• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2018

Киелі мекендер түлеген жыл

974 рет
көрсетілді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланғанына тұп-тура бір жыл болды. Осы бір жыл ішінде қоғамда ерекше серпіліс орын алып, тарихи сана түбегейлі өзгеріске ұшырады.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

«Әрбір халықтың, әрбір өр­ке­ниеттің баршаға ортақ қасиетті жер­лері болады, оны сол халық­тың әрбір азаматы біледі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы даланың көз жеткізгісіз кең-бай­тақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақ­тап, аман алып шығатын сим­волдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы» – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы осы сөздер бүкіл қазақ қоғамына серпіліс әкелгені сөзсіз. Өйткені қазақ әу бастан киелі жерлерін қанша дәріптесе де, оған мемлекеттік дең­гей­де назар аударылып, бұлайша жү­йеге түскен емес еді. Міне аз уақыт­тың ішінде қазақ қоғамы дүр кө­тері­ліп, санада сілкініс жасалғандай, естен шығып елеусіз қала бастаған бабаның көзі – құнды жәдігердің шаңын сүртіп, көрнекі орынға қайта қойғандай әсерде болдық.

7+40

Батыс Қазақстан облысынан «Қазақстанның жалпыұлттық қа­сиетті нысандары» қатарына – 7 нысан, өңірлік киелі жерлер тізіміне 40 мекен енгізілді.

Батыс Қазақстан облысында ортаға­сыр­лық «Жайық» қалашығы, «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешені, Тақсай қорған кешені, күйші Дәулеткерей Шы­ғай­ұлының кесенесі, әулие Жұма­ғазы хазірет зиярат орны, ақын-ағартушы Ғұмар Қарашұлының жерленген жері, Жымпитыдағы Алашорда үйі енді. Бұдан бөлек өңірлік киелі нысандар тізіміне тағы 40 мекен енгізілген.

– «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында біздің өңірде арнайы комиссия құрылып, бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізілді. Өңірде киелі жерлердің географиясын жасақтау бір жерге тоғыстырылмаған. Әркім қо­лы­нан келгенше кітап шығарды, әр адам тұжырымын еш негізсіз айтып жүрді. Бір жүйе жоқ болатын. Осы мақсатта ғалым, өлке­та­нушылардың басын қосқан комиссия бекітіліп, нақты ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалды. Байқағанымыз, бізде тізімге ұсына алатын қасиетті нысандар жетерлік екен. Алайда барлығын ұсына берсек, шын мәніндегі кие­сі ашылмауы мүмкін. Зерттеу жұ­­мыс­тарына ескерткіштерді қор­ғау инс­пекциясы, облыстық му­зей, ау­дан­дағы қарапайым азамат­тар үлес қосты, – дейді Батыс Қа­зақ­стан об­лыс­тық мә­дениет, ар­хив­тер және құ­жаттама бас­­қар­масы­ның басшысы Қадыр­болат Мұса­ғалиев.

«Қазақстанның өңірлік қасиет­ті нысандарына» Оңтүстік Қазақ­стан облысы бойынша 52 нысан енген. Бұл ең жоғары көрсеткіш. Бұдан кейін Қарағанды облысы (43 нысан), Алматы облысы (41 ны­сан), Батыс Қазақстан облысы (40 нысан) тұр. Яғни Батыс Қазақ­стан облысы төртінші орында екен.

– Біз соңғы бес жылда өңірдегі арабша жазылған құлпытастарды зерттеумен айналысып келеміз. Осының нәтижесінде бірқатар танымал тарихи тұлғалардың зираты анықталып, өмір сүр­ген даталары нақтыланды. Олар­дың қатарында Кіші жүздің билеу­шілері – Айшуақ, Есім, Жантөре, Жәңгір хандар, Дәуқара батыр, Тайлақ Мәметайұлы, Науша батыр, Жетпіс палуан, Сүгір жырау, тағы басқалары бар. Бұлардың біразы киелі мекендер тізіміне енгізілді. Бұл тізім болашақта да толыға бермек, – дейді «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин.

