да үдере көшкен қыпшақ жұр­­ты сегіз ғасырда тілінен де, ділі­нен де, дінінен де айырылып тынды. Сол көмескі ізді жаң­ғыртуға талпынған Қоңыр қан­дастарының арасында қазақ тари­хы мен мәдениетін тынбас­тан дәріптеді, – дейді Оңайша Ман­доки.   

Будапешт университетінің фи­лология факультетіне оқуға түскен Қоңыр Мандоки жоғары білім ошағы қабырғасында жүріп түркітану саласына ден қойып, ежелгі мадияр тарихын зерделей бастайды. Араб филологиясы, моңғолтану мен қытай ілімдеріне қа­тысты әйгілі ғалымдардан дәріс алады. Әсіресе Еуропадағы түр­кі халықтарына қатысты этно­графиялық мәліметтер жинақтап, зерттеулерін толықтыра түседі. 

Алпысыншы жылдардың аяғына таяу Алматыға арнайы ке­ліп, сол сәттен бастап қа­зақ елі­мен байланысы нығая бас­та­ған. «Қып­шақ тілі – қазақ тілі» деп сұх­бат беруі де сол тереңдіктегі тебі­рен­ген ойлардың сарасы болса керек. 

Ғалым түркітілдес халық­тардың тарихын зерттей келе, отыздан аса тілді еркін меңгерген. Ғылыми-зерттеулері бүгінде түркі дүниесі үшін мол мұралардың қатарына қосылды.

Серік ӘБДІБЕК, «Егемен Қазақстан»