Көп жұмыс енді басталады

Өткен жылы Тәуелсіздік мере­кесі күні – 16 желтоқсанда Орал қаласында «Рухани жаңғы­ру» музейі ашылды. Жал­пы, мұндай үлкен, маңызды мекемені ашу алдын ала жоспар­­ланып, қаржы бөліну арқылы жа­салады ғой. Бірақ бұл музей кәсіп­керлердің қолдауымен дү­ниеге келді. Облыс орталығында шығыс стилін­де салынған тарихи көне ғи­марат­қа жергілікті демеушілер аз уақыт ішінде күрделі жөндеу жү­р­гізді. Сөйтіп Алашорда тарихы, ұлт­тық баспасөз тарихы, өңірдегі киелі жерлер туралы 500-ден астам жәдігер қойылған тамаша музей пайда болды.

Музей ашылғалы бері бұл рухани орынды 4 600 адам арнайы келіп көрген екен, олардың 80%-ы жастар мен балалар.

– Биыл облыста «Ішкі туризм» рес­публикалық жобасы негізінде «Туристік бағыт» жобасын іске асыру­ға виртуалды турлар мен турис­тік бағыттар құру жоспарлануда. Со­нымен қатар демеушілермен бірл­есіп үздік студенттердің, пәндік олим­пиадалардың жеңімпаздарын, ата-анасының қамқорлығынсыз қал­ған, мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына арналған Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарының қасиетті орындарына туристік экспедиция ұйымдастыру жоспарланып отыр, – дейді Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев.

Киелі нысандарды анықтау бар да, оларды күту, халық назарына ұсынуға лайық келбетін сақтау мәселесі маңызды ғой. Мәселен Алаш қайраткері, ақын-ағартушы Ғұмар Қараштың зираты бұған дейін елеусіз, көзге қораш кейіпте еді. Жалпыұлттық нысандар тізіміне енген соң Жәнібек ауданының хал­қы, жергілікті кәсіпкерлер Алаш арысының басына кесене көтеру ісін қолға алды. Бүгінде осы жұмысқа қаржы жиналып жатыр. Сондай-ақ өңірдегі өзге де тарихи тұлғалар жатқан мекендерді қалпына келтіру жұмыстары өңіріміздегі ішкі туризмді дамытуға, тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар шетелден туристерді тартуға серпін береді.

– Биыл Орал қаласындағы орта­лық демалыс саябағында «Қасиетті Қазақстан» атты бабаларға арналған макет-қалашығын жасауды жоспарлап отырмыз. Ол жерде еліміздегі жалпыұлттық киелі нысандардың кішірейтілген макеті орнатылады. Сөйтіп келушілер бір жерден бір­тұтас Қазақстанның ең қасиет­ті мекендерімен танысып, көр­етін болады, – дейді Қадырболат Қаб­дір­ұлы. Сонымен қатар өңірде ғылы­­ми-зерттеу экспедицияларын ұйым­дас­тыру, инфрақұрылымды құру сияқты бірқатар шара жүзеге асырылмақ.

– Біз екі ұзақ мерзімді «Ашық аспан астындағы Жайық қалашығы музейі» мен «Бөкей ордасы тарихи музей кешенінің негізінде музей-қорық жасау» жобалары бойынша жұмыстанудамыз. Қазіргі таңда облыстық әкімдік пен демеушілердің бірлесуімен жобаның алғашқы кезеңін жүзеге асыру бас­талды. Бұдан бөлек, музей кешені ор­наласқан «Хан ордасы» ауылына 21 шақырымдық жол төсеп, ша­ғын авиацияға арналған ұшу-қону жолағын салуды жоспарладық, – деді басқарма басшысы.

«Рухани жаңғыру» бағдарлама­сының «Қазақстанның мәдени жетістіктері» негізгі бағыты негізінде «Ұлы дала мәдениеті», «Ақжайық елі – мәдениет маржаны», «Достық, бірлік, татулық», «Мәдени жайлау» сынды қазақ мәдениетін таныту жобасы бойынша кітаптар мен музей­лер көрмелері, орыс киносының апталығы, Ресей Федерациясының Саратов, Волгоград және Оренбург облыстарының шекаралас аудандарында қойылымдар мен концерттер көрсетілмек.

«Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз» деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Барымызды бағалап, киемізді аялап, көкіректе сақтай білсек, біздің еңсеміз әрдайым биік болары анық. Бүкіл отандастары сияқты, батысқазақстандықтар да мұны айқын ұғып отыр. «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі жетекшілерінің айтуынша, биыл Ақ Жайық өңірінде меценаттардың көмегімен жалпы құны 1 млрд 513 млн теңге құрайтын 247 жоба жүзеге асырылады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